46
Үміт cәулесі
өзіңе жүктелген міндетті атқаруға тырыс. Мысалы,
сенің бір міндетің – денсаулығыңды сақтап, салауат-
ты өмір салтын ұстану. Бұл міндетіңді барынша ты-
рысып атқарып жүрсең де ауырып қалсаң, демек осы
ауру сенің тағдырыңа жазылған деп түсіну керек. Ұлы
Жаратушы Ие «Құлым басына ауру келгенде не істер
екен» деп осы ауруды тағдырыма жазған деп ойлап,
сабыр сақтай отырып міндетіңді атқаруыңды ары қарай
жалғастыруың қажет. Басыңа осы аурудың келуімен
сенің мойныңа тағы бір міндет жүктеледі. Ол – Аллаға
тәуекел ете отырып, осы аурудан жазылудың жолдарын
қарастырып, шамаң келгенше емделуге тырысу және
еңбегіңнің нәтижесін Жаратқан Иеден күту.
Ашуға алдырмас бұрын тағдырға бойұсын, өкінішке
қалмас үшін тағдырды мойында. Алла елшісі (с.а.с.) бір
сөзінде:
اَم َو ُ َّللا َرَّدَق ْلُق ْنِكَل َو اَذَك َو اَذَك َناَك اَذَك تْلَعَف يِّنَأ ْوَل ْلُقَت َلَف
َلَعَف ُ َّللا َءا َش
«Егер мен былай істесем, былай болатын еді»
деме, «Алланың жазғаны осы және Алла өз қалағанын
жасады деп айт»
17
деген. Олай болса қандай да бір
іс болғаннан соң былай істеген басқаша болар еді деп
өкіну орынсыз, ең маңыздысы шама жетсе екінші мәрте
қайталамау. Атам қазақ та «Өткен іске өкінбе, жетпесті
қума» деп даналық қалдырған.
Достарыңызбен бөлісу: