ISSN 1814 - 6961 E-ISSN: 2788-9718
Отан тарихы №1 (97) 2022
34
әлеуметтік және ғылыми талдаулар мен пайымдаулар жазылды. Т.О. Омарбеков (Омарбеков, 1997,
2004) күштеп қоныс аударту, қуғындау мәселелерін қарастырып, халықтың табиғи-тарихи даму
заңдылықтарын ескермеудің қандай қасіретке ұрындыратынын нақты деректермен сипаттады.
Қазақстандық демография саласының ғылым ретінде қалыптасуының негізін қалаушылардың
бірі М.Х. Асылбековтың еңбектерінде (Асылбеков, 2003, 2005) Қазақстан
халқының әлеуметтік-
демографиялық дамуының негізгі үдерістері сараланады. Қазақстан тарихының ақтаңдақтары
және халықтың этникалық құрамына Қ.Қ. Әбуев зерттеулері (Әбуев, 1994, 2006) арналды.
Х.М. Әбжановтың еңбектерінде (Әбжанов, 2007, 2014) қоғамның этномәдени қырлары, қазақ
тілі мен жаңашыл идея мәселелерізерттеледі. Алтай аймағының Ресей иелігіне өту себептері және
отарлаудың жергілікті халыққа тигізген саяси-әлеуметтік зардаптарына Ғ.М. Қарасаев (Қарасаев,
2010, 2016) талдау жасады. Құпияландырылған мұрағаттық материалдар негізінде жазылған
Г.В. Кан зерттеулерінде (Кан,1998, 2011) Қиыр Шығыс өлкесінен Қазақстанғакүштеп жер аударылған
корейлер тарихыжәне тоталитарлық жүйенің
ауыртпалығына қарамастан, корейлердің әлеуетін
сақтап қалғандығы шынайы бейнеленеді. А.И. Құдайбергенова (Құдайбергенова, 2011, 2016)
Қазақстандағы көші-қон үдерістерінің динамикасы мен демографиялық салдарын тың әдістемелік
тұжырымдама тұрғысынан зерттеп, тарихи-демографиялық даму жағдайын талдады.
«Из истории поляков в Казахстане (1936-1956 г.г.) атты құжаттар жинағында депортацияның
заңнамалық базасы, жаппай қоныс аударудың құжаттық хроникасы берілген (Из истории поляков,
2000). «Қазақстандағы Кеңес мемлекетінің көші-қон саясаты (1960-1990 ж.ж.)» атты монографияда
(Ерімбетова, 2009) көші-қон үдерістерінің халықтың әлеуметттік және
ұлттық құрылымға тигізген
әсері тың мұрағаттық деректер негізінде зерттеліп, этностардың әлеуметттік-демографиялық
даму ерекшеліктері қарастырылады. «Қазақстандағы көші-қон және демографиялық ахуал
(XX ғ. 20-50 ж.ж.)» атты монографияда (Еңсенов, 2018) көші-қон ерекшеліктері және оның ұлттық
құрамға әсері сараланып, көші-қон үдерістерінің тарихы мен тарихнамасы айшықталады. Кеңестік
дәуір және қазіргі кезеңдегі
этнос тілдерінің жағдайы, қазақстандық тіл саясатының
этносаралық қатынастағы рөлі мен қызметі Т.Е. Жабелова еңбегінде (Жабелова, 2003) жан-
жақты талданған.«Қазақстан халқы Ассамблеясы: жиырма жылдық тарих» еңбегінде (Тоғжанов,
2015) қазақстандық қоғамдықкелісімнің қалыптасуының күрделі де көпқырлы үдерісіне тарихи
тұрғыданпайымдаулар жасалды. «Этносы Акмолинского Приишимья: история и современность»
еңбегінде (Этносы, 2009) Есіл бойы аймағының этникалық әртүрлілігінің пайда болу тарихы мен
қазіргі жағдайы зерттеліп, бұрын қолданыста болмаған дереккөздер негізінде Елорда тарихы,
этникалық компоненттері берілген.Осы аталған ғылыми еңбектерде
Қазақстанның полиэтникалық
қоғамға айналу үдерісінің тарихи кезеңдері жүйелі түрде қамтылып, сипатталған.
Жоғарыда аталған зерттеулерге қарамастан, Қазақстан Республикасындағы ұлттық қатынастар,
олардың мемлекеттік-құқықтық реттелу мәселесінің көптеген аспектілері қазіргі заман талабына
сай жаңа концептуалдық көзқарастар тұрғысынан толықтай зерттеліп, шешімін таппай отыр.
Достарыңызбен бөлісу: