450
451
түркі тілінің грамматикалық өлшеміне сай дұрыс дəлелдеді. Алты Чуб соғдақтар
мен соғдылардың географиялық орналасуы бір-бірінен тым алыста жатқанын тарихи
деректермен дəлелдей отырып, Л.Тугушева бұл екі халықты бір халық ретінде
қарастыруға болмайтынын ескертеді.
Ал Э.Пуллиблэнка, С.Г.Кляшторныйлар қытай жылнамасында белгіленген «ху»-
лардың барлығын соғдылар деп, «Қытай империясының ішіндегі Ордос, Шэнсидегі
хулар осы соғдылар. Ордос, Шэнсиде соғдылар тобымен мекендеп (Согдийская
колонизация) саяси үстемдік еткен дегенді айтады (62;234.317–356). Байырғы түркі
тарихын зерттеген ғалымдардың ішінде көшпелілер
тарихын бұрмалауға келгенде
бұл екі зерттеуші алдына жан салмады. Мұндай бұрмалаушылық тарих алдында үлкен
күнə. Жоғарыдағы еуроцентрист зерттеушілердің уəжінің уын қайтаратын тарихи
деректі кейінгі беттерге қалдырып, «soγdaq» этнониміне назар аударалық.
а) «šoqu» (қаз.)-шоқу. Көбінде құсқа, соның
ішінде құзғынға байланысты
айтылады. Жемтікті шоқып жеу. Екінші ауыспалы мағынасы тамақты тым аздап алып
отыруды «шұқып жеу» дейді.
б) «šoqу». Бұл сөз теріс мағынада айтылады. Осыдан барып «šoqуndy» (шоқынды-
қаз) сөзі туындаған. Өз дінінен шығып басқа дінге кірушілерді, өз ұлтын сатып басқа
ұлтқа қызмет етушілерді қазақ халқы «šoqуndy» атап келген.
в) «Soγoq» (соғақ – қаз.) – «кесел», ауыру. М.: Осының миында соғақ бар. т.т. Дəл
осы мағынада «šoqаq» (шоқақ – қаз.) – «ақсақтау». Атқа, малға байланысты айтылады.
Малдың алдыңғы екі аяғына кесел пайда болу, жарақаттану немесе кеуде жағына
кесел пайда болу.
г) «Soγoγ» (соғоғ – мон.) – «ауыру», «кемтар» деген мағына береді.
д) ««Soγ» (МК.ІІ.15–9) – бір нəрсені аздап меңгеру, аздап иелену.
ж) «-аq» – кемсіту, кішірейту (пейоративность) мəнін береді М.: Сабал-ақ, жала-
ақ, сал-ақ, салт-ақ, ақса-ақ, тайта-ақ (147.396–397) т.т.с.с.
Бұл алты дəйек нені көрсетеді? «soγaq» сөзі басқаның иелігіндегі, басқаға сатылып
кеткен, басқаға қызмет етуші деген мағына беріп тұр. Олай болса Ордос, Шэнсидегі
бұл 6 баулы (тайпалы) оғыздар қытай шекарасының ішінде (Қытай қорғанының
ішінде)
мекендеп, қытайларға қызмет етіп отырған оғыздар. Олар əрі жартылай
отырықшы, жартылай көшпелі. Күлтегін мəтінінде «tabγačγy bodun» (табғачшыл
халық, табғачтық, соны жақтаушы, шоқынды халық) делінген. Табғачшыл (қытайшыл)
болмаса оларды қолдап, қорғап Онтутуқ атты қытай қолбасшысы 50000 қолы бар
бүкіл армияны жұмылдырып Қапаған қағанға қарсы тұрар ма еді. Əрине, табғачшыл
болмаса олай қан төкпес еді. Міне, осы шоқындылығына байланысты «soγdaq»
атанған. Олар «kendü oγuz» (коренной оғуз) болғандықтан да, Қапаған қаған өзіне
қайтарып алу үшін 697–698 жылдар қытай Қатын ханы Удиге тақауыр (ультиматум)
қойып, орындамаған соң тағынан тайдырған. «Алты Чуб – алты тарам, алты баулы
(тайпалы)» деген мағына береді. Нағыз соғдыларды Тұй-ұқұқ мəтінінде «ašuγ ba šlyγ
soγdaq – сəлделі соғдылар» (Тұй.46) деп қадап көрсеткен.
Достарыңызбен бөлісу: