Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й к ар гу әож кбж



Pdf көрінісі
бет329/441
Дата16.05.2023
өлшемі3.59 Mb.
#473784
түріОқулық
1   ...   325   326   327   328   329   330   331   332   ...   441
Okulik XX kazak adebiet

ІІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
жолындағы зерттеу жұмыстары тез 
арада қолға алынсын деген байлам 
жасалды.
4. ХХ ғасыр басындағы қазақ әде-
биетінің дамуына зор үлес қосқан 
алашшыл арыстардың шығар ма шы-
лығы рухани және ғылыми ортадан 
мүлде аластатылды, зерттеу нысана-
сына алыну мүмкіндігінен мүлде ай-
ырылды. Оларға ұлтшылдықтың қара 
таңбасы мықтап басылды. Бұлардың 
өздерін ғана емес, шығар маларын 
оқығандарға да, ғылыми зерттеу 
еңбектерде қосымша қарастыр ған-
дарға да ұлтшылдық қамытын кигізіп 
жіберетін қасіретті керағар түсінік 
қалыптасты. 
5. Конференция социалистік реа-
лизмді бүкіл кеңес әдебиетінде се-
кілді қазақ әдебиетінде де ең бас-
ты көркемдік әдіс болатынын тео-
риялық тұрғыда негіздеп берді. 
М. Қаратаев өз баяндамасында 
бұл әдістің өзі түгіл атауы да жоқ 
болған 1920 жылдардағы сын-
шыл реализм дәстүрінде жазылған 
шығармаларды социалистік реа-
лизмге барар жолдағы ізденістер мен 
алғашқы қадамдар еді деп икемдей 
баяндауы осыны көрсетеді. Бұдан 
баяндамашы социалистік реализмді 
маркстік-лениндік ілімнің әдебиеттің 
партиялығы, халықтығы, таптығы 
секілді принциптерінің аясына қа рай 
негіздеуді мақсат тұтты демеске лаж 
жоқ.
Бұл айтылғандардан шығатын 
қо рытынды: ұлттық ғылыми-зерт-
теу шілік ой-пікір әдеби мұраны 
маркс тік-лениндік 
әдіснаманың 
әлем дік ғы лым дамуынан тыс, тота-
литарлық жүйеге сүйенген құрсаулы 
қағидаларына, атап айтқанда, әде-
биеттің таптығы, партиялығы, ха-
лықтығына сай ғана зерттеуге бір-
жола душар болды; В. И. Ле ниннің 
екі түрлі мәдениет туралы пікірі 
әдеби мұраны игеруде басшылыққа 
алынатын бірден-бір айнымас қағи-
да болып тұжырымдалды; ұлттық 
мүддеге қарай тамыр тартатын жа-
ңаша ізденістерінің барлық жолы 
кесілді; кеңес дәуіріндегі әдебиет 
ғана емес, бүкіл әдеби мұра тек 
осы қағидалар шеңберінде идеялық 
жағынан дұрыс, лениндік әдіснама 
жағынан ғылыми терең, партиялық 
тұрғыда әділ бағалануы қатаң ба-
қылаумен орнықтырылды; қазақ 
әдебиеттану ғылымының ғасыр ба-
сынан бері ұлттық таным-білікке 
сай жүргізілген соны табыстары-
ның көпшілігі жоққа шығарылды; 
еуропацентристік пиғыл мен ұлы 
державалық шовинизмнен, нәсілдік 
менсінбеушіліктен де тартынбаған, 
тіпті қажет жерінде «тұрпайы со-
циологизмді» де пайдаланып қа-
лып отыратын маркстік-лениндік 
әдіснаманың толық билігі орнады. 
Қандай да болсын ұлт республика-
ларында сол халықтың мүддесіне 
сай жаңа қадамын қырағы қадағалап 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


350


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   325   326   327   328   329   330   331   332   ...   441




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет