Қазақ фольклоры: МӘНІ, теориясы, тарихы



Pdf көрінісі
бет85/115
Дата29.04.2023
өлшемі2.48 Mb.
#473003
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   115
Ой өріс

Тарихи аңыздарда кейде оқиғалар мен фактілер көркем түрде 
жинақталып, қиял тұрғысынан бағаланады, яғни ел оқиғалар мен фактілердің 
өз ойына, арман-мүддесіне сәйкес болуын қалап, солай баяндайды, солай етіп 
көрсетеді. Оған бірнеше себеп бар. Біріншіден, көп уақыт өткендіктен 
оқиғаның қалай болғанын дәл білмегендік, екіншіден, бұрынғы заманда 
болған шындықтың өзін емес, ел қалаған шындықтың көрініс табуы. Мұның 
бәрі аңызда көркемдеу саналы түрде болмайтынын дәлелдейді.
Бейнелейтін оқиғаларына, кейіпкерлеріне, жалпы тақырыбы мен 
мазмұнына қарап, тарихи аңыздарды шартты түрде мынадай топтарға бөлуге 
болады: а) оғыз-қыпшақ заманынан елес беретін аңыздар (оларға Қорқыт, 
Ахмет Яссауи және Арыстан Алып туралы әңгімелерді енгізуге болады VIII – 
ХII ғ.); ә) моңғол шапқыншылығы мен Алтын Орда кезіндегі оқиғалар 
жайындағы аңыздар (Шыңғыс, Жошы, Тоқтамыс, Темір есімдеріне 
байланысты әңгімелер, ХIII –ХV ғ.); Қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар мен 
қайраткерлер туралы аңыздар (Жәнібек, Асан қайғы, Жиреншелер 
жайындағы әңгімелер, ХV- ХVII ғ.); в) қалмақтарға қарсы соғыс-ұрыстарға 
байланысты туған аңыздар (Абылай, Қазыбек, Әбілқайыр, Бөгенбай, 
Қабанбай аттарына қатысты әңгімелер, ХVIII ғ.); г) Сырым, Исатай-
Махамбет, Жанқожалар бастаған шаруалар көөтерілісіне байланысты туған 
аңыздар (ХVIII-ХIХ ғ.); д) ХХ ғ. Басындағы ұлт-азаттық қозғалыс туралы 
баяндайтын аңыздар.
Әрине, бұл 6 топтағы шығармалардың бәрі бірдей таза аңыз жанрының 
белгілеріне, аясына толық сәйкес келе бермейді. Әңгімеде баяндалып 
отырған оқиға неғұрлым қашық, яғни өте ертеде болса, соғұрлым ол әңгіме 
аңыздан гөрі әпсанаға немесе хикаятқа жақындай береді. Онда алғашқы 
оқиға көмескіленіп, оның сұлбасы ғана сақталады, әйтпесе тіпті ұмытылып 
кетуі де мүмкін. Уақыт өткен сайын аңыз көркемделе түсіп, ондағы іс-
әрекеттер әсіреленеді, кейіпкерлер дәріптеледі, сөйтіп, аңызға әпсана мен 
ертегінің поэтикасы ене бастайды [3]. Осындай жағдайды, әсіресе, алғашқы 
үш топқа енген шығармалардан байқауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет