жұмыс істеу барысында
пайдаланушылар менюді таңдайды, батырмаларды
басады немесе басқа басқару элементтерін қолданады.
Әрбір басқару элементінің өз идентификаторы болады. Мысалы,
батырманы басқанда пайда болатын хабар Windows қосымшасының хабарлар
кезегіне орналастырылады. Қолданылған басқару элементінен келетін
хабарды Windows операциялық жүйесі осы басқару элементінің
қосымшасының кезегіне жібереді.
Windows-та құрылатын қосымшаларда (File -> New -> Project ->
Windows Forms Application) екі негізгі тип қолданылады: Form, Application.
Application класы қосымшаны басқарады:
хабарларды өңдеу циклі
(Application.Run();) бар Main() әдісін іске қосады, хабарды алғанда тиісті
әрекеттерді орындайды және қосымша жұмысын дұрыс аяқтайды (Program.cs
файлы).
Form класы пайдаланушы интерфейсін анықтайды: форма терезесін
инициализациялайды, қосымшаны жұмысқа дайындайды (Form1.cs файлы).
Қарапайым Windows қосымшасын құру
барысында әрекеттер ретін
қарастырайық.
Достарыңызбен бөлісу: