«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



Pdf көрінісі
бет60/270
Дата22.04.2023
өлшемі1.63 Mb.
#472577
түріБағдарламасы
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   270
8afa34252265722d01b4a137000ac038

114. «Жетіген»
Ерте заманда бір көпті көрген көне көз қарттың жеті ұлы 
болыпты. Жетеуі де елге қорған, жұртқа пана болғандай атпал 
азаматтар еді дейді. ол бір, жаугершілігі көп, тынышсыз за-
ман болса керек. Күндердің бір күнінде алаөкпе болып жаушы 
жетіп, ел шетіне дұшпан әскерінің тұяқ іліктіргенін хабарлай-
ды. Содан, көне көз қарттың жеті ұлы мұздай сауыт құрсанып, 
жаудың алдын алуға аттанады. 
Сайланып келген жаудың жасағы мықты, жарағы берік бо-
латын әдеті. Дұшпан жасағымен арада қанды шайқас баста ла ды. 
Ел ішінен қол жинап, жауға қарсы шыққан жеті жігіт иық та са 
жүріп ұрыс салып, жойқын ерліктер көрсетеді. Жаудың бе тін 
қайтарады. Бірақ, шығынсыз соғыс болған ба, осы шайқас та 
ағайынды жеті жігіт те ерлікпен қаза табады. 


108
күй аңыздар
Қаралы хабар қарт әкеге жетеді. Жеті боздағынан бірдей 
айырылған қарттың қайғысында шек болмайды. Еш жұба ныш 
таппай, жаны мүжіле береді. Арада күндер, айлар өтсе де, жеті 
ұлының қылық-қасиеті санасында жаңғырып, жанын жегі-
дей жеумен болады. Әбден шарасы таусылып, шыдамы үзілген 
қарт күндердің күнінде бір аспап жасайды да, жеті ұлының 
рухына арнап жеті ішек тағады. Сонсоң, әр баласының қылық 
қасиетін елестетіп отырып жеті күй шығарады. Сол жеті күйді 
перзентіндей тербеп, қалған өміріне жұбаныш етіп өтеді. 
Жетіген аспабы осылайша дүниеге келсе керек. Ал, қарт-
тың жеті ұлына арнап шығарған жеті күйі ел ішіне «Қарағым», 
«Қанат сынар», «от сөнер», «Бақыт көшті», «Күн тұтылды», 
«Құса», «Шамырқан» деген атпен тарап еді дейді.
115. «Қос ішек»
Ертеде бір аңшы жігіт болыпты, деп айтылады «Қос ішек» 
күйінің аңызы. Сол аңшы жігіт биік таудың қиясын, қалың 
қарағайдың арасын тұрақ еткен бұғы-маралды аулап, кәсіп етсе 
керек. Бірде жолы болып, биік таудың қиын қиясынан теңбіл 
марал атып алады да, маралды етекке түсіру үшін ішек-қарнын 
ақтармалап алып тастайды. 
Содан, арада айлар өткенде, аңшы жігіт аң атуға ұрымтал 
жер еді ғой деп, баяғы теңбіл маралды атқан жерге соқса, құла-
ғы на бір ызыңдаған дауыс естіледі дейді. Барлап қараса, өткен-
де атқан маралдың ішегін қарға-құзғын іліп ұшқан болу керек, 
қарағайдың бұтағына қос тін болып керіліп қалғанын көреді. 
ызыңдаған дыбыстың сол ішектен шығып тұрғанын аңғара-
ды. Қарағайдың бұтақтарына керіле кепкен ішекті сәл ғана 
жел тербесе ызыңдап, жанға жайлы дыбыс шығарады. оның өзі 
бірде уілдеп, бірде сарнап, енді бірде сыңсып жылағандай бо-
лып, аңшы жігітті алуан түрлі күйге түсіреді. 
Сол жерде аңшы жігіт «қой мына қос ішекке тіл бітейін деп 
тұр екен, бір амал жасайын»—деп, ішекті үйге алып келеді де, 
бір аспап жасап, соған қос ішекті тағады. Содан тартып көрсе
шынында да қос ішекке тіл біткендей сұңқылдап қоя береді. 
Бұл үн аңшы жігіттің ғана жанын жадыратып қоймайды, 
тыңдаған жанның бәрін ұйытады. осылайша, домбыра көптің 
сүйіп тыңдайтын аспабына айналады. 


108
109
халық күйлерінің аңыздары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   270




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет