Ғылыми журнал үш айда бір рет шығатын ғылыми журнал


Key words: Syganak, gate, castle, Syrdarya, middle ages, medieval cities. Кіріспе



Pdf көрінісі
бет232/264
Дата30.04.2023
өлшемі4.7 Mb.
#473044
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   264
34-36-PB (2)

Key words: Syganak, gate, castle, Syrdarya, middle ages, medieval cities.
Кіріспе. Қазақ даласының қай өңірін алып қарасақта тарихқа толы екенін көруге болады. 
Қазақстан жерінде өмір сүрген сақ, ғұн, үйсін, қаңлы т.б. көптеген тайпалар өздерінің 
қалыптастырған мәдениетін тарихта қалдырып отырған. Бізге жетіп отырған қазіргі таңдағы тарихи 
ескерткіштеріміз соның куәсі болып табылуда. Тарихи мұраларымыздың арасында еліміздегі 
ортағасырлық қалалардың орны ерекше. Сырдың ортаңғы және төменгі ағысында орналасқан 
қалалар еліміздің өткен тарихы жайында құнды мағлұматтар беруде. Ұлы Жібек жолының бойында 
бой көтерген ортағасырлық қалалар өз кезеңінде мәдениеті мен экономикасы, қолөнері мен 
саудасы, егіншілігі мен мал шаруашылығы қатар дамыған орталықтар болды. Мақаламызда 
Ұлы Жібек жолы бойындағы ортағасырлық ірі орталықтардың бірі болған Сығанақ қаласында 
жүргізілген археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстары жайында сыр шертпекпіз.


Отан тарихы №1 (97) 2022
ISSN 1814 - 6961 E-ISSN: 2788-9718
211
Ұлы Жібек жолы бойындағы ірі ортағасырдағы қалалардың бірі Сығанақ қаласы – Қызылорда 
облысы, Жаңақорған ауданы Сунақ ата ауылынан солтүстік батысқа қарай 2 шақырым жерде 
орналасқан. Өткен тарихымызда Қыпшақ хандығының (ХІ–ХІІІ ғғ.), Ақ Орданың (ХІV–ХV ғғ.), 
Қазақ хандығының (ХV–ХVІ ғғ.) астанасы болған (Жолдасбаев, 2009: 3) бұл қалашық қазіргі кезге 
төбе ретінде келіп жеткен. Ауыл тұрғындары қалашықтың орны бір кездері айтарлықтай биік төбе 
болғандығын, 1960 жылдардан кейін аграрлық саясат негізінде қолға алынған күріш шаруашылығы 
салдарынан төбе маңындағы жерлер күріш егістігіне айналуының нәтижесінде жер асты 
суларының көтеріліп биік төбе ретінде сақталып келген қалашық орнының шөге бастағандығын 
тілге тиек етеді. Сонымен қатар, XVIII ғасырдың соңында тіршілігі тоқтаған ескерткіш орны 
маңайдағы тұрғындардың зиратына айналып, мәдени қабаттарының бұзылу қауіпіне дейін жеткен.
Биік қорған қабырғасымен қоршалған Сығанақ қалашығының өткен тарихын кешенді түрде 
зерттеу, ескерткіштің Қазақ хандығы тұсындағы рөлі мен маңызын анықтау, қалашықты танымал 
ету үшін негіз жасау, ескерткішті қасиетті, жергілікті, халықаралық туризм бағыттарында 
қолданысқа енгізу бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып табылуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   264




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет