«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры


«Қазақ пен қалмақтың күйі»



Pdf көрінісі
бет58/270
Дата22.04.2023
өлшемі1.63 Mb.
#472577
түріБағдарламасы
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   270
8afa34252265722d01b4a137000ac038

109. «Қазақ пен қалмақтың күйі» 
Қазақ пен қалмақ арасындағы жаугершілігі көп заманда 
екі елді егестірген мәселенің түйіні ұдайы найзаның ұшымен, 
қылыштың жүзімен ғана шешіліп отырмаған. Найзадан өтімді 
сөзге тоқтаған, қылыштан өткір уәжді тыңдаған кез де аз бол-
маса керек.
Бірде екі жақтың әскері сеңдей сіресіп, мұздай қарула нып 
келіп, үлкен бір қантөгіс шайқас басталғандай екен. Сонда ел-
дің қамын ойлап белі бүгілген бір қарт тұрып: «уа, ағайын! Ара-
да ғы түйін-түйткілді қан төкпей шешейік!» деп сөз бастайды. 
Сол кезде тіресіп келген екі ел әскерінің ішінде бірінен-бірі 
асқан дәулескер қос күйші бар екен. Сол екі күйшіні күй сайы-
сына түсіріп, қай жағы жеңсе, сол жағының талабын орындауға 
уәде етіседі.
Сонда қамалдай қаумалаған қалың әскердің ортасына ақ 
киіз жайылып, үстіне қос күйші шығарылады. Алғашқы ке зек-
ті қазақ күйшісі алып тартқан екен. 
Екінші кезек қалмақ күйшісіне тиеді.
Күй біткенде екі жақтың түнеріп тұрған әскері соғыспақ 
ниеттерін ұмытып кеткен екен дейді.
110. «Қағытпа» 
өзі күйші, өзі сері бір жігіт жұрт қарағандай жорға атын 
жоғалтып, іздеп жүріп бір ауылға тап болады. Бейтаныс ауыл 
болған соң үй таңдап жүрсін бе, шеткерірек тігілген бір үйге ат 
басын бұрады. Сәлем беріп үйге кіріп келсе, бойжеткен қызы 
бар үй екен. Төрге жайғасып, аман-саулық сұрасады. үйдің 
үлкендері көрші ауылға қонақтап кетсе керек.


104
105
халық күйлерінің аңыздары
үйге қонақ келген соң бойжеткен қыз кіріп-шығып дәм 
қамдайды. «Сырт көз—сыншы» деген емес пе, жас қыздың 
қылық-қимылын бағып отырған сері жігіт бойжеткеннің 
шалбарының балағында шоқ түсіп күйдірген ойықты көзі ша-
лып қалады. Шалбар ойымынан қыз балтыры ағарып көрініп, 
көз арбайды.
Сонда, мырс етіп күлген сері жігіт іргеде сүйеулі тұрған дом-
быраны ала салып, бір тосын сарында шертеді. Домбыра үні 
сылқ-сылқ күліп, әлдебір сөзді қоймай қайталағандай болады. 
Бойжеткен қыз ши ішінен құлақ түріп тыңдаса, «жалаң бұттан 
жалт-жұлт, жалаң бұттан жалт-жұлт» деп сөйлеп отырғандай 
әсер береді. Жігіттің нені меңзеп тартып отырғанын сезген қыз 
«қап, мына көлденеңді көк аттыға келеке болдым-ау, берген 
асты ішіп жөнімен келіп, жөнімен кетпей ме!» деп іштей намыс-
танады. Бірақ сыр бермейді, кіріп-шығып дәм қамдап дастар-
хан жаяды. Ал, сері жігіт болса, домбыра тіліне оралған әзіл 
сарынды қызықтап, сұңқылдай қайталап қоймайды.
Жігіттің мұнысына әбден намыстанып, шыдай алмаған 
қыз бір айлы сәтте: «Бәрекелді, тәрізі күйші ауылдың бала-
сы болдыңыз-ау, мынауыңыз бұрын естімеген сарын екен. 
Кәне, мен қайталап көрейінші, былай тарттыңыз ба?» деп, 
домбыраны қолына алған беті сарынын өзгертпестен басқаша 
сөйлетіп, қарымта жауап қайтарады. Сонда қыз тартқан дом-
бырада «Жөніңе жүр, жолаушы, жөніңе жүр, жолаушы!» деген 
қарымта жауап естіледі. Қыздың зілсіз қарымтасын жігіт те 
жазбай танып, өнеріне сүйсінген екен дейді.
Сөйтіп, бұл күй қыз бен жігіттің қалжыңын бейнелейтін 
болғандықтан, ел ішіне «Қағытпа» деген атпен тарап кетсе ке-
рек. 
Күй сарыны бір орам әзіл сөздің буынын қайталауға 
құрылғандықтан тартуға оңай, содан да болуы керек. ойын-
тойда екі жар болып отырған жастар «Қағытпа» күйін жиі тар-
тып, бір-бірін тың сөздің ырғағымен қағытып, сонсоң бір-біріне 
күй тілінде не деп әзілдегенін жорытып, мәз-мәйрам болысып 
жатады. Мұндайда домбырашының емеурін еткен сөзі күйі 
сарынының буынына сыймаса, күйді құбылта байытып, соны 
ырғақ қосып, түрленте шертетін де дәстүр бар, мұның өзі тар-
тушы мен тыңдаушының күй тілінде түсінуін шыңдап, өнердің 
өрісін ұзартатын дәстүр.


106
күй аңыздар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   270




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет