Бұл жаттығуда сізге өзіңіздің аудиторияңыздың еденіне бекітетін лента
қажет болады. Қатысушылардың саны тең болатындай, лентаның екі жағына
орналастыру керек.
Оқытушы сабақ өтілген тақырып бойынша қарапайым сөйлемнен бастап,
мазмұны ауқымды сөйлемдер айтады. Мысалы: “Маған Қожа ұнайды, себебі...”,
т.с.с. Егер қатысушы айтылған
пікірмен келісетін болса, сызықтың жанына
келуі қажет, келіспесе, орнында тұра береді.
Фоdоs)тоdоs)лар
Әр студентке тақырыпқа қатысты бір
адамның не оқиғаның суретін
беріп, оның өмірін қысқаша түрде сипаттап беруі тапсырылады. Жұмыс
аяқталғаннан кейін суреттер тақтаға ілінеді. Студенттер кезекпен мәтінді
оқығанда, басқалары әңгіменің қай адам немесе
оқиға туралы болғаннын
анықтайды.
Он сұрақ
Оқытушы бір студентті таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз
жазылған стикерді жапсырады – қатысушы топқа 10 сұрақ қоя алады, оған
жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі. Сосын ол қандай сөз екенін табады.
Эйфель мұнарасы
Студенттерге сабақтарда үлкен жетістіктерге жетуде көмек көрсету үшін
оқыту мақсаттарының құндылықтарын түсінуге, оқытудың нәтижелеріне және
деңгейлік баспалдақтарына қол жеткізу мақсатында жүргізілетін оқу
жаттығулары.
Нұсқаулық: - Ұжымды шағын топқа бөлу және әр топқа газет, скотч және
слайдтардың біреуін ұсыну.
- Өз мұнарасын құрастыруға 45 минут беру және одан кейін әр топта бар
ақпаратты ұжыммен бөлісу үшін
слайдтарды пайдалана отырып, кері
байланысты жүзеге асыру.
Достарыңызбен бөлісу: