Отан тарихы №1 (97) 2022
ISSN 1814 - 6961 E-ISSN: 2788-9718
217
Келесі кезекте ортадағы кесек қаландысының астын зерттеу мақсатында, сызбасы түсіріліп,
фотофиксация жасалғаннан кейін қаланды алынып тасталды. Қаланды астынан 1ҚҚ-на тән ошақ
нобайы көрінді. Кесек қаландының алынуы барысында оңтүстік бөлігінің
астынан көлемі тауық
жобалас құс сүйегі анықталды.
Кесіктің солтүстігіндегі пеш пен қара түсті күл қабаттары, аталған нысан орналасқан жердің
шеберхана болғандығынан хабар береді. Ары қарай зерттеу жұмыстары
барысында анықтайтын
боламыз.
Осыдан кейін зерттеу жұмыстары аяқталды да, кесінді беттері тазаланып 0,50 м ярустарға бөлінді.
Кесінді беттері бізге топырақ қабаты құрамы мен мәдени қалдықтардың төмендегідей екендігін
көрсетіп берді (3-сызба).
Кесіндінің шығыс қимасы.
1. Кесіндінің шығыс қимасының солтүстік бөлігі 10 см шым қабаты.
2. Оның асты 1,5 ярусқа дейін қи кесектер.
3. Кесіндінің солтүстігінде, 3 ярустың орта тұсында қара күл қабаты мен кесек қаландылары
орналасқан.
4. Оңтүстік бөлігі шым қабатынан кейін 3ярусқа дейін бос топырақ.
5. 3 яруста орта көлемді құмыра мен кесек қаландысы анықталды.
6. Ал қалған бөліктері құланды мен бос топырақтан тұрады.
Кесіндінің солтүстік қимасы.
1. 10 см шым қабатынан кейін 2 ярусқа дейін құланды бос топырақ.
2. 3 яруста 20 см күл аралас бос топырақ.
3. 3 яруста 25 см қара түсті күл қабаты мен ошақ мұржасы тәрізді ойық байқалды.
Достарыңызбен бөлісу: