Қазақстан республикасы ғылым жәНЕ


 Философиялық антропологияның негізгі сұрақтары



Pdf көрінісі
бет6/9
Дата20.05.2023
өлшемі258.72 Kb.
#474030
1   2   3   4   5   6   7   8   9
2 ТК Боранбаев Ж.

2. Философиялық антропологияның негізгі сұрақтары. 
Онтологияның антропологиямен байланысы. Философиядағы адамның 
негізгі бейнелері. Микрокосм жене макрокосм. Антропоцентризм 
феномені. Тәнилік пен руханилықтың гармониясы. Тән мен рухтың 
антиномиясы. Өмір мен рух үйлесімін іздестіру формалары. Адам өмірінің 
бірегейлігі. Өмір құндылық және аса қымбат тарту есебінде. Өмір 
алдыңдағы игі көңіл-күй. Өмірдің мағынасы. Рахатқа бату бақыты адам 
өмірінің мән-мағынасы ретінде. Өмірдің адамгершіліктік мағынасы: дін 
мен философияның тәжірибесі. Бақыт феномені. 
Гректің антропос – «адам» және логос «ілім» сөзінен құралған, 
антропология дегеніміз – адам туралы ғылым. 
Антропология адамның табиғи құрылысын, оның бейімдері мен дағдысын, 
тілін, өнерін, діні мен өркениетін зерттейді. 
Антропологияның үш маңызды бағыты бар. Біріншісі, адамның табиғаттағы 
орнын қарастырып, басқа тіршілік иелерінен айырмашылығын анықтайды. 
Осы мақсатта адамның табиғи қасиеттері мен дамуының, өркениетінің 
өзара байланысына назар аударады. 
Екіншісі, адамның нәсілдерін анықтап, жүйелеумен тығыз байланысты. Ол 
этнология деп аталады. Алғашқы адамдардың қаңқасы мен бассүйектерін 
қазіргі адамдармен салыстыра отырып, әртүрлі халықтар мен нәсілдердің 
дәстүрлері мен дінін зертейді. Сөйтіп, әр халықтың өзіндік тарихи, мәдени 
ерекшеліктерін анықтайды. 
Үшінші бағыт антропометрия деп аталады. Бұл ғылым адамның табиғи 
өлшемдерін бойын, салмағын, әртүрлі нәсілдің өкілдерінің сүйектерінің 
көлемін зерттейді. 
Адам - философияның өзекті, байырғы және өте маңызды мәселесі. 
Философияның адам мәселесін арнайы зерттейтін бөлігі антропология деп 
аталады. Оның негізгі сұрағы – «Адам дегеніміз не» мәселесі. Адам туралы 
толық мәліметті пәнаралық зерттеу аясында көптеген ғылымдардың 
көмегімен жинақтауға болады. Сондықтан да соңғы жылдары адамтану 
ғылыми танымның ерекше саласы және оқу пәні ретінде жеке 
қарастырылады. Философия адамды тиянақты, бүтін, біртұтас жүйе деп 


анықтап, барлық мәндік қасиеттері мен құбылыстарының өзіндік рухани – 
практикалық іс - әрекетінің жүйесі ретінде, көпжақты, әмбебап жан етіп 
көрсетеді. 
Адамның табиғаты мен мәні туралы сұрақ философия тарихындағы барлық 
ілімдерде бар. Адам проблемасын философиялық зерттеудің негізгі өзегі 
етіп қарастыратын экзистенциализм, персонализм және философиялық 
антропологияны қоспағанның өзінде психоанализ, герменевтика, 
структурализм, аналитикалық философия, социобиологияда адам 
тақырыбы көрнекті орын алып отыр. Мұның өзі тек жай ғана кездейсоқтық 
немесе ұқсастық емес. Қазіргі уақытта Адам төңірегіндегі мәселелердің 
алдыңғы қатарға шығып, әлемнің барлық түпкірінде өзекті мәселеге 
айналуы, ең алдымен, нақты индивидтің күнделікті өмір сүруінен кездесіп 
отырған жағдайдан туындап отыр. Ядролық қару – жарақтың күннен – күнге 
көбейе түсуі, табиғи ортаның бұзылуы адамдарды өте бір қиын сын 
сағатына әкеліп, апырау, осы адамзаттың ертеңгі күні не болмақ деген 
үрейлі сұрақтарды жиі – жиі туғыза түсуде. 
Генетикалық инженерияның даму бағыты, әртүрлі органдарды 
трансплантация жасау мүмкіндіктері адамның биологиялық табиғаты 
туралы үйреншікті көзқарастарды өзгерте түсуде. Сонымен қатар, адам 
биологиясының біз білмейтін қаншама терең сырлары бар екендігінде де 
күмән жоқ. Адамның өзін - өзі басқаруы, яғни психологиялық мәселелер де 
бой көрсетуде. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет