Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет106/181
Дата27.05.2023
өлшемі4.33 Mb.
#474356
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   181
1 2019

 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. 
Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2006. 2 том.– А-Б. – 744 б.
2. 
Ф.Оразбаева. Тіл әлемі. Мақалалар мен зерттеулер. – Алматы: «Ан Арыс», 2009. – 368 б.
3. 
Ф.Оразбаева. Тілдік қатынас негіздері. Оқулық. – Алматы: «Print-S», 2005. – 147 б.
 
 
 
ПРОФЕССОР Ф.Ш. ОРАЗБАЕВА ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕГІ ТЕРМИН ЖАСАМ МЕН ТЕРМИН 
ҚОЛДАНЫСЫ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕЛЕР 
 
 
Жиренов С.А. 
 
Абай ат. ҚазҰПУ-нің қауымдастырылған профессоры (доцент),
филология ғылымдарының кандидаты 
 
Аннотация: В статье рассматриваются проблемы терминооброзование в исследованиях профессора 
Ф.Ш.Оразбаевой с теоретической и практической точки зрения. В научных трудах проводится 
лингвистический анализ терминов, касающихся их применения. Также был проведен анализ 
лингвистической природы терминов в исследованиях профессора Ф.Ш.Оразбаевой, особенности их 
применения и терминальное поле в научно-теоретическом контексте. 
Ключевые слова: термин, терминальное значение, языковое коммуникация, говорение, чтение, 
письмо, язык, аудирование и т.д. 
Annotation: The article discusses the problems of terminology in the research of Professor F.Sh. Orazbaeva 
from a theoretical and practical point of view. In scientific works, a linguistic analysis of terms relating to their 
application is carried out. An analysis was also made of the linguistic nature of the terms in the studies of 
Professor F.Sh. Orazbaeva, the features of their application and the terminal field in a scientific and theoretical 
context. 
Keywords: term, terminal meaning, language communication, speaking, reading, writing, language, listening, 
etc. 
Ғылымды ғалым жасайды. Ғалым ғылымға қызмет етеді. Ғылым жолы тақтайдай тегіс жол емес. 
Ғылым жолы бұралаңы мен шырғалаңы мол, асқарлы асудан, құлдилаған сайдан, еңісінен биігі көп жол. 
Ал ғылым адамы осы жолға саналы түрде барып, төзім мен жігерді серік еткенде ғана ғалым болып 
қалыптасары анық. Біз осы мақаламызда ғылым жолының бар қияметіне көне білген, жай ғана көніп қана 
қоймаған, сол жолдың жолбасшысына айналған ғалым, профессор Фаузия Шәмсиқызы Оразбаеваның 
ғылым өткелегіндегі жеңісті жолдарының бір парасын сөз етпекпіз. 
Профессор Ф.Оразбаева тіл білімінің теориясымен қатар оны оқыту әдістемесі ғылымымен тең 
дәрежеде зерттеу жүргізген ғалым. Ғалымның ғылымдағы алғашқы қадамы тілдің теориясынан басталған. 
Ғалымның тіл теориясына қатысты зерттеулері қазақ сөзінің байлығы саналатын, тілдің шұрайы 
синонимдік саланың бір қабаты «Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім синонимдерге» арналған. Ғылым 
жолында тақырыбыңды сәтті таңдауың болашақ өмір жолың мен азаматтық ұстанымыңа көзге көріне 
бермейтін дәрежеде ықпал ететіндігі анық. Бұл жағынан келгенде профессор Ф.Оразбаеваның сын есім 
синонимдерді зерттеуі болашақта өзіне-өзі сын көзімен қарауды, сондай-ақ жақсы мен жаманның парқы 
мен нарқын парасат көзімен пайымдауына бір кездегі сын есім синонимдер ықпал еткендігін ғалымның 
бүгінгі қол жеткізген биігіндегі кісілік тұлғасынан байқауға болады.
Ғалым-ұстаздың ғылыми ізденістерінен тілдің теориясына қатысты зерттеулерін өндіріске енгізу, 
практикалық қолданысын күшейтуді мақсат тұтқандығын байқауға болады. Оған дәлел ретінде 
теориялық зерттеулердің өміршеңдігі практикамен байланысты екендігі белгілі. Осы жағын ескерсек 
ғалым-ұстаз кейінгі зерттеулерінде теориялық материалдарды оқыту жағына мән беріп, әдістеме 
ғылымының мәселелеріне басымдық берген. Ұстаз-ғалымның теориялық зерттеулерден әдістемелік 
зерттеулерге қарай ауысуын теория мен практиканы ұштастырудан туған қадам деп бағалауға болады.
Ғалымның тіл білімі мен әдістеме ғылымындағы шоқтығы биік зерттеулерінің қатарына «Тілдік 
қатынас: теория және әдістемесі» (- Алматы: РБК, 2000. - 208 б.) немесе «Тілдік қатынас негіздері» (-
Алматы: Print-S, 2005. – 145 б.) деген атаулармен шыққан еңбегін айтуға болады. Осы аталған 


135 
еңбектерінде ғалымның әдістемелік мәселелерді кеңінен толғап, әдістеме іліміне қарай бетбұрыс 
жасағандығын байқауға болады. Профессор Ф.Ш.Оразбаеваның тіл теориясы мен әдістеме ғылымындағы 
лингвистикалық және методикалық зерттеулерінің арнасы кең ғалымдардың қатарына жатады. Біз бұл 
мақаламызда ғалым зерттеулерінде терминдік бірліктердің қолданысы мен терминжасам мәселелеріндегі 
ұстанымына тілдік тұрғыдан талдау жасауды жөн көріп отырмыз.
Жалпы ғылыми кеңістіктегі ғылым салалары үшін термин мәселесі қай кезде болмасын өзекті мәселе 
болып қала берері анық. Ол мейлі қоғамдық-гуманитарлық немесе жаратылыстану, яки техникалық 
немесе медициналық сала болсын бәрібір. Қай ғылым саласы болмасын термин мәселесі ешбір уақыт 
хронологиясына қарамастан, күн тәртібінен түскен емес. Әсілінде термин сөздер қай уақытта болмасын 
күн тәртібінен түспеуінің өзін табиғи құбылыс. Себебі, ғылымдағы ғылыми-техникалық прогресс үнемі 
даму үстіндегі динамикалық үрдіс болғандықтан, термин қолданысы ғылым дамуы мен қоғамдық 
қатынастардың жаңаруымен, ондағы өзгерістерге байланысты, жаңа мәселелердің уақыт өткен сайын 
туындап отырады. 
Профессор Ф.Оразбаева зерттеулеріндегі терминдер мәселесіне көз жүгіртер болсақ, ғалым 
еңбектеріндегі терминдер ең алдымен ұлт тілінің негізінде жасалғандығын бірден аңғаруға болады. Оны 
біз ғалымның жоғарыда атап өткен шоқтықты шығармасы (зерттеуі) «тілдік қатынас» атауынан бастап, 
лингвистикалық зерттеулерінің өн бойындағы терминдердің ұлттық тілдің аясында жасалғандығынан 
көрінеді. Ал ғалымның бұл жолды таңдауы кездейсоқ құбылыс емес. Ол ұлт баласының ұлт тілі 
алдындағы туабітті борышынан туғандығы анық. Жалпы қазақ баласына ұлтты сүюдің ұлы жолын «ұлт 
руханиятының көсемі» Ахмет Байтұрсынұлы салып берді десек асылық айтқандық болмас. Профессор 
Ф.Оразбаева зерттеулеріндегі терминдердің ұлт тіліндегі қолданысына Алаштың ардақтылары 
А.Байтұрсынұлы, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Қ.Кемеңгерұлы, Т.Шонанов секілді көптеген 
асылдарымыздың еңбектері бағдаршам болғандығын бірден аңғаруға болады.
Ғалымның айтулы еңбегінің атауы «тілдік қатынас» немесе «тілдік қатысым» бұл күндері қалыпты 
қолданыстағы терминге айналып кеткендігі анық. Ал бұл термин жалпы тіл білімінде «языковая 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет