«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



Pdf көрінісі
бет254/270
Дата22.04.2023
өлшемі1.63 Mb.
#472577
түріБағдарламасы
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   270
8afa34252265722d01b4a137000ac038

Райымбергенов Абдулхамит /1957/—белгілі күйші, ұстаз. 
Ақтөбе қаласында туған. 1972 жылы орта мектепті бітірген соң, 
Ақтөбе қаласындағы музыка училищесіне түседі. оны ойда-
ғыдай бітірген соң Құрманғазы атындағы Мемлекеттік Алматы 
консерваториясына түсіп, Тастанов Хабидолла мен Мұхитов 
Құбыштың класы бойынша 1981 жылы бітіріп шығады. 
Абдулхамит 1984-1985 жылдары консерватория қабыр ға-
сында құрылған «Мұрагер» ансамблін ұйымдас 
тыру 
шы 
лар-
дың бірі. осы ансамбльдегі жемісті еңбегі үшін Абдулхамитке 
1990 жы лы Қазақстан ленин комсомолы сыйлығының лауреа-
ты атағы берілді. 
Абдулхамит әйгілі Қазанғап күйшінің шығармаларын 
жинап, насихаттауға елеулі еңбек сіңіріп жүр. Қазанғаптың 
«Ақжелең» атты күй кітабының /1984/ жарыққа шығуына 
мұрындық болып, күйлерін жинап, нотаға түсіруде Абдулхамит 
халық мұрасының жанашыры ретінде тамаша өнеге көрсетті. 
Садуақасұлы Кәдіркей /1898-1981/—домбырашы, шежіре 
сөздің білгірі. Жезқазған облысының Жаңаарқа ауданы 
С.Сейфуллин атындағы совхозда туып-өскен. Белгілі күйші 
Шоңманұлы Тоқаның көзін көрген. Тоқа күйлерін бүгінгі 
күнімізге жеткізушілердің бірі. Кәдекеңнің шәкірті—белгілі 
домбырашы Тілеуханов Мұхаметжан. 
Сағынғанұлы Құмар /1909-1987/күйші және олардың 
аңыздарын жеткізуші. МХр, Баян-өлгий аймағының ұлан-
құс сұмынында дүниеге келген. «Құдіретторғай» және әкесі 
Сағынғанның «Делдал» деген күйлерін орындаған. 


400
күй аңыздар
Сартқожаұлы Қаржаубай /1949/—белгілі түркітанушы, 
тарихшы. МХр, Баян-өлгий аймағында туған. ұлан-Батор 
университетінің филология факультетін бітірген және ленин-
град университетінің аспиратурасында оқыған. Қ.Сартқожа-
ұлы 
ның белгілі кеңес түркологы С.г.Кляшторныймен бірге 
жүргіз ген зерттеулерінің нәтижесінде бірігіп жазған ғылыми 
еңбектері ғылыми ортаға жақсы таныс. Қаржаубай көркем про-
за жазумен де айналысады. «Аялдамалар» /өлгий, 1983/ атты 
әңгіме-повестер жинағы жарық көрген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   270




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет