16.09.2022, 23:50
Континент WWW - «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарынд…
https://continent-online.com/Document/Document.aspx?doc_id=30058190&sublink=0&mode=all&action=print&comments=on&user_comments…
22/32
он тəулікке дейін:
1) əскери қызметшінің жұбайының (зайыбының),
жақын туыстарының, əскери
қызметшінің жұбайы (зайыбы) жақын туыстарының денсаулық
жағдайы ауыр болған
немесе олар қайтыс болған (қаза тапқан);
2) əскери қызметшінің жақын туыстары, əскери қызметшінің жұбайының (зайыбының)
жақын туыстары табиғи немесе техногендік сипаттағы
төтенше жағдайларға ұшыраған
жағдайларда беріледі.
Некесі тіркелген немесе баласы туылған жағдайларда отбасы жағдайлары бойынша
қысқа мерзімді демалыс əскери қызметшілерге растайтын құжаттың (азаматтық хал актісі,
туу туралы куəлік, туу туралы медициналық куəлік немесе
туу фактісін белгілеу туралы
сот шешімі) көшірмесі қоса берілген баянаттың негізінде беріледі.
Əскери қызметшінің жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының, əскери
қызметшінің жұбайы (зайыбы) жақын туыстарының денсаулық жағдайы ауыр болған
жағдайда, отбасы жағдайлары бойынша қысқа мерзімді демалыс əскери қызметшілерге
медициналық мекеме берген растайтын құжат қоса берілген баянат негізінде беріледі.
Əскери қызметшінің жұбайы (зайыбы),
жақын туыстары, əскери қызметшінің
жұбайының (зайыбының) жақын туыстары қайтыс болған (қаза тапқан) жағдайда жəне
əскери
қызметшінің жақын туыстары, əскери қызметшінің жұбайының (зайыбының)
жақын туыстары табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға ұшыраған
кезде, отбасы жағдайлары бойынша қысқа мерзімді демалыс əскери қызметшілерге баянат
негізінде беріледі. Демалыстан келгеннен кейін əскери қызметші он жұмыс күні
ішінде
əскери қызмет орны бойынша демалыстың берілу негізін растайтын құжатты ұсынуға
міндетті.
Əскери қызметшіге берілетін отбасы жағдайлары бойынша
қысқа мерзімді демалыстың
ұзақтығы демалысты өткізу орнына дейін барып-қайтуға қажетті тəулік санына
ұлғайтылады.
Достарыңызбен бөлісу: