ТӨРТІНШІ ДАУА
Жинақты жойылудан сақта
Алтынның
жарқылы
қ
айғы
тартады.Əмияндағы
алтынды
жоғалудан сақтаған жөн.Сондықтан да, данагөй адам Жаратқанның
бұйрығымен ірі салым қолға түскенше, əуелі аз
ғана соманы іске салып,
соны сақтауды үйренеді, - деп бастады дəрісін Арқат төртінші күні,-
Ə
рбір алтыны бар адам, сенімді көрінген іске үлкен қаржысын
салғысы келіп, қыпылдайды да тұрады. Ол көбіне достары мен
туыстарының
жолын қуып, солай істейді де.
Қ
аржы салудың бірінші əрі басты ұстанымы – негізгі дəулеттің
сақталуын қамту. Басты жинағың жойылса, ол істен пайда іздеудің
қ
андай мəні бар? Менің айтатыным – жоқ! Ондай тəуекелдің төлемі
барыңнан айырылу болуы мүмкін. Іске
салар қорыңмен қоштаспай
тұрып, оның қайтып ораларына көз жеткізіп, зерделеген жөн. Тезірек
баюды көксеген өзіңнің желбуаз тілегіңді басшылыққа алмағайсың.
Жинаған қорыңды біреуге өткізер бұрын, ол
кісінің қайтарым
қ
абылеті мен абыройының дұрыстығын тексерген дұрыс, əйтпесе,
ебіл-себіл болып жинаған қорыңды оған өз қолыңмен сыйға
тартқандай күй кешуің ықтимал.
Ақшаңды əлдебір іске салар бұрын,
оның ықтимал қаупін
ойластырып алған абзал.
Менің де алғашқы ақша салымым уайымға душар етті. Бір жыл
бойғы жыйған-тергенімді Азмұр есімді кірпішшіге бердім де жібердім,
ал ол маған Тир қаласындағы финекейліктерден сирек асыл тас сатып
ə
келуге тиіс болатын. Ол
келгесін тастарды сатып, пайданы тең бөлуге
келіскенбіз. Оған алаяқ финекейліктер жолығып, тастың орнына түрлі
түсті шөлмек беріп жіберіпті.Сөйтіп, менің жинағым құрдымға кетті.
Енді бүгінде мен кірпішшіге асыл тас саудасын тапсыру ақымақтық
екенін білем.
Сондықтан сендерге өз тəжірибемді жеткіземін: алтыныңды
тəуекел етіп, өз ақылыңа сенбе. Онан да,
алтынмен істеуді меңгерген
білікті адамнан кеңес алған дұрыс.Ондай кеңесті тегін алуға болар,
бірақ құны сен іске салар алтынның құнымен парапар.Ол шынында да
солай, егер сол кеңестің арқасында жинағың жойылудан аман қалса.
Қ
абысқан əмиян үшін төртінші дауа мынау:
өз жинақтарыңды
Достарыңызбен бөлісу: