386
387
ғылыми қосымшалар
серілік құрған. Балуан Шолақтың «Ғалия» әні арналатын ару
Ғалияның қолынан қымыз ішкен.
Жастық желікпен барымта-
сырымта жасап, Сібірге жер ауған.
Кеңес заманында Ілияс өз бойындағы күйшілік, әншілік,
жыршылық қасиеттерін жарқырата көрсетті. 1934 жылы өт-
кен халық дарындарының Бүкілқазақстандық
байқауында
Әубәкіров Ілияс күй тартуда екінші орынды жеңіп алды.
Ілиястың репертуарында «орақ зары» сияқты халық күйі,
Абылай ханның «Садақ қақпай» деп аталатын күйі болған. Со-
нымен бірге өз жанынан «Толқыма» деген күй де шығарған.
Әшімов Шәміртаза /1908-?/—белгілі домбырашы. Жез-
қаз ған облысының Балқаш қаласында туылған.
Жеті атасы-
нан бері қарай әншілік, күйшілік дәстүрі үзілмей
келе жатқан
әулеттің ұрпағы. Домбыра тартуды ағасы Шыраттан үйренген.
1935 жылы М.Калининнің Қазақстанға келуіне байланыс-
ты қойылған салтанатты концертке А.Жұбановтың шақыруы
бойынша
Шәміртаза да қатысып, толымды өнері үшін бағалы
сыйлық пен мақтау грамотасын алған.
Әшімов Шәміртаза халық күйлерін нәшіне келтіріп тарту-
мен бірге, өз жанынан ән-күй де шығарады. оның «Жас дәурен»
әнін өз төңірегі қызыға айтады.
Достарыңызбен бөлісу: