37
болады, неше түрлі мақұлықтарға кездеседі. Дастан жанрының тағы бір
айырмасы – біршама психологизмінің дамуы. Бұл – әдебиетке жақындықтың,
немесе әдебиеттің тікелей ықпалының көрінісі. Дастандар бірнеше түрге
бөлінеді: қаһармандық дастандар, ғашықтық дастандар, хикаялық дастандар,
діни дастандар. Бұлар, негізінен, шығыстық сюжеттерге құрылған (кірме
дастандар). Осы дастандар үлгісінде туған қазақтың төл дастандары да
бар: әлеуметтік-сүйіспеншілік дастандар және ертегі дастандар. Аталған
түрлердің өзіндік белгілері де бар. Әрбір ішкі жанр бүкіл
дастанға ортақ
қасиеттермен қатар, тек өзіне ғана тән ерекшеліктерімен дараланады. Бұл,
әсіресе, бас қаһарманға, оның іс-әрекеттеріне, сондай-ақ дастанның
айтылу мақсаты мен мәнеріне байланысты болады. Әрине,
эпикалық
жанрға жататындықтан дастанның барлық түрінде дерлік эпостық сипат
айқын сезіледі, ол, негізінен, қаһарманды
суреттеуде, оның қуанышы мен
ренішін хабарлауда, кейіпкерлердің бір-бірімен
қатынасын көрсетуде
сезіледі.
Достарыңызбен бөлісу: