О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу


Жұмысшының еңбек құқын қорғауға қосымша кепілдік



Pdf көрінісі
бет85/159
Дата09.05.2023
өлшемі3 Mb.
#473411
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   159
О.ӘБУТӘЛІП (4)

11. Жұмысшының еңбек құқын қорғауға қосымша кепілдік 
беретін мағлұмат: 
Бұл бөлікте жұмысшының еңбек құқын қорғауға берілетін қосымша 
кепілдіктер жайлы айтылады. Атап айтқанда, басқа жұмысқа ауыстыру, 
еңбек демалысын өткізуге берілетін жеңілдік, қоғамдық көлікте жүруге 
берілетін жеңілдік, медициналық, мәдени және тұрмыстық қызмет 
көрсету, тұрғын үймен қамтамасыз ету, т.б. Мысалы: 
Еңбек келісімінде көрсетілген мерзім аралығында жұмысшы 
көрсетілген міндеттерді толық атқарып, келісім талаптарын 
орындаған жағдайда жұмыс беруші әкімшілік тарапынан қосымша мы-
надай жеңілдіктерге кепілдік береді:
аҚазақстан Республикасы Президентінің 21.04.1993 жылғы №431 
Жарлығында айтылған жеңілдіктерді толық пайдалануға;
әҚазақстан Республикасы Президентінің 22.07.1995 жылғы №132 
Жарлығында айтылған жеңілдіктерді толық пайдалануға;
бЖеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін пайызсыз қарыз алуға.
12. Еңбек пен демалыс тәртібі: 
Бұл бөлікте жұмысшының еңбек тәртібі, оның ерекшеліктері айтыла-
ды. Мысалы: 
Жұмысшыға 5 күндік (40 сағаттық) жұмыс күні белгіленеді. Толық 
емес жұмыс күніне көшіру қосымша өзара келісім негізінде жүзеге 
асырылады. Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заң кодексіне 
сәйкес жұмысшы өз міндетін атқаруға демалыс, мейрам күндері де 
шақырылуы мүмкін.


138
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
13. Ақшалай сыйлық көлемі және оның төлену тәртібі: 
Бұл бөлікте еңбекақы төлеу тәртібі және қосымша берілетін ақшалай 
сыйлық көлемі мен оның берілу тәртібі айтылады. Мекеме немесе 
ұйымның өз ерекшелігіне, жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы 
келісім жағдайына қарай:
а) лауазымдық төлемақы көлемі (айына_____теңге);
ә) сағаттық төлемақы көлемі (сағатына _____теңге);
б) атқарылатын жұмыс ерекшелігіне қарай үстеме ақы (лауазымдық 
төлемақы мөлшерінің ____ пайызы);
в) басқа қосымша ақы мөлшері (теңгемен я пайызбен);
г) мереке күндері берілетін ақшалай сыйлық мөлшері (теңгемен, па- 
йызбен) көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   159




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет