«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет115/134
Дата30.05.2023
өлшемі2.89 Mb.
#474470
түріБағдарламасы
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   134
АДЕБИ ЖАДИГЕРЛЕР 1 том

АЛТЫН ТАМҒАН ТАРХАН 
Ғалымдардың жобалап айтуынша, ескерткіш 723 жылы қойылған. 
«Алтын тамған тархан» деген атауына қарағанда, қағанның қасындағы алтын 
таңба-мөрді ұстаушы болуы ықтимал. «Их Асгат ескерткіші», «Хөл Асгат ескерткіші», 
«Алтын тамған тархан ескерткіші» деп əр қилы аталады.
Қазiргi Моңғолияның Бұлғын аймағы Могод сұмыны, Түлээ тауының солтүстiк-
шығысында орналасқан. 
Сандықтастың оңтүстік (А1) жəне батыс (А3), шығыс (А4) үш қапталы жерге 
орнатылған күйінде. Ал солтүстікке қараған төртінші қапталы (А2) құлап қалған. 
Жазу қашалған сандықтастың екі қапталы ( А1, А2) жанартау жынысты тұнбатастан, 
ал қалған екі қапталы ақшыл граниттен жасалынған. Бірінші бітіктастың (А1) 
оңтүстік бетiнде бөрік (қалпақ) киген, қолдарына аяқ ұстаған үш адамның қошқар 


 466
467
оюлы сырмақ үстіндегі отырысы тасқа бедерленіп көркем бейнеленген. Ортадағы кiсi 
малдас құрып, сол қолымен белдiгiн ұстап отыр. Сол жақ тұсындағы кiсiнiң қалпақ 
үстiнде құс бейнесi мен Ашына тектiлердiң таңбасы қашалған. 
Бітіктас (А1, А2) жалпақ төртбұрышты қара көк түсті тұнбатастан жасалынған. 
А1 бітіктастың адам бейнеленген оңтүстік бетінің екі жиегінде бір-бір жолдан 2 жол, 
ал артқы солтүстік бетінде 6 жол қашалған. А2 бітіктастастың төрт жиегінде бір-бір 
жолдан 4 жол жазу жазылған.
1893 жылы ботаник П.П. Левин ескерткіш туралы алғашқы хабарды жариялайды. 
Одан 1893 жылы Н.Я.Ядринцев, Д.А. Клеменц ескерткiштiң көшiрмесiн алады. Осы 
мəліметтер бойынша В.В.Радлов зерттеп, бітіктастың мəтінін орыс, немiс тіліне 
аударады. Одан кейін Х.Н.Орхун, С.Е. Малов, Н. Сэр-Оджав, Л. Болд жəне т.б. 
ғалымдар мəтіндік зерттеулер жүргізді.
Моңғол археологы Н. Сэр-Оджавтың пікірінше, аталмыш сандық тастар жəне 
оның ою-өрнектері Күлтегін, Білге қаған жəне Тұңықұқ ескерткіш кешендеріндегі 
сандық тастарымен өлшемі мен ою-өрнектері ұқсас жасалынған. 
1984 жылы В.Е. Войтов, С.Г. Кляшторный осы ескерткіште қазба жұмысын 
жүргізіп, жалпы жобасын жасады.
2001 жəне 2004 жылдары Алтын тамған тархан ескерткішіне қазақстандық 
экспедициялар зерттеу жүргізді. Ескерткішті қазақ тіліне Н.Базылхан аударды.
Н.Базылхан


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет