«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Хуашялықтар – кіндік қағанаттықтар, яғни қытайлар.  Түркі



Pdf көрінісі
бет83/134
Дата30.05.2023
өлшемі2.89 Mb.
#474470
түріБағдарламасы
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   134
АДЕБИ ЖАДИГЕРЛЕР 1 том

    Бұл бет үшін навигация:
  • Қағлы
Хуашялықтар – кіндік қағанаттықтар, яғни қытайлар. 
Түркі – этноним. Түркологияда türük немесе türk деп транскрип цияланады. 
Біз қазақша емле ережесіне сай türik деп алдық. Бұл этнонимнің реконструкциясы 
жөнін де түрлі пікір бар. Соның басты-бастыларынан П. Пелеоның жəне Е. Г. Пули-
блэнктың тұжырымдамасын атауға болады. П. Пелео “тужюе” – түрк сөзінен келгені 
даусыз, тек мұнда türk сөзінің соңына моңғолша көптік жалғауын білдіретін “-ut, -
üt жұрнағы қосылған, яғни қытайлар “türküt” деген сөзден алып, оны “тужюе” деп 
транскрипциялаған (Pelliot, P., L’ Origine de T’ou-kjiue, Nom Chinois des Turcs // TP, XVI, 
1915.) Е . Г. Пулиблэнк аталмыш қытайша транскрипциядағы екінші буын – “türk” 
сөзінің соңғы “-k” дыбысын білдіреді, осы екінші буындағы соңғы “-t” финалы сөздің 
мəлім бір қосымша дауысты жəне дауыссыз дыбыс емес, керісінше, бір буынның кем 
екендігін білдіреді. Яғни “тужюе” сөзін “türküt” деген формадан келді деудің қажеті 
жоқ, ол түрк сөзінің өзін білдіріп отыр (Pulleyblank, E. G., Chinese Names for Turks // 
JAOS, LXXV, 1965.). Түркі этнонимі қытай жылнамаларына тұңғыш рет ілінуін Батыс 
Уейдың патшасы Уындидың жылнамасы датұңның 6 жылы (540–541 жж.) деуге 
болады. Түркі этнонимі түбіт тілінде Drug немесе Dru-gu болып жазылған.
Күсəн – Батыс өңірдегі ежелгі қала-мемлекет. Қазіргі қытай тілінде “Чюцы” болып 
оқылады. Қытайдың ертедегі жазба деректерінде “Күшəн” немесе “Күсəн” (kusan), 
санскрит жазбаларында “kucina”, көне ұйғыр жазбаларында “kusan”, “kasun”, Махмұт 
Қашқаридың «Түркі сөздігінде» “kusan” деп жазылған. Кейінгі кезде Күшəр атымен 
белгілі. Астанасы – Янкент. Қазіргі Шынжаңдағы Күшəр ауданының шығысындағы 
Пылаң көне қаласының жұртында.
Қағлы – ежелгі кент, Батыс Хəн əулеті кезіндегі Қағлы елінің астанасы. Орны 
қазіргі Шынжаңдағы Лобнор ауданының батысында.
Ақтау – Тəңір таудың (Тянь-Шанның) Баркөл ауданы шегіндегі шығыс сілемі
яғни Баркөл тауы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет