92
күй аңыздар
әбігер екен. Қонақтардың алдынан шығып ат ұстаған даяшы-
лар бірінен соң бірі келіп, қонақтардың атын алып, ілтипат
көрсетеді.
Арнайы орналастырылған үйлерге жайғасқан күйеу
жігіт
және оның серіктері ауыл азаматтарының «Той бастар», «Күй
басы» деген күйлерін тыңдайды.
Әзілбектің өнерлі серіктері әр алуан өнерлерін көрсетіп,
ауыл ды думанға бөлейді. олар осылай отырғанда, үкілі камшат
бөркін шекесіне салған бір топ қыздың ортасында Әзілбектің
қалыңдығы Назигүл де топ ортаға келеді.
Жастардың ән
-сазы күн батарға дейін толастамайды.
Кешкі қызықты да гүлбике алдын ала орайластырып қояды.
Екі
-екіден жұптасып, әріптесін тақымдап қуып айтысқандар
таңның қалай атып, күннің қалай батқанын сезбей де қалады.
осылай өткен сауық кештер мен қызықты күндердің неше ау-
нап түскенін білгендер болмапты.
Бір күні сәске мөлшерінде шайға отырған Әзілбек гүлбике ге
иіліп келіп:
—Біз қайтайық, ауылдан аттанғанымызға бірнеше күн бо-
лыпты,—дейді. Күйеу жігіттің ойын біле қойған гүлбике де
қонақтардың қайту талабын үлкен шешесіне жеткізіпті.
Сонда
көп ойланып алғаннан кейін, қарт ана гүлбикеге тесіле қарап
отырып:
—Суы құрғыр ағаш басына шығап, сабасынан асып жатыр
дейді ғой, балалар абай болсын!—деген
екен. гүлбике күйеуді
жолдастарымен аттандыру қамына кірісіпті.
«Тіл астында тіл бар» дегендейін, неше түнге созылған әзіл-
дердің соңы айтылып, бірін
-бірі қимаған жүректердің белгісі—
кестелі орамалдар қолдан
-қолға өтіпті.
олардың осындай аттанар кезінде, Әзілбектің кенже балды-
зы келіп, бір домбыра ұсынған екен. Бұл домбыра тоғыз түрлі
ағаштан қиылып жасалыпты. үп
еткен салқын самал тигенде
екі шегінен сазды үн шығады екен.
олар аттанғанда, тұрып қалған жеңгесі қайта айналып үйге
кіргенде, Назигүлдің өзінің төсегінің үстінде отырғанын кө ріп:
«Жатып, тынықшы»,—деп Назигүлді төсегіне жатқызып, шы-
мылдықты түсіріп қояды. Мамық төсекке жата сала көзі ілі ніп
кеткен қыз «Алла!» деп ұшып түрегеледі. оның шошып оян-
ғанын білген жеңгесі «не болды?» деп қасына барғанда, қыз:
92
93
халық күйлерінің аңыздары
—Бір жаман түс көрдім, түсімде Әзілбек екеуіміз бір биік
шыңға шығып бара жатыр едік, бір алып айдаһар жолымыз-
ды бөгеді. Алдымен оны, артынан мені жұтты. Содан шошып
кеттім,—дейді жеңгесіне үрейлене қарап.
олар дәл осылай сөйлесіп отырғанда
бағана Әзілбектер кет-
кен жақтан аттан сап айқайлаған дауыс бүкіл даланы жаң ғы-
рықтырып, жайын отырған ауылды елең еткізеді. Мұны есті ген
Назигүл мен гүлбике жүгіріп далаға шыға келсе, Әзілбектің
Бәйгеторысына мінген ақ жейделі бала шыр
-шыр етіп келе жа-
тады.
—ой, не болды?..
—Әзілбектің аты су ортасында жығылып... сұраулар мен
үздік
-үздік жауаптар Назигүлге анық ұғылмады.
онсызда дымы құрып әрең тұрған арудың бойы бір ғажап
қорқынышты жалынға шарпылғандай дір етеді де, не болға-
нын өзі де сезбей, белдеуде тұрған
сандал торыға қона кетіп
ұмтылады.
оның артынан дүркірей шапқан ауыл адамдары келгенде,
Сандалторы бір боз талға байлаулы тұр екен. Маңында жан
көрінбепті. Тек өзеннің қан жұтып, құтырынып алған асау
толқыны айбар шегіп жатыр екен.
өзеннің екі жағындағы ел екі бірдей есілінен айрылып зар
еңірейді.
Күн бесігіне дейін атты-жаяулар өзеннің екі жағын көп
қарап, түк таппай тарығыпты. Ақыры жеті дөңбекті сал етіп, екі
өнерпазды «Қан иірім» деген жерге дейін қарауға шығарыпты.
Бұл екеуі асау толқынмен жағаласып, ақыры тастан-тасқа
соғылып
быт-шыты шыққан салдан, екі дөңбекке жармасып,
«Қан иірімге» жетіпті. олар иірімдегі бүркіт ұясынан бір нәр-
сенің елбең еткенін көріп қалыпты.
Қиынның ала қанат қыранын аумен алатын бұл екеуі өмір
бойы бүркіт ұясынан осындай жәндік байқамаған екен. олар
бұған қайран қалады.
Мына екі өнерпазға бір ғажап елес көрінеді. Суға иіліп тұр-
ған боз талға Сандалкерді іле салған Назигүл асау ағынға ашы-
на қарап тұрғанда, қанды толқын арасынан Әзілбек елестеп,
өзін суға атады.
ол сұрапыл толқын соңынан жағаласып, «Қан иірімге» кел-
генде, бауыры Әзілбекке берген домбыра», иірімді бір айна лып
94
күй аңыздар
барып жағаға шығады. Қыз толқынды жарып барып домбыра-
ны
алады да, асау ойдың езгісінен талықсып кетіп, бүркіттің
ұясынан бір-ақ шығады. ол соңында тұрып «Қан иірімнің»
түбін бір көргісі келеді.
Тасқа жабысып тұрған екі адамның: «Қарағым, бері кел,
құлап кетесің»,—деп тұрғанын Назигүл естіген жоқ. Көз жасы
құрғаған қатулы қабағын түйіп тұрып, туған ел, өскен жеріне
қош айтып, тоғыз түрлі ағаштан қюлап жасалған домбыраны
үйіріп лақтырып жібереді де, қарын иірімге ыршиды. оның
қызыл сәтен көйлегі көбелектей көлбеп барып, су бетіне қона
бергенде, рақымсыз тылсым күш
оны лып еткізіп жалмай сала-
ды!..
Домбыраны жел аударып кетіп жағаға түсіреді. Домбыраның
күйін қойып, өзін жасап жүрген екі өнерпаз осыдан кейін көп
ойланып, ғашықтардың арманына, қиуасыздығына кез болған
бақытсыздығына толы «Шыңырау» деген күйді шерткен дейді.
«Шыңырау» күйі елге осылай тарап кетіпті.
осыдан соң бұрынғы Көкжал өзені «Шыңырау» өзені деп
атаныпты.
Достарыңызбен бөлісу: