«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



Pdf көрінісі
бет244/270
Дата22.04.2023
өлшемі1.63 Mb.
#472577
түріБағдарламасы
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   270
8afa34252265722d01b4a137000ac038

Битенов Мұхит /1912-1983/—домбырашы. орал облы сы-
ның Жәнібек ауданындағы Қамысты аулында туды. Домбы ра-
ны бала кезінен тартқан. оның домбырашылық өнерінің шың-
далуына туысқаны—дарынды күйші Дүйсенғалидың ықпалы 
көп болды. 
Мұхит 1941 жылы ұлы отан соғысына аттанып, 1945 жылы 
оралғанда үш баласының бірдей қайтыс болғанын естіп, қатты 
қайғырып «үш балам» атты жоқтау күйін шығарды. Соғыстан 
кейін Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданындағы «ортау» 
совхозында тұрды. 


390
күй аңыздар
Мұхиттың репертуары өте бай болған. ол көптеген халық 
күйлерін орындаумен қатар, Құрманғазы, Соқыр Есжан
Түркеш, Әкібас, ыбырай т.б. күйші-композиторлардың күй-
лерін жақсы тартатын. орындаушылық өнерімен қатар, Мұхит 
өз жанынан да көптеген күйлер шығарған. 
Бөкеев Оралхан /1943-1993/—белгілі қаламгер. Шығыс 
Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданына қарасты Шың-
ғыстай ауылында туған. 1969 жылы әл-Фараби атындағы Қа зақ 
мемлекеттік университетін бітірді. республикалық «ле ниншіл 
жас», «Жұлдыз», «Қазақ әдебиеті» сияқты газет-журналда-
рында қызмет атқарды. 
ол Н.островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлық-
тың, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының, «Молодая гвар-
дия», «Жалын» баспаларының сыйлықтарының және Қр Мем-
лекеттік сыйлығының иегері. Шығармалары ағылшын, неміс, 
чех, болгар, венгр, араб, жапон тілдеріне, сондай-ақ туысқан 
республикалар халықтарының тілдеріне аударылған. 
о.Бөкеев тамаша қаламгерлігіне қоса, Қазақстанның шы-
ғыс өңірінде айтылатын аңыз әңгімелердің, этнографиялық 
мысалдардың білгірі. 
Бөкейханов Науша /1870-1944/—күйші. Бөкей хандығына 
қарасты Шоңай көлі (қазіргі орал облысының Жәнібек ау-
даны) деген жерде туды. ол—Бапастың (Дәулеткерейдің) 
жиені. Науша Бөкей ордасының атақты домбырашыларының 
ортасында өсті. оған Салауат, Мақар, Тұрып сынды дарынды 
күйшілер ұстаздық етті. Науша Дәулеткерей күйлерін оның 
ұлы Салауаттың өзінен үйренді. Сондықтан болар, Наушаның 
репертуарында Дәулеткерейдің 50-ден астам күйлері болған. 
ол 1935 жылы Алматыға келіп, сол кезде құрылып жатқан 
халық аспаптары оркестрінің іргетасын қалаушылардың бірі 
болды. Наушаның репертуарында тоқсаннан аса күй болатын. 
оның репертуарынан алынған отыз күй Құрманғазы атын да ғы 
халық аспаптары оркестрінің алтын қорына айналды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   270




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет