Алғаш рет рефлексия туралы ұғымды Дж. Локк енгізген. Оның
құрылымдап берген тұжырымы бойынша адамның басында басқа кішкентай
адам отырады да, ол үлкен адамның әрекет, қылықтарын бақылап, барлығын
тізіп белгілеп береді. Осы кішкентай адамның қадағалауына «рефлексия» деген
ұғым берген. Дж. Локктің концептуальді
сызбасындағы кішкене адамның
әрекеті қандай деген заңды сұрақ туындайды. Оның атқаратын қызметі де
үлкен адамдікіндей: тіркейді, салыстырады,
айырмашылығын тауып,
қорытынды шығарады, барлығын белгі түрінде көрсетіп отырады. Ал
айырмашылығы: үлкен адам істейді, кішкенесі бақылайды. Дж. Локктің пікірін
жоғары бағалаған И. Кант рефлексия діңгегі салыстыру әрекеті деп санаған.
Сондықтан ол жалпы ойлану тетігі ретінде қарастырылады.
Адам өзінің (немесе өзгенің) санасына, ойлауына және мінез-құлқына, қол
жеткізген біліміне, істеген қылықтарына назар аударып, ой
елегінен өткізіп
отыруы тиіс. Осылай әрекетті саралап, оның сәтті, сәтсіз шыққан тұстарын
талдау, келешекке жоспар құруда ескерілуі қажет. Қазіргі таңда ол ғылымда
«рефлексия» деген ұғыммен беріліп жүр. Рефлексия - адамның өз ойын, сезімі
мен уәждерін ұғынуы, талдауы. Ой, сөз,
қиял сияқты саналы қызметтің
барлығы да рефлексивті ойлау бола алады. Бірақ оның барлығына сын
тұрғысынан қарап, «мен неге бұлай ойлаймын?», «мен неге бұлай
қиялдаймын?» деген сияқты сұрақ қойып отыратын болса ғана.
Психологияда және тұрмыстағы мағынасына қарайтын болсақ, рефлексия
адамның өзіндік талдауы, өз жағдайына, қылықтарына, өткен оқиғаларға көз
жүгіртуі. Оның барлығы адамның даму деңгейінен: білімділігі, моральдік сезімі
мен өзін-өзі бақылау дәрежесіне байланысты. Рефлексия арқылы адам өзіне
өзінің ойлау деңгейінен ғана емес, өзгенің көзқарасы арқылы да қарауы тиіс,
яғни маған айналамдағылар қандай баға беруі мүмкін немесе мен өз ортамда
қандай деңгейде тұрмын деп ойлануы да жатады. Рефлексия әрекетті қолдап,
оны бекітіп отырады. Жалпы,
әрекетсіз рефлексия, рефлексиясыз әрекет
болмайды Рефлексия:
-
өткенге назар аудару;
-
ішкі жағдай туралы ойлану;
-
өзін-өзі тану;
-
өзіндік талдау.
Педагог пікірі бойынша: рефлексия – бұл студенттің өз қызметін бағалауы.
Студенттің өз еңбегін бағалай және оны басқалардікімен салыстыра білуге
үйренуі өте маңызды. Өзіне-өзі талдау жасай
білу студенттің өз қабілетін
анықтауға және келешекте танымның қай саласын таңдау керектінгіне
көмектеседі.
120
Ал рефлексия жасап отырған педагог баланың ішкі жағдайын тани және
оған дер кезінде көмек бере алады.
Рефлексия әр қырынан қарастырылып, бірнеше жіктемесі беріліп жүр.
Жіктеменің бір түрі:
-
көңіл-күй және эмоциялық жағдай рефлексиясы;
-
іс-әрекет рефлексиясы;
-
оқу материалы мазмұнының рефлексиясы
Достарыңызбен бөлісу: