20
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
5-cабақ
ТҮЙІНДЕМЕ
Анықтамасы:
Түйіндеме – белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы,
кәсіптік шеберлігі, біліктілігі, икемділігі жайлы нақты, қысқа
мәлімет беретін ісқағазының бір түрі.
Түйіндеме (Резюме) –
француз тілінен алынған термин. “Айтылған я
жазылған мәселенің қысқаша түйіні” деген мағына береді.
Бүгінгі нарық заманында мемлекеттік органдарға, фирма, кәсіпорын-
дарға қызметкерлер қабылдау үшін түйіндеме талап етеді. Түйіндемеде
белгілі бір адам туралы мәліметтер ықшам әрі нақты түрде беріледі. Са-
уатты әрі толық жазылған түйіндеме сіз туралы жақсы әсер қалдырады.
Бұл өзіңіз қалаған жұмысты тезірек табуға көмектеседі.
Жалпы тәжірибеде түйіндеме екі түрде жазылады. Бірінші – құжат
атауы А-4 қағазының ортасына қою қара әріппен жазылады. Екінші –
құжат атауы көрсетілмейді, үміткердің аты-жөні А-4 қағазының ортасы-
на қою қара әріппен жазылады.
Түйіндемеде үміткердің «Түйіндеме құрылымында»
көрсетілген
мәліметтер беріледі.
6
Құрылымы:
1. Құжат атауы.
2.Үміткер туралы толық мәлімет: (аты-жөні, туған жылы, күні, айы,
туған жері, ұлты, жынысы, отбасы жағдайы, азаматтығы).
3.
Мекенжайы, телефондары, электрондық пошта (e-mail).
4. Үміттеніп отырған орны.
5. Білімі, бітірген оқу орындары.
6. Мамандығы.
7.
Еңбек өтілі, жұмыс тәжірибесі.
8. Ғылыми атағы, дәрежесі.
9. Жетістіктері.
10. Тілдерді білуі.
11. Компьютерді білуі.
12. Жеке қасиеттері.
13. Қызығушылығы.
14. Қосымша ақпараттар.
15. Ұсыным хат немесе кепілдеме.
õ
Түйіндеменің ерекшеліктері:
1) үміткердің білімі және кәсіби шеберлігі туралы мәліметтердің кері
хронологиялық
тәртіпте берілуі;
21
Орынғазы Әбутәліп
2) бір мезгілде бірнеше жұмыс орнына өткізуге болатындығы.
Түйіндемеде белгілі бір адам туралы
мәліметтер ықшам әрі нақты
түрде беріледі. Түйіндеме 3-ші жақта жазылады.
Түйіндеме берудің екі түрлі тәсілі бар:
•
1-ші хронологиялық;
•
2-ші функционалдық.
Достарыңызбен бөлісу: