106
107
халық күйлерінің аңыздары
түскен жолаушылар қайран қалып тұрып қалады. Алдарында
мал тұяғы тимеген, шүйгін жайлау, көк саздың
қақ ортасын-
да тоғыз қанат оқ орда тігулі тұр. Мінезі жеңілтектеу жас жігіт
«апыр-ай, бұл кімнің ауылы екен, бұл жерге ешкім қонбаушы
еді ғой» дей бергенде көргені көп қарасақал: «Сабыр ет балам,
бұл тегін үй емес, не де болса, барып көрейік»,—дейді.
Екеуі
де қазақы ескі әдетпен аттан түсіп, аттарын жетелеп ауылға
жаяу келеді. үйдің тұсына келгенде ересегі: «Шөлдедік, су-
сын келтіріңіз»,—дейді. Сол сәтте сықырлауық айқара ашы-
лып, ішінен бір жан иесі шығады. Бір қолында көн шелек-
ке құйылған қой сүтінің айраны, екінші қолында сүйретпе
толы қысырақтың қымызы екен. Асығыс қимылдайтын жас
жігіт көн шелекті қағып алады да, мұздай айранды басына
бір-ақ көтереді. Ал ересек асықпай сүйретпенің
аузын шешіп,
қойнынан тостаған алып, соған құйып бір тостаған қымыз
ішеді. Сонда сусын алып шыққан үйдің иесі жас жігіттің бетіне
қарап тұрып: «Сабырсыз неме! Қойлы болады екенсің»,—дейді
де, үлкен адамға бұрылып, «Ал сіздің жылқыңыз көп болады
екен»,—дейді. Былай шыққаннан кейін жігіт жолсерігінен:
«Бұ не керемет, мына тұрған үй не, үйдің иесі кім?» деп сұрай-
ды. Серігі—«үндеме,
құдай жарылқады, бізге Бегімсалдың өзі
жолықты»,—дейді. Көп ұзамай осы екі адам жер қайысқан мал
иесі болып шығады.
Достарыңызбен бөлісу: