47
Орынғазы Әбутәліп
жариялау
– объявить
міндетті
– обязан
заңгер
– юрист
үйлестіруші
– координатор
бағдарламашы
– программист
атқарушы
директор
– исполнительный директор
жетекші маман
– ведущий специалист
бөлім меңгерушісі
– заведующий отделом
аға ғылыми қызметкер
– старший научный сотрудник
кәсіп
– профессия
кәсіпорын
–
предприятие
лауазым
– должность
мекеме
– учреждение
ұйым
– организация
салық төлеушінің тіркеу нөмірі – регистрационный номер
налогоплательщика
әлеуметтік жеке код
– социальный индивидуальный
код
жеке сәйкестендіру нөмірі
– индивидуальный
идентификационный номер
жеке іс
парағын толтыру
– заполнить личный листок
атқаратын лауазымы
– занимаемая должность
аяқталмаған жоғары білім
– незаконченное высшее
образование
48
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
8-cабақ
БҰРЫШТАМА
Анықтамасы:
Бұрыштама – мекемеге келіп түскен ісқағаздарының бұрышына
жазылатын мекеме басшысының қысқаша нұсқауы.
Бұрыштама ұйымда қалатын құжат данасының (жоспардың жоба-
сына, есептерге, хаттарға және басқалар) бастапқы бетінде қойылған
қолдан төмен қойылады.
Бұрыштама Өкімдік құжаттардың
жобаларының бірінші данасы-
на қойылады. Өкімдік құжаттың соңғы парағының сыртқы бетіне
бұрыштама қоюға рұқсат етіледі.
Бұрыштама бұрыштама қоюшының қолын, күнін, қажет жағдайда
қолтаңбаның толық жазылуын (аты-жөнін және тегін) бұрыштама
қоюшы лауазымының атауын қамтиды.
Түпнұсқа бұрыштамада бірінші тұрған орындаушыға беріледі.
Бұрыштама тырнақша қолданылмай, кіші әріптермен ресімделетін
«Келісілді» деген сөзден, сондай-ақ құжат келісілетін тұлға лауазымының
атауынан (ұйымның атауын қоса алғанда), жеке қолынан және оның
толық жазылуынан және келісу күнінен тұрады.
Ең бастысы, бұрыштама қысқа жазылуы керек. Онда нұсқауды
орындауға тиіс адам мен орындалу мерзімі анық көрсетілуі керек. Не
істеу керектігі нақты көрсетілуі тиіс. Бұрыштамада мағынасы екіұшты
сөздер жазылмайды.
Мысалы:
Алматы электротехникалық
Қарсы емеспін зауытының директоры
16.07.09
Н.Ә. Әміреевке
Өткізу бөлімінің
технигі Н.Сағындықұлынан
ӨТІНІШ
Қазақ ұлттық техникалық университетін бітіруіме байланысты мені
өткізу бөлімінің инженері қызметіне ауыстыруыңызды сұраймын.
15.07.09 (Қолы)
49
Орынғазы Әбутәліп
Бұрыштама құжаттың бірінші бетінің жоғарғы жағына, ал брошю-
ра түріндегі құжаттардың мұқабасына жазылады. Қаламмен, мүмкін-
дігінше анық, үлкендеу етіп, қысқартуларсыз жазу керек.
Нұсқауды
орындау тапсырылатын адамның аты-жөнінің басқы әріптері, тегі, орын-
дау мерзімі анық жазылады, күні, айы екі санмен көрсетіледі. Мысалы,
03.03. («3 наурыз» емес), 05.01. («5 қаңтар» емес). Бұрыштама ресми
стильде жазылады. Басы артық сөздер қолданылмай, істің негізгі мәні
ғана айтылады. Бұрыштамаға күні жазылып, басшының қолы қойылады
немесе тегі жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: