Біліміңді еңбек пен өмірдің Өзінде шыңдап отыр! Сонда ғана білім деп аталатын асыл тас ешқашан тот баспастан жалтырай да жарқырай береді



Pdf көрінісі
бет11/12
Дата21.05.2023
өлшемі1.28 Mb.
#474064
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
2

ФКББИ 1-курс студенті
 
Байходжаева Гүлжәйна 
 
ҚҰПИЯ ДӘПТЕР 
Бұл жинақ жас ақын, әрі прозаға талаптанып жүрген жас жазушы 
Нұрболат Жексенбайдың шығармашылығынан тұрады. Бірінші бөлімде 
талапкердің балаң кездегі, жастық шағындағы жазған жауқазын 
жырларынан тұрады. Екінші бөлімге алғашқы әңгімелері «Ақ жейделі 
ағай» мен «Жұмбақ махаббаты» енгізілген. Жас жазушының әлі лайлана 
қоймаған, көңіл елегінен өткен сезімдер қандай болады екен?! Ол тек 
оқыған оқырманға аян. Жинақ барша оқырмандарға арналады! 
Нұрболат ЖЕКСЕНБАЙ 2000 жылы туған. Қазіргі таңда ҚазҰПУ-
дың 
филология 
факультетінің 

курс 
студенті. 
Қырғызстан 
Республикасының «ЭНЕ» атты Халықаралық мүшайрасында бас жүлдесін 
жеңіп алған. «Шыңғыс Айтматов» медалінің иегері. «Жас Қалам» 
ұйымының төрағасы. Шығармалары «Көктем ғұмыр», «Күнге қарай 
жүгіру», «Шабытым арқау болған жиырма бес» кітап жинақтарына енген. 
Аудандық, облыстық, республикалық жыр додаларының жеңімпазы

ҚАРА ӨЛЕҢ МЕН ҚАРА СӨЗ 
ДӘСТҮРІНДЕГІ БАЛАУСА 
ТУЫНДЫЛАР 
Сөз өнері - Жаратушы Алланың құдіретімен Адам Ата мен Хауа 
Анадан өсіпөнген саналы адамзат ұрпақтарының жан жүйесіндегі, 
дүниетанымындағы ақыл-ойдың жемістері. Адамдардың жан ділі мен оларды 
қоршаған ғаламдық-ғарыштық кеңістік көріністерінің, тіршілік иелері 
қасиеттерінің, жаратылыс құбылыстарының табиғитанымдық 
ықпалдастықтарының әсерінен туындаған сөз өнері туындылары 
көпғасырлық адамзат тарихындағы ұрпақтардың көркем ойлау 
дүниетанымын қалыптастырды. Адамдардың көркемдікэстетикалық 
дүниетанымын сәулелендіру, нұрландыру ықпалымен сөз өнері туындылары 
жаңа буын ұрпақтардың атабабалар жолымен өнегелі өмір сүруіне, тіршілік 
қозғалыстарының, құбылыстарының қарама-қайшылықтарын, 
қақтығыстарынтартыстарын және ғажайып үндестіктерін, даралық болмыс 
ерекшеліктерін сезіндіретін өмір философиясын түсінуіне танымдық бағдар 
берумен келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет