10
Шығармашылық диктант
1. ... тиімді пайдалану қажет. 2. Анам ... киім дүкеніне
бардық.
3. Киім ... мен сатушының көмегіне жүгінемін.
4.
Көйлекті
... мен ... – тігіншінің сүйікті ісі.
Керекті сөздер: екеуіміз, тігу, таңдауда, уақытты, пішу.
• Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жаздыру.
• У-дың дауысты, дауыссыз екенін дәлелдеу.
***
Шуақ – қуыршақ – ...
• Келесі сөз алдыңғы сөздің соңғы дыбысынан бастала-
тын, құрамында у дыбысы бар сөздер тапқызу.
И, й әріптерінің жазылуы
Сөздік диктант
Киім, тақия, кимешек, аяқкиім, көйлек, ине, жиек.
•
Сөздердің мағынасын түсіндіру.
***
Сый, сыйлық, тый, тыйым, сыйды.
•
Сөздердің мағынасын түсіндіру.
Көру диктанты
Тиіскенді түйреген,
Киімі бар инеден.
• Дауысты и-дің астын – бір, дауыссыз й-дің астын екі
рет сыздыру.
11
Өздік диктант
Сыйға – сый
Ара тынбайды,
Ұшып, зырлайды.
Шарлап қырларды,
Шырын жинайды.
Гүлдер өсірсең,
Балын сыйлайды.
Мұзафар Әлімбай
Шығармашылық диктант
1. Анам туған күніме әдемі сырға с...лады. 2. Мақта қыз
кішкентай а...на тауып алды. 3. Мұрат домбыраға т...ек жаса
ды. 4. Атасы Қанатқа жаман сөз айтуға т...ым салды.
• Көп нүктенің орнына и мен ый-дың тиістісін қойып
жаздыру.
***
Аңшының қиялы
Ертеде бір аңшы аң аулап жүріп, бұтаның арасынан
қоянды көріпті. Аңшы ыңғайланып тасада отырады. Кенеттен
қоянды көріп, мылтығын кезейді. Қоянды атпай тұрып қиялға
беріледі...
•
Мәтінді әрі қарай жалғастырту.
Терме диктант
Әшекей бұйымдар
Ертеректе зергерлер қыздарға арналған түрлі
әшекей
бұйымдар жасаған. Қыздар алқа, сырға, шолпы, түйреуіш,
белдіктер таққан. Құлаққа тағатын сырға ең сүйікті әшекейдің
бірі болған. Сырғаны туғаннан бастап, қартайғанға дейін таққан.
• й әрпі бар сөздерді теріп жаздыру.
12
Я әрпінің жазылуы
Сөздік диктант
Аяқ, пияз, бояу, зиян, ұят, желмая.
• Сөздердің мағынасын түсіндіру.
Терме диктант
Менің інім – Бақтияр,
Болса өзінде ықтияр,
Қызыл
қарбыз тұрғанда,
Жемес еді көк қияр.
Қадыр Мырза Әли
• Я әрпі бар сөздерді теріп жаздыру.
Өздік диктант
Қияр
Қияр – адам денсаулығына пайдалы көгөнiс. Оның қабығын
көзді күтуге, бет терісін жасартуға пайдаланады. Қияр шыры
ны тыныс алу мүшелерінің жұмысын жақсартады. Күніне бір
жас қияр жеген адамның есте сақтау қабілеті артады.
Шығармашылық диктант
Сеземін
Бақтиярдың шашынан
(Ненің?) иісін сеземін.
Саусақтары
басынан
(Ненің?) иісін сеземін.
Мұзафар Әлімбай
• Сұрақтың жауабын тапқызу.
13
***
Балалар саяхатқа шыққан. Олар табиғат аясында бояумен
сурет салмақ болды. Осы кезде Жәния қоянды көріп қалды. Қоян
қорқып, қаша жөнелді. Оны балалар да көріп, мәз болып шулады.
• Сөйлемдердің орнын алмастыру арқылы мәтін құрату.
Достарыңызбен бөлісу: