181
Үміт cәулесі
Мұғаз!» – деп қайталады. «Иә, Алланың елшісі (с.а.с.),
тыңдап тұрмын» –деп Мұғаз да ерекше ынта таныт-
ты. Үш рет айтқан соң Расулалла (с.а.с.): «
Кім шын
жүректен «Бір Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед
Оның елшісі» деп куәлік сөзін айтса, жаһаннамның
оты оған харам» – деді. Мұғаз (р.а.): «Мұны айтып,
адамдарды қуандыруға бола ма?» – деп сұрағанда:
«Жоқ, өйткені олар соған тым арқа сүйеп, амал ету-
ден қалады» – деді». Мұғаз (р.а.) бұл хадисті өмірінің
соңында ғана айтып кеткен екен.
Осы сөз бойынша амал еткен адам бақытқа кенеліп,
тозақтың ыстық отынан құтылады. Алла «Зумәр»
сүресінің 61-аятында:
«Алла тақуаларды құтқарады»,
– деген.
Жәрдемге кенелу, шүкір
ету және көмек табу
үшін осы сөзге шақырушы да бақыт таппақ. Осы сөзді
сүйген адам басқалардан үстем болып,
мейірімге
бөленіп, құрметтелмек. Алла «Мұнафиқун» сүресінің
8-аятында:
«Негізінде үстемдік Аллаға, елшісіне
әрі мұсылмандарға тән», –
деп иман келтірген
мұсылмандардың да үстем болатындығын айтқан.
Құлдық қамытын киген Біләл да осы сөзді айтып,
мойындау арқылы азат етілді. Алла оны ақыретке дейін
аты аталатын әйгілі де үлгілі етті.
Бұл ұлы сөзді Әбу Ләһаб қырсығып айтпай, өмірден
бақытсыз өтті, ақыреті де бақытсыз болмақ. Алла «Хаж»
сүресінің 18-аятында:
«Алла кімді қорласа, сонда оны
Достарыңызбен бөлісу: