ISSN 1814 - 6961 E-ISSN: 2788-9718
Отан тарихы №1 (97) 2022
212
жүргізбеген. Соның әсерінен қала ғалымдардың
назарынан тыс қалып, 2000 жылға дейін зиратқа
айналып кеткен. Қаланың археологиялық жағынан сақталу жағдайы өте нашар. Ескерткіште 2003
жылдан бері Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің археолог
ғалымдары археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп келеді. Кешенде осы күнге дейін жүргізілген
археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде қаланың шығыс қақпасы, қақпа маңындағы
қамал
қабырғалары, қала аумағындағы тұрғын үй бөлмелері, қаланың орталық мешіті, қала
аумағындағы кесенелер ашылып, ғылыми айналымға енгізілді. Сонымен қатар, қаланың екі жеріне
стратиграфиялық кесінділер салынып, қаладағы мәдени қабаттардың хронологиясы анықталды
(Zholdasbaev, Aldabergenova, 2013: 77–78).
Достарыңызбен бөлісу: