396
күй аңыздар
Мемлекеттік сыйлығының лауреаты /1966/.
Қазақстандағы та-
рих, архелология, этнография, әдебиет
пен өнер саласындағы
ғылыми ойдың дамуы Ә.Марғұланның есімімен тікелей бай-
ланысты. ол кісінің 300-ден астам ғылыми зерттеу еңбектері
орта Азия мен Қазақстан мәдениетінің
тарихи тегін тануда
сүбелі мұра болып табылады.
Мергенбайұлы Нұрмұханбет /1886-1944/
—Жетісу өлке-
сіне аты әйгілі күйші, әрі домбырашы болған адам. Мерген-
бай күйшінің үлкен ұлы. Сан рет күй тартысына қатысқан.
Домбырасының ішегі ұстараның жүзімен
сипай тартқан май-
дақоңыр күйлерін ешкім қайталай алмаған. Кейде аяғының
саусақтарымен де тартқан екен. Ақбайдың Нұрғожасымен
күй тартысады. Нұрғожа пышақтың жүзімен тартады.
Есесіне
Нұрмұханбет ұстараның жүзімен тартып жеңеді.
репертуарында аңыз күйлер, тарихи күйлер, табиғат су-
реттеріне, адам тағдырына арналған күйлер мол болған.
Домбыраны таңды-таңға ұластырып тартқанда еш шар ша-
маған, тыңдаушысын да жалықтырмаған.
Төрде отырса, күй
ырғағымен бірге жорғалап босағаға барып, босағадан төрге
өтіп кеткенін өзі де байқамайтын болған.
Нұрмұханбет оң қол
саусақтарын шанаққа тигізбей тартуды шеберліктің шыңы деп
бағалаған да, шәкірттерінен соны талап еткен.
Достарыңызбен бөлісу: