Отан тарихы №1 (97) 2022
ISSN 1814 - 6961 E-ISSN: 2788-9718
33
Кіріспе. Отандық тарих ғылымында қазақстандық полиэтникалық қоғам тарихының мәселелерін
зерттеу өзекті болып саналады. Халқымыздың көпэтностылығы демократияның одан әрі дамуына
мүмкіндік беретін
артықшылық болуымен қатар, әртүрлі этникалық ерекшеліктер негізінде
туындайтын жағдайлар болып тұратындықтан айрықша көңіл бөлуді қажет етеді. Қоғамымыздағы
ішкі саяси тұрақтылық этнос өкілдерінің өзара іс-қимылдарының бірегей құбылысының нәтижесі
болып есептеледі. Елімізде өмір сүріп жатқан этностардың сан қырлы
этникалық ерекшеліктері
- өзіндік тарихы, тілі мен діні, дәстүрлері бар. Әлемде жүріп жатқан жаһандану үрдісі жағдайында
әр ұлттың өз мәдениетінің ерекшелігін сақтап қалуға, өзінің этникалық бірегейлігін сезінуге
құштарлық туындайды.Осыған байланысты этнос өкілдерінің тарихи-этникалық болмысын,
тарихи
тағдырын, көшіп-қонуының негізгі факторларын, басқа ортаға бейімделуін, этникалық
ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан зерттеу қажеттігі арта түсуде.
Мақалада Ресей патшалығы
тұсында Қазақстанның этностық біртектіліктен көп ұлтты елге айналғаны, кеңестік дәуірде еліміздің
этностық құрылымында күрделі мәселелер қордаланғаны, ал тәуелсіз Қазақстан жағдайында тиімді
әрі оңтайлы этносаралық қатынастардың жүзеге асырылып жатқандығы қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: