86
күй аңыздар
қысым жасап, тілін тигізіп, тікенегін қадайды. Ел ішін ара-
лап сыбызғы тартып, әзіл-сықақ айтуды қойып, қаршадай қа-
ра күркесінде, бала-шағасының қасында, отынының басын-
да көңілді өмір сүруіне
тосқауыл жасап, басқан ізін бағатын
аңдушы қояды. осынау қапас өмірден құтылуды армандаған
сыбызғышы таңы рауандап ататын, күні күліп бататын, адам-
дары ала-құла бай мен кедей болып бөлінбейтін, зәбір-жапасы
жоқ елді іздеп жолға шығады. Әділдіктің
ордасын іздеп талай
елді аралайды, талай жолды басады, талай белден асады. Бірақ
ондай елді таба алмай, арман тауы шағылған сыбызғышы арып-
шаршап, қара күркесіне қарай қайта оралады. Қайда барса да,
еңіреген елді, шерменде болып сорлап, қапас өмірде қан жұтқан
кедейді көреді. Бостандықта өмір сүруді армандаған сыбызғы-
шы ұзақ жол жүріп, еліне бет алып келе жатады да, көлбеп
жатқан
құба белге келіп, сыбызғысын тартып отырып қаза бо-
лады. Ел арасында жүрген тағы бір сыбызғышы жігіт жол жү-
ріп келе жатып, құба белде сыбызғысын сүйеу етіп қаза болған
жігітке тап болады. Жігіт аттан түсіп қайтыс болған жігітті
сол жерге жерлейді. оның кейіп-кескінінен шаршағандық тан,
арманына жете алмаған мұң мен зардың белгісін көреді. Жол-
жөнекей
ауыр жайға, өкінішті оқиғаға тап болған сыбызғы шы
жігіт айнала ойлана көз жүгіртеді. Шегі жоқ, шеті жоқ дала.
Дала төсінен тіршіліктің жөнкіген дүрбелеңі де, қызған өмір
әні де көрінбейді. Тек о жағы мен бұл жағы тұманданып көрі-
ніп ыстық демін ішіне тартып жатқан,
мынау сияқты қаншама
қыршын жасты қапас құшағына алған төңірек сарғыштанып,
зілденіп көрінеді. Дәл мына қалпымен жаңбыр жаумаған, шуақ
көрмеген, қайғыдан басқаны білмейтін керенаудай сезіледі.
осы тылсым тіршілікке ішқұса болып қайғырған сыбыз ғышы
сары белде отырып, қаза болған сыбызғышыға арнап «Сары
бел» күйін тартады.
Достарыңызбен бөлісу: