«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет42/134
Дата30.05.2023
өлшемі2.89 Mb.
#474470
түріБағдарламасы
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   134
АДЕБИ ЖАДИГЕРЛЕР 1 том

Батыс жағы
40. келді. қарлуқтан ештеңе қ/алмады/ содан кейін 
сегізінші ай үш жаңасында шабуылға аттандым
Қарлуқ тірісінің бəрі түргешке қосылды. Орала түсіп
41. оныншы ай екі жаңасында бардым.
дегені үш
жеңдім кідірдім
содан соң басмыл қарлуқ жоқ болды. Қой /755/ жыл
42. жазды өткіздім.
Табғаш қаны қаған барған.
Бір /қы/з сегі/з ұл баласын/ ұстадым
оралдым екі халықты алып 
Өтүкен/де
жеңдім.
онда отырып мың /қол/ жібердім
Құтты биік туын 
43. онда
халықты үйіме екінші ай алты жаңасында 
оралдым. Тауық /757/ жылға
жоқ қылды сөйтіп келді екі қызын
44. /тауып берді/
Ол барған Сөзіңнен қайтпайын,
жаңылмайын, – деді бағынбады
Содан соң Соғды мен Табғашқа Селеңгіде Бай балық қаласын 
орнаттырдым.
45. жиырмасында одан оралдым
бірігеміз.
жиырма бірінде сарайды жиырма үшінде
жеңдім йарыш Ағулық ара 


 204
205
46. үш он мың
шанышқан жерде ойланды
екінші ай он алты жаңасында үш тулы
47. түркі халқын
сегіз оғуз, тоғыз татар 
қатын жиені Өзбілге
48. күй
мың жылқы қалды, он мың қой қалды.
49. қол басы мен Елтегер мың жылқы,
он мың қойды мен ұстадым. келтірдім.
ÛС Á²Ò²Ã


 206
207
1. Тенсимін Күні-түні алтын тақ үстінде отырып қуанамын. Сонша 
біліңдер: игі ол
2. Ала атты жол тəңірімін. Күні-түні жүремін. Қарсыда екі атты кісі 
ұлын кездестірген. Кісі қорыққан. Қорықпа, – деген. Құт бергей-
мін, – деген. Сонша білің: игі ол.
3. Алтын қанатты жыртқыш қара құспын /бүркітпін/ Ескерген түсі
тағы түгесілмеген. Теңізде жатып, кез келгенді тұтармын. Сүйгенімді 
жермін. Сонша күштімін. Сонша біліңдер: игі ол.
4. Өңі сұр түсті қаршыға құспын. Емен ағаш үстінде отырып 
қуанамын. 
Сонша біліңдер!
5. Бег ер жылқысына қара барған. Ақ биесі құлындаған, алтын 
тұяқты айғыр жарағай /болғай/. Түйесіне қарай барған. Боз інгені 
боталаған. Алтын мұрындықты бура жарағай /болғай/. Үйіне қарай 
келген. Үшінші бикеші ұл туған, Бек болғай, – деген. Қуанышты ер 
болғай. Анық игі ол!
6. Асуда аю, доңыз кездескен екен. Аюдың қарны жарылған, доңыздың 
азуы сынған, – деген.
7. Сонша білің жаман ол. Ер тез келер игі сөз, хабар жеткізе келер, – 
деген. Сонша біліңдер: игі ол.
8. Алтын басты жыланмын, алтын сапты қылышпен кесіп, денем жол 
сыртында жатты, басыма келсек, үй сыртындағы үйде жатты. Сонша 
біліңдер: жаман ол.
9. Үлкен үй өртенген. Ешқандай негіз қалмаған, төбесі де, қорасы да 
қалмаған, – деген. Сонша біліңдер: жаман ол
10. Есінеген барыспын. Басым қамыс арасында, сондай алыппын, 
ермін. Сонша біліңдер
11. Сары атты хабаршы мінсіз атты елші игі сөз, хабар жеткізе келер 
деген. Анча білің: анық жақсы ол.
12. Ер аңға шықты. Тауда жығылды. Ерік тəңіріде, – деген. Сонша 
біліңдер: жаман ол!
13. Тəңірілік кемпір үйде қалған майлы шөміш жалап, қоректеніп, күн 
көрген, өлімнен құтылған, – деген. Сонша біліңдер: игі ол.
14. Құзғынды ағашқа байлаған, мықты байла! Жақсырақ байла, – деген. 
Сонша біліңдер: жаман ол.
15. Көкте тұман тұрды, төменде шаң тұрды, құс баласы ұшты, жолдан 
адасты, киік баласы жүгіре жолдан адасты, кісі баласы жүре жол дан 
тайды. Тəңірі құтымен үшінші жылда есен-аман бір-бірімен көріскен. 
Көпшілігі шаттанып қуанған, деген. Сонша біліңдер: игі ол.
16. Тұрық /арық/ ат семірді, өз орныңа шауып барған. Сол жерде ұры 
кездесті, ұстады, ерттеп мінді. Арқасы жауыр болып, жалы азайған 
ат енді жүрді, – деген. Сонша білің: жаман ол.
17. Өзіндік ат ілкі жерде арып, өңіп жүре алмай, тұрып қалды. Тəңірі 
күшімен тау үстінен суға жол көріп, жас шөп көріп, жүре барып, су 
ішіп, өлімнен құтылды дер. Сонша біліңдер: игі ол.
18. Үй ішінде ме ол? Не еткен түтін ол, не еткен əйнек, сол арқылы 
көруге бола ма? Не еткен көркем. Қанай бауы бар, – дер. Сонша 
білің: игі ол. Ақ ат
19. Жауын үш əулеттен бөліп, тəубе етуге жəне өтінуге мəжбүр 
қылды, – дер. Қорықпа, жақсы өтін, жасқанба, жақсы жалбарын, – 
дер. Сонша білің: игі ол.
20. Мен жараған бурамын, ақ көбікті шашам жоғарыда көкке жеткен, 
төменде жерге сіңген, – дер, ұйықтағандарын оятып, жатқандарын 
тұрғызып жүрермін. Мен сондай күштімін. Сонша білің: игі ол.
21. Қара түнекті жылды жарқыратқан деді кеңес бермең, күтпең, сіз 
қорқыттыңыз, – деді. Сонша білің: игі ол.
22. Ұзын киімді /əйел/ өз айнасын көлге тастады. Ертемен күні бойы 
күңіреніп жылады, дер. Сонша білің: мұңды ол. Анық жаман ол.
23. Бала көкек құйрығын тапты. Я, құтты келін болсын, – дер. Сонша 
біліңдер: игі ол.
24. Ерке құлын айғыр үйірінен енесін іздеп емгісі келді, түн ортасына 
дейін кісінеді, түн ортасына дейін ренжіді, қайытсын, дер, сонша 
білің: жаман ол.
25. Екі өгізді бір арбаға қосты, олардың жүруге халі жоқ, – дер. Сонша 
білің: жаман ол.
26. Таң ата бастады. Күн шықты. Айналаның бəрі жарық болды, – дер. 
Сонша білің: игі ол.
27. Бай кісілер қорықпады. Бөрімен алысты. Бөрі тісімен тістеді. Сөйтсе 
де қойлар түгел аман болды, – дер. Сонша білің: игі ол.
28. Қан таққа отырып, сарай тұрғызды. Оның елі мықты болды. Айна-
ладағы жақсылары жиналып келіп сүйінші сұрады, қуанды, – дер. 
Сонша білің: игі ол.
29. Қызыққан жігіт ұлын жəне əйелін атқа мінгізіп, епті ойыншыны 
алып, құмар ойынға кірісті. Ұлы мен əйелін ұтқызбады. Өзі жəне 
сексен бас қой ұтты. Əйелі оған көп қуанды. Сонша білің: игі ол. 
30. Жарлы кісі ұлы еңбек етуге жол жүрді. Жолы болып, шаттана-қуана 
келер, – дер. Сонша білің: игі ол.
31. Жолбарыс, киік аулауға шықты. Аңын қолға түсірді, ініне қайтты. 
Қуана-шаттана келер, – дер. Сонша білің: игі ол.


 208
209
32. Бір тобылғы жүз болды, жүз тобылғы мың болды, мың тобылғы 
түмең болды, – дер. Сонша білің: пайдасы бар, игі ол.
33. Киізді суға малды. Тағы ұр, қатайды ма, – дер. Сонша білің: жаман 
ол.
34. Қан соғысқа аттанды, жауын шанышты. Көшіріп, қондырып келер. 
Өзі, əскері шаттана-қуанып, өз ордасына келер, – дер. Сонша білің: 
игі ол.
35. Ер соғысқа аттанды. Жолда аты арыды. Аққуға кездеспеді. Аққұс 
оны қанатына міндіріп, онымен бірге жолға түсті, ата-анасына 
жеткізді. Ата-анасы шаттана, қуанады дер. Сонша білің: игі ол.
36. Көп аттыдан қуаныш жоқ, атсыздықтан қорқыныш жоқ, үлкен 
бақыты жоқ, – дер. Сонша білің: анық жаман ол. 
37. Бір қары өгіздің белін майда құмырсқалар қаптапты, оның жүруге 
əлі жоқ, – дер. Сонша біліңдер: жаман ол.
38. Өгіз қамыс арасына келді, тəңірдің кімге хайыры болмаса қуанышты 
қатын болсын, – дер. Сонша біліңдер: игі ол.
39. Атты мықты тұсады, жүруге болмады, – дер. Сонша біліңдер: жаман 
ол.
40. Қорықпас бала найза ұшымен тік жарға кездесіп, жалғыз жүр, – дер. 
Ол батыр екен, сонша біліңдер: игі ол.
41. Қарала сиыр буаз болды. Мен өлемін, – деді. Ол қарала еркек бұзау 
туды. Қажеттікке жарады. Өлімнен тірі қалмы, – дер. Сонша білің: 
игі ол.
42. Ұзын киімді /əйел/ ыдысын, шелектерін қалдырып, жүріп кетті. 
Ол жəне көп қайғырды «Ыдыс, шелектерді қалдырың, қайда бара-
мыз», – дер. Жəне қайтып келді. Ыдыс-шелектерін бүтін қолға алды, 
шаттана-қуанды, – дер. Сонша біліңдер: игі ол. 
43. Жыртқыш өзен құсы жем аулауға барды. Қарсы алдынан бүркіт 
/қара құс/ кездесті, – дер. Сонша білің: жаман ол.
44. Жыртқыш құс көктен төменге қоян деп ұшты. Жыртқыш құстың 
тырнақтары бір ашылып, бір жабылды. Қоянның терісі быт-шыт 
болды. Ұшып кетті, – дер. Сонша біліңдер: жаман ол.
45. Киік баласымын, Отсыз, сусыз қалай күн көрем, қалай жүрем, – 
дер. Сонша біліңдер: жаман ол.
46. Түйе батпаққа батты, басын жоғалтты. Өзін түлкі жер, – дер. Сонша 
біліңдер: жаман ол.
47. Ер еңбектеп барды, Тəңіріден құт тіледі. Тілегі орындалды. Қораңда 
жылқың болсын, өзің ұзақ жаса, – деген. Сонша біліңдер: игі ол.
48. Мен қара жол тəңірімін. Сынғандарды бүтіндеймін, үзілгендерді 
жалғаймын, елін құрағанмын, игілікті болсын, – деген.
49. Жолбарыс пен киік аулауға барған. Орта жолда жыланға кездесіпті. 
Шұбар жылан тік жарға тырмысып кетті. Жолбарыс өлімнен 
қорықпады. Өлімнен сақтанып, шаттана-қуанып жүрді, – дер. 
Сонша біліңдер: игі ол.
50. Қара тұрық /арық/ аттың құйрығын ұстап, төменде жерді жаңғыртар, 
тоғыз қабат терлікті салып, ат қатты терлесін, – деген. Сонша 
біліңдер: жаман ол.
51. Мен үйреншікті қара құспын /бүркітпін/, жасыл қайа менің жай-
лауым, қызыл қайа менің қыстауым. Ол тауда тұрып, қуанамын. 
Сонша біліңдер: игі ол.
52. Ер жігіт қайғылы болды, аспан бұлтты болды. Солар арасында күн 
жарқырады. Қайғы орнына қуаныш келер, дер. Сонша біліңдер: игі 
ол.
53. Боз бұлт қозғалды. Халық үстіне жаңбыр құйды. Қара бұлт көшті, 
жер жүзіне жаубар жауды, егін пісті, шөптер көгерді, айуанаттар 
мен кісілерге жақсы болды, – дер. Сонша біліңдер: игі ол.
54. Күл сөзімен бекке өткізді, құзғын сөзімен көкке жетті, жоғарыда 
тəңірі есітті, төменде кісілер білді, – дер. Сонша біліңдер: игі ол.
55. Алып ер ұлы əскерге барды. Əскер жерінде ерікті хабаршы сен-
дірді, – дер. «Егер жаршы ойы бітіп қалса да, өзі ер атанады» – дер. 
Сонша біліңдер: игі ол.
56. Мен үйір үшін күш беретін айғырмын. Жаңғақ ағашын жазда 
жайладым. Құстар көп ұялар осындай жерде тұрып, қуанамын. 
Сонша біліңдер: игі ол.
57. Тоғандар құрыды, ыдыстар босады. Тоғандар неге құрысын, күн 
əсері болып тұрғанда. Біліп қойыңдар бұл тəкпірнама басталғанда, 
кейбір кедергілер болды, соңы жəне жақсы болды.
58. Туыстарына өкпелеп ұлы кетіп қалды. Жəне қайғылы болып, қайтып 
келді. «Анам сөзін тыңдайын», – дер. Сонша біліңдер: игі ол.
59. Жылға жеткендерін түрлендірмедім, айға жеткендерін бүлдірмедім. 
Оларға игілік болсын, – дер. Сонша біліңдер: игі ол.
60. Мен «Тоғыз арал бұғымын. Əдемі тізе үстінде тұрып маңыраймын. 
Жоғарыда тəңірі есітті, төменде кісі білді. Соншалықты күштімін. 
Сонша біліңдер: игі ол.
61. Тырна құс ұясына қонды. Сезбестен тұзаққа ілініп қалды. Ұшуға 
болмады, отырар, – дер. Сонша біліңдер: жаман ол.
62. Иарғун /көл/ киігімін. Жазды өткізген тауда отырып күнді өткізу-
демін. Қуанамын, – дер. Сонша біліңдер: игі ол.
63. Қандық əскер аңға шықты, қора ішіне киік кірді, қан киікті қолға 
түсірді. Бұған бүкіл əскер қуанды, – дер. Сонша біліңдер: игі ол.


 210
211
ÒÀÐÈÀÒ
64. Мен қолда үйренген лашынмын, сұлу қияға қонып, дүниеге көз 
салған. Қонып, жаңғақ ағаштарын мекендеп жазды өткіземін, – дер. 
Сонша біліңдер: анық игі ол.
65. Семіз ат аузы қатты болады, оның иесі ештеңе істемеді, – дер. 
Сонша біліңдер: жаман ол.
Енді, сүйікті ұлдарым, біліп қойыңдар. Бұл ырқ жазу /тəкпірнама/ 
игілікті ол.
Барыс жыл екінші айдың он бесі күн Тайғунда тұратын тəуекелдігі 
Буруа-Құры шəкірттері Ісіг Санғун жəне Ита Чуқ үшін жаздым.


 212
213
1. Тəңіріде болған ел еткен білге қаған елбілге қаған атақ, атақ атанып 
Өтүкен маңына тағын орнатуды ұйғарды сонда барыс, жылан екі 
жыл
2. жайладым. Ұлу жылда жазды Өтүкен ортасында сүңүз Башқан 
биіктігінде өткіздім. Тақты осында орнатуды ұйғардым. Сарайды 
осында орнаттым. Мың жылдық, түмен күндік жазу белгілерді 
осында
3. жалпақ ауыр тасқа жаздырдым. Жоғары да көк тəңірі жарылқағаны 
үшін менің елім өмір сүрді, елдігін құрды /орнатты/ төменде қара 
жер ескергені үшін
4. төрт бұрыштағы /əлемдегі/ халық күш-қуатын сарып етті. Жауым 
өз үлесінен айырылды… арасында мал, егіндік жер. Сегіз өзен 
Селенге, Орхон, Толы… мені қуантады. Қарға Бурғы ол жағында 
екі өзен орталығы
5. жайлауым. Өтүкен маңы Тез басы маңын мекендеймін. Менің 
қалауым бойынша Өтүкеннен Оңға шабуылға шықты. «Əскермен 
бірге бол, халықты жина» дедім мен. Түстіктегі шекарамен Алтай 
тауы батысын, Саян тауы терістігін сақтаңдар
6. тəңіріде болған ел еткен білге қаным іштегі халықты құраған Іш 
бұйрық басы ынанчы баға тарқан ұлық бұйрықтар тоғыз болған: 
білге тай сеңүн тутуқ бес жүз басы. Күлүг оңғы озынанчы бес жүз 
басы улық оз ынанчы
7. урунғы жүз басы улық урунғы төліс бектері ұлдарым мен мың басы 
төліс күліг ерен тардуш бектері ұлдарымен мың басы тардуш күліг 
ерен тардуш ышбарыс бес мың əскер қолбасшысы алып ышбара 
сеңүн йақла қар
8. … тоғыз жүз ер басы тойқан ұлық тарқан бұғұғ мың
9. … мың халықтық топ атачықтың мың халықтық тобы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет