«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



Pdf көрінісі
бет55/270
Дата22.04.2023
өлшемі1.63 Mb.
#472577
түріБағдарламасы
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   270
8afa34252265722d01b4a137000ac038

104. «Байшыбырдың күйі—арман» 
Ертеректе аң аулап, күн көретін Байшыбыр деген адам 
болған. ол жар дегенде жалғыз ұлы ғана бар, басқа жар-
лы адам екен. Қақпан салып шиті мылтығымен аң-құс атып 
күнелтіп жүріпті. Мергеннің қосының маңын да суырдың 
іні бар екен. Індегі бір жуан суыр қалай аңдыса да, мергенге 
атқыза қоймапты. Бір күні мерген аңнан қайтып келе жатса, 
әлгі аңдып алдырмай жүрген суыры іннің аузында отырыпты. 
Атып алудың орайы енді келген екен деп білген мерген оты-
ра қалып тартып жіберіпті. Жүгіре келсе, атқаны суыр емес, 
өзінің саржарғақ тонын киіп іннің аузында әкесін тосып ойнап 
отырған жалғыз ұлы болып шығады. Қанша өкіріп, бақырып өз 
басын өзі тоқпақтағанмен оққа ұшқан бала тірілер ме?! осыдан 
«Арман» күйі қалған екен.
105. «Бүркіттің күйі» 
Ертеде Алтай тауын мекендеген атақты құсбегі Тілей де-
ген адам өткен. өзіне әуелде жалғыз кері биесінен басқа мал 
бітпеген кедей адам болыпты. Міністен құлындамай жүрген 
сол биесі бір жылы ішті көрініпті. иесі жануардын аман-есен 
7-136


98
күй аңыздар
құлындатып алайын деп желіні жетіле бастағанда, жылуат-
ты шөптесін жерге қайырып қарап жүріпті. Бір күні ауа райы 
аяқ астынан бұзылып, кері биеден көз жазып қалыпты. Таба 
алмай дағдарған иесі таңертең ізімен қуалап келе жатса, биесі 
қалың тобылғы арасында құлындап, еркек күрең құлынды 
емізіп тұрыпты. Қуанышы қойнына сыймаған Тілекең биесін 
жетелеп енді қайтайын дей бергенде, бір құстың зәу теректің 
басынан пышақтаған дауысы естіліпті. Қараса, бір бүркіт оты-
рады. Теректің түбіне барып кері биенің шуын берейін деп ағаш 
басына іліп көтерсе, бүркіт қималдамапты, тас лақтырса да, 
қозмалмапты. Анықтап қараса, қанатына қалың мұз қатып ұша 
алмағандай көрініпті. Бұл тәңірдің маған берген киелі құсы 
болмасын, ала кетіп, күрең құлынмен бірге мәпелеп бағайын 
деп, бүркітті ұстап алып, тонына орап, үйіне әкеліп бағады. 
Құсты үш жыл ұдайы бағып, күзде қайырып, түлкіге салса, үш 
жыл бойы түлкі алмай қойыпты. Құсбегі сонда да қоя беруге 
қимапты. Күрең құлынмен бірге бағып, бірге кәртейтейін, түлкі 
алмаса да, бағып қағайын деп баға береді.
Бір күні Тілейдің үйіне алыстан жолаушылап келе жатқан 
ақ сақалды бір адам келіп қонақ болады. Әңгіме үстінде әлгі 
адамға бүркіттің жағдайын баяндаған екен, жолаушы бүркіттің 
күміс құймалы томағасын тартып, жемсауын, тегеурінін, сан 
етін ұстап көріп:
—Сенің бұл құсың Нарынның сары шегірі екен. Мұның 
алдына құс өтпейді. Асқан қыран. Бірақ қазір құстың әлі екі 
түлеуі кем екен. Енді үш түлетіп, қар бір жауғанда аңға шық, 
көзіне не көрінсе, соны алар. Қыстай қынадай қырып алады 
да, ел жайлауға шыға құсты өз бетіне қоя бер. Күзде өзі қайтып 
келеді. Құсың нағыз жау жүректің өзі екен. Бұл түспейтін жан 
иесі болмайды. Сақ болмасаң, ашуы қайтпағанда адамға түсер. 
Құсты өлгеніңше қолыңнан шығарма. Күрең атты осы құсты 
алып жүруге мінсең болады. Бұл сенің шаңырағыңа қонған 
«бақыт құсы»,—дейді екен.
Жолаушының айтуы бойынша Тілей сары шегірдің басына 
күміс құймалы томаға кидіріп, үш қайырып, түлкіге салған 
екен. Көзіне көрінгенін құтқармайды. Жазда құсын суырдың 
еті мен бағып семіртіп, түлетіп, күрең атына мініп, аңға шыққан-
да қасқыр, түлкі, арқар, құлжа дегендерді қырып салыпты. Со-
нымен Тілей тез байып, қорасына қой, өрісіне жылқы салыпты. 


98
99
халық күйлерінің аңыздары
Келер жылы ел жайлауға шыққанда, құсын қоя берсе, күзде 
қайтып келеді екен. Сөйтіп, Тілейдің сары құсы шаңырағына 
қонып кеткен үйге ырыздық еніп, дәулет бітіпті.
Бір күні Тілей құсын қолына қондырып, күрең атына мініп, 
қағушысын ойға тастап өзі бір биікке шыққан екен. Сарыше-
гі рі «қоя бер» деп тілепті. Томағасын тартқан бүркіт лақтыр-
ған зақпының тасындай зымырап көкке шығып, бір уақытта 
бір қыраттың астына қарай түйіліп оқша жөнеліпті. Артынан 
шауып жетсе, Сарышегір бір тайыншадай қасқырдың арла-
нына түскен екен. Бұрын талай қасқырды алдырып жүрсе де, 
дәл мынадай жойқын көкжалды Тілей көрмепті. Сарышегір 
бір аяғымен таңнан алып, енді бір аяғымен кеуілжірін ноқта-
лай ұстап, бүктеп астына басқанда, қасқырдың езуінен түйреп 
кірген бір тегеурінін қасқыр шайнап жіберген екен. Сонда долы 
қасқырды онан ары бүре түсіп, Тілейге де бермей, кеудесін 
тесіп жіберіп шыңғырта тартып қасқырдың өкпесін жұлып 
алады. Сонан соң бүркіт тік көтеріліп аспанға шығып көрінбей 
кетеді. Әдетте, иесі келгенде олжасын тастап, бір шетте оты-
ратын Сарышегірдің мына мінезіне қайран қалған Тілей, екі 
көзін аспаннан алмай қарап тұрады. Таңырқайды. Бір заманда 
құс зеңгір көктен Тілейдің өзіне тіке қарай зымырайды. Бұрын 
қапысыз қыранның аяғын шайнатып алғанына ашуының ба-
сылмай келе жатқанын көрген Тілей әлгі жолаушының «ашуы 
қайтпаса, адам алар» деген сөзін есіне алып, қатты қауіптенеді. 
Зымыраған бүркітке құлақ түріп, көз тіге күрең аты кісінеп, 
жер тарпып шиыршық атады. Сонда:
—Әй! әй! Кәрі жолдасым, қыраным, қилы құсым, кәкә!—
деп екі қолын бүркітіне созғанда, қыран сәл тайып барып бір 
төбеге қонады. Тілей бүркітін үйіне әкеліп, аяғын емдеп сылап-
сипап, ашуын басып, әбден сауықтырып, арада бірнеше айды 
өткізіп, арқар алдырайын деп аңға тағы да шығыпты. Бір төбеге 
шыққанда бүркіт тіленіп ұшып бір қыратты асып зымырап кет-
кен екен. Тілей артынан шауып жотаға шықса, сайдың басынан 
аузына дейін алты арқарды, тақыр шаптан бір-бір есіп тастап, 
біреуінің тамағынан сығып, басына қонып отырыпты. Қыраны-
на бір кесек қызыл жұтқызып, томағасын кигізіп отырғызып 
қойып, өзі арқарларын бауыздап союға кіріскенде қыран тағы 
да ұшамын деп тіленіпті. Көкте бір айналып топшысын жа зып, 
шабыттанып жадырап қайтсын деп томағасын тартып қоя бе ріп


100
күй аңыздар
өзі арқарларды союға кірісіп кеткен екен. Алты арқарды сою аз 
жұмыс па, кеш батып, көз байланыпты, бірақ қыраны қайта 
оралмапты. Кейде, Сарышегірдің Тілейден бұрын үйге барып 
алатын әдеті де болады екен. үйге төте тартқан болуы керек деп 
қайтып келсе, құсы келмепті. Қайта атына міне шапқан Тілей, 
бір жотаға шығып, «кә-кәласа» ештеме көрінбепті. Бір заман-
да төменгі бір адам баспайтын шатқалдан жарық-жұрық еткен 
сағым, будақталған шаң шығыпты. Бүркіті келмегеніне алаң 
болып, түнімен көз ілмеген Тілей, ертесі ерте тұрып, әлгі жерге 
келсе, қалың бүргенді жапырып, құлдап кеткен ізге жолығады. 
Ізбен тағы да жүрсе, анадай да жарқыраған бір үлкен нәрсе 
жатады. Қараса айдаһар екен. Сарышегір айдаһарды басынан 
ұстаған екен. А дегенде оның көзін шоқып шығарып жіберіпті 
де, содан дәу айдаһар, дүниені талқан қылып осы жерге кел-
генде, төбесін тесіп жібергендіктен миы шашылып, өлген екен, 
Құстың тұла бойы жарақаттаныпты. осыдан соң, Тілей қатты 
ауырып жатып қалыпты. Ауруының аужәйін түйген Тілей 
туыс-туған, көрші-қолаңдарын шақырып алып:
—Бұл аурудан жазылмаспын. Мен өлгеннен кейін Сары-
шегірімді қоя беріңдер. Енді оның бабын ешкім білмейді. өзім-
ді ауылдың батыс жағындағы жазыққа қойып, айнала қор-
ған жасаңдар, күрең атымды да қоя беріп, жылыма сойып, ас 
беріңдер. Күрең ат сойылған күні, Сарышегір де келіп қалар. 
Күрең аттың бір жақ қазысын соған беріңдер!—деп өсиет 
қалдырыпты.
—Айтып айтпай, Тілей қайтыс болыпты. Жыл уағы толған-
да, Тілейдің күрең атын асына сойып жатқанда, Сарышегір 
аспанда пайда болып, Тілейдің шаңырағын үш айналып, онан 
соң Тілейдің бейітіне келіп қонған екен. «Күрең аттың қазысын 
өзіміз жемей, алжыған бүркітке береміз бе» деп есер біреулер 
аттың жарым өкпесін лақтырып берген екен, Бүркіт өкпені іліп 
алып, ауылды бір айналып ұшып, қиян көкке самғап шығып 
кетіпті, бір уақытта, ысылдаған дауыс шығып, бүркіт оқтай 
заулаған беті өзін Тілейдің бейітіне бір-ақ ұрып, күл-талқан 
болған екен. Сөйтіп, Тілейдің Сары құсы өзімен бір қорғанда 
қалыпты. Міне, осы осы хикмет оқиға ел арасында аңыз болып 
таралып, күні бүгінге дейін сыбызғыдан аңырап, домбырадан 
төгіліп, «Бүркіт күйі» аталып келеді.


100
101
халық күйлерінің аңыздары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   270




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет