80
81
халық күйлерінің аңыздары
Бір жылы қарашада осы айғыры із-тозсыз жоғалып, бай тұс-
тұсқа жоқшы аттандырды. Жоқшылар қанша сандалса да, бәрі
байдың алдына құр оралыпты.
Сөйтіп жүргенде аяқ астынан
әлгі жоғалған ала айғыр өзі
жылқыға келіп, бай мен жылқышыларды қайран қалдырыпты.
Арқа-басы бүтін, қайта оралған айғырын көрген бай жыл-
қышыларына:
—Ала айғыр үйірін қалай айдаса, сендер де ол жүрген ба-
ғытпен жылқыны айдаңдар, ол хайуан да
болса қыстың қатаң
боларын сезіп, өз үйіріне жер шалып келген секілді,—дейді.
Айтса, айтқандай болып шығады. Ала айғыр өз үйірін ай-
дайды. Жылқышылар да барлық жылқыны оның соңынан са-
лады. олар осы жүріспен айлық жол жүріп, іздесе табылмай-
тын бір түнкелі иен далаға барып тиянақтайды. Жылқышылар
бір қысты осы жерде өткізіп, жылқысы
аман-есен жазғытұрым
бай аулына келеді. Қыс орасан қатты болғандықтан, басқа жер-
дегі байлардың жылқылары түгел жұтап қалған екен. Қуа ныш-
қа бөленген байдың ауылы ақсарбас сойып той жасапты. Сол
тойда бір домбырашы елдің ала айғырға алғысын бейнелеп «Ала
айғыр» күйін шерткен екен.
78. «Мұңлы қыз»
(І нұсқа)
Бұрын бір жетім қыз болыпты. Бір күні
таңғы алаң-елеңде
біреудің тепкілеуімен қыз шырт ұйқыдан шошып ояныпты. ор-
нынан ұшып тұрып қараса, өгей шешесі екен. Қорқып, діріл деп
тұрған бишара қызға өшіге қараған өгей шешесі:
—Жатамысың, мынаған толтырып бүлдірген теріп кел!—
деп аяғымен қауға шелекті қызға қарай теуіп жіберіпті. Қыз
шелекті алып тауға кетіпті.
Қыздың әкесі көшетін болған соң, бір күн
бұрын жоғалып кет-
кен екі сиырын іздеп кетіп, сол сиырларын тауып, ертемен үйіне
келсе, әйелінің үйін жығып көліктерге артып-тартып жат қа ны-
ның үстінен түседі. Келе сала көш қамымен болып көшті жүр-
гізеді. Балалары көп болғандықтан әлгі қызын да жоқтамайды.
олар жаңа қонысқа қонып су әкелуге қамданғанда, шелек-
тің біреуі жоқ болып шығады. Сонан
өгей шешенің қылығын бі-
летін қыз әкесі зар илеп жұртқа шабады.
6-136
82
күй аңыздар
Ал қызы әлгі шелекті түс ауғанда әрең толтырып, аш қарын
сүйретіліп үйіне келсе, күлі шашылып жұрты жатыпты. Қыз
мұны көріп өгей шешенің қылығын ойлап,
өз шешесін сағы нып
еңіреп жылап отырғанда, астындағы атын қара тер қып әкесі
жетіп, аттан домалай түсіп қызын құшақтап,
екеуі бірдей егі-
ліп жылайды.
Бір қауымнан кейін әкесі: «Жүр, балам, кетейік» дегенде,
жетім қыз жылап тұрып:
—Бармайыншы, әкем-ай, күн көрсетпейді шешем-ай!—де-
ген екен.
Бұны естіген елдің қызға жаны ашыпты.. Бір домбырашы
осыдан «Мұңлы қыз» деген күй шығарыпты.
Достарыңызбен бөлісу: