385
ғылыми қосымшалар
Ахмерұлы Қабыкей /1924/—музыкалық
фольклор жинау-
шы белгілі маман. Баян-өлгий аймағындағы Бұлғын сұмы-
нының Сөңкіл деген жерінде туған. 1975 жылы өлгийде
қазақ тың ұлт аспаптар оркестрін
ұйымдастырушы қызметін
атқарған, МХр-дың еңбек сіңірген артисі.
Қабыкейдің өскен ортасына ән мен күй дарыған. Әкесі Ах-
мер, ағасы Қызыл, әпкесі Жұқа өнерпаз адамдар болған. Қабы-
кейді ән-күйге баулыған. Сол ортадағы Н.Қытайбай, Ж.Қасихан
домбырашылар, М.ыбырай сыбызғышы Қабыкейге халықтың
ұшан-теңіз күй өнерін үйреткен.
Қабыкей 1958-1959
жылдары Қазақстанда болып, Тілендиев
Нұрғиса, оспанов Тұрғыт, Қажығалиев Шамғон, Есқалиев
Әзидолла сияқты белгілі композиторлардан, музыка маманда-
рынан, домбырашылардан тәлім алады.
Қабыкейдің халқымыздың ән-күйін жинап, нотаға түсіріп,
жариялауда сіңірген еңбегі зор. ол
жинаған ұшан-теңіз музы-
калық мұралар «Монғолия қазақтарының халық әндері»
/1965/, «Ән» /1927/, «Баян-өлгий қазақтарының домбыра жә-
не сыбызғы күйлері» /1976/, «Қазақ әндері» /1984/ деп атала-
тын кітаптарда жарияланды.
Қабыкейдің өзі шығарған ән-күйлері де
ел арасына жақсы
таныс.
Әбіқаев Ахметжан /1903-1986/—Торғай өңірінің белгілі
халық ақыны, жезтаңдай әнші, дәулескер күйші. Торғай об-
лысы,
Жангелдин ауданы, «Шилі» совхозында дүниеге кел-
ген. Әкесі Әбікай да төңірегіне ақындығымен танылған. Ах-
метжан белгілі халық ақыны Ахметбеков Нұрқан сияқты ел
ішінің шежіре-сырына жүйрік адамдармен дәмдес, дос болған.
иісі қазақтың шежіре сөзі мен өнегелі әңгімесін Ахметжан
мейлінше
мол білген, ғалым-зерттеушілеріміз бен ақын-жазу-
шы ларымызға көп дерек берген.
1937 жылы Алматыда өткен көркемөнерпаздардың рес пуб-
ликалық байқауында Дина
Нұрпейісова бірінші орынға, Ахмет-
жан екінші орынға ие болды.
Достарыңызбен бөлісу: