88
күй аңыздар
даман
деген кедейде бір ат бар, ол атқа бұл жалғанда ат жете
алмайды» деген ел дақпыртын естіп,
қалай да осы атты қолына
түсіруге аңсары ауыпты. Бай Салдаманды атымен шақыртып
жұқалаған екен. Салдаман да қу іші сезгендей «кедейлік бағыма
біткен әдеттегі жәй ат» депті. Бай Салдаманға:
—Айналасы алты күндік көлді ет
пісірім уақытта айналып
кел. Егер ет пісірім уақытта келе алмасаң, атыңа алтын ер салып
өзім мінем,
келе алсаң, саған бір тоғызға жығынды боламын,—
деп уәде беріпті. Салдаман атқа сеніп жолға шығыпты. Бай
шіне келе қуанып ордаға кіріп, есе сөйлеп, «қанат бітсе де, ет
пысқанша аттың жете алмайтындығына» көзі жетіп,
еттің кө-
бігін алуға бұйрық бергенше даладан аттың қарасы көрінген
хабар келеді. Бұл хабардан шошынған бай далаға шықса, ат
тұяқтары
жер ойып, ұшқан құстай екпіндеп келе жатыпты.
Сонда, өзегіне өрт түскен бай отыра кетеді. Бірақ айтқанынан
қайта алмай, амалсыз бір тоғызын беріпті. «Балжыңгер» деген
күй осыдан қалған екен.
88. «Майдажал—Телқоңыр»
Алтай бетінде бұрын өткен бір жылқылы бай болған екен.
оның бір түнде екі биесі құлындап,
бірінің енесін қасқыр жеп,
құлыны қарағанның түбіне кіріп аман қалыпты. Енді біреуі
құлынын емізіп тұрады. Содан бұл жетім құлынды тірі қалған
биеге теліп, екі құлын бір биені еміп өседі. Ат
сыншылары екі
құлынды жақсы ат болады дейді екен. Бұл құлынның бірін
«Телқоңыр», бірін «Майдажал» деп атапты. Бай көшкенде екі
баласына екі құлынды мінгізіп қойып, екеуінің жүрісін күйге
қосады екен. «Майдажал», «Телқоңыр» күйі
осыдан қалған
екен.
Достарыңызбен бөлісу: