408
Аллаһ Елшісін жерлеу
Хазіреті Мұхаммедті (с.а.у.) жерлеу мәселесінде де сахаба әр қилы
ойларын ортаға салды. Біреулер Меккеге - атамекеннің топырағын бұйырту
керек десе, екіншілері Мәдинаның Бақи зираты дұрыс деді. Кейбіреулер
пайғамбар мешітінің ішінен мәңгілік мекен айырғанды мақұл көрді.
Бұл жолы да тығырықтан шығарған Хазіреті Әбу Бәкір болды.
"Мен РасулАлланың өз аузынан естігенім бойынша "Аллаһ әрбір
пайғамбардың рухын сол пайғамбардың жерленгісі келетін орнында алады" -
деген-ді.
Расулаллаһты өзінің ақтық демін алған жеріне - төсегі тұсына көму
ләзім", - деді ол.
Сахаба Хазіреті Әбу Бәкірді қуана құптады. Сөйтіп, Айшаның ақ
отауында Хазіреті РасулАлланың жан тәсілім болған төсегінің астынан лақат
- көр қазылды. Пайғамбарымыз сонда жерленді.
Пайғамбарымызды жерлеуге дайындап
жатқан тұста Хазіреті Біләл
әуезді әуеніне салып, барынша нәшіне келтіріп азан оқыды. "Әшһәду әннә
Мухаммадур-Расулуллаһ" деген даусы азалы халықты еріксіз елітті.
Пайғамбар мешітін иін тіресе толтырған мәдиналықтар көз жасын тыя алмай,
егілді.
Осы - Хазіреті Біләл Хабашидің соңғы азаны болды. Мұнан соң
Хазіреті Біләл азан оқымаған. Сол күні Пайғамбарымыздың мүбәрак денесі
жер қойнауына - мәңгілік құтты мекеніне берілді.
Адамзаттың асыл тәжі іспетті, тендессіз тұлғаның ғибратқа толы
ғұмырын қолдан келгенше баяндауға тырыстым. Соңғы нүктесін
қояр тұста
айтарым:
Он сегіз мың ғаламның иесі - Раббымыз! Өзіңнің сүйіктің - Хазіреті
Мұхаммедке (с.а.у.) және оның жақын-жуықтарына, асхабына ізгілігіңді
және сәлеміңді жаудыр! Пайғамбардың жолымен жүріп, сүннетін
ұстанғандарды бәледен, жаладан, апаттан сақта, мұқтаждықтарымыздың
өтелуіне жәрдемдесіп, жамандық атаулыдан сақта.
Сенің назарындағы
жоғары мәртебені мұсылман баласына нәсіп ет, мына өмірде және ақыретте
қайыр-ізгілік бер. Елімізге тыныштық, жерімізге бейбітшілік, халқымызға
бақыт нәсіп еткейсің. Жасаған тағат-ғибадаттарымыз
бен тілеген бата-
тілектерімізді
қабыл
ет,
уа,
дұға-тілекті
жауапсыз
қалдырмайтын
Жаратушымыз! Барлық мақтауға күллі әлемнің Раббы Аллаһ қана лайық.
Аллаһым! Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.а.у.) және оның отбасына
күн мен түн ауысқан сайын, уақыт - сынап сырғыған сайын, Шолпан жұлдыз
туып, таң ағарған сайын салауат жаудыр! Оның (с.а.у.) және пәк
шежіресіндегілердің рухына бізден сәлем мен рухани сый ұластыр! Оны
(с.а.у.) және бізді махшар мен бақилық өмір басталғанға дейін рахмет пен
берекетіңе бөлегейсің. Осы салауатты айтқан сайын бізді, құлдарыңды
кешіріп,
біліп-білмей
жасаған
жаңсақтықтарымызды
ғафу
етіп,
ырзығымызды молайта түс.
Аллаһым!
Сенің нұрларынңың дәриясы, сырларынңың қайнар көзі,
кешіріміңнің бұлағы, тура бағытыңның бағдаршамы, жаратылған әлемнің
409
күні, мақлұқаттың ішіндегі ең қайырлысы, жаратылыстағылардың ең
сүйкімдісі, құлың, сүйіктің
әрі елшің, нәбилер мен расулдардың ең
ақырғысы, барша адамзаттың шапағатшысы Мұхаммедке (с.а.у.), өзге
нәбилер мен расулдарға, оның барлық жақындарына, отбасы мен асхабына,
көктегі және жердегі салих құлдарыңа мейіріміңді төк. Олардың бәріне және
де бізге разы бол.
Өзіңнің сүйікті құлың, әрі пайғамбарың Мұхаммедтің (с.а.у.)
шапағатын бізге, қал-қадарымызша нағыз үммет болуды үміт етіп
имандылыққа ұмтылғандарға нәсіп ет!
Әмин.
Әлхамдулилләһи Раббил әламин.