147
Шешендік сөздердің көркемдігі
Шешеннің сөзі бастанаяқ тұтастық сипатқа ие болу үшін, айтыла
тын ойлар бірбірімен сабақтаса байланысып тұру үшін қолданылатын
сөз дер мен сөз тіркестерінің рөлі ерекше. Атап айтсақ:
1) шешеннің өзіндік көзқарасын білдіретін сөз оралымдары: менің
пі кі рім ше, менің байқауымша, менің ойымша, меніңше т.б.
2) мезгілдікмекендік қатынасты білдіретін сөз оралымдары: бі рін
ші ден, екіншіден, келесі мәселе, одан әрі айтар болсақ, атап
айтқым ке ле ді, ескерте кетсек т.б.
3) осыған дейін айтылған ойлармен сабақтастыру үшін қол да ны ла
тын тіркестер: жоғарыда көрсеткеніміздей, өздеріңіз ес ті ген дей,
өт кен жолғы айтылған мәселелерді нақтылай түссек т.б.
4) бұдан кейін айтылатын ойға шолу жасау үшін пайда ла ныла тын сөз
дер мен тіркестер: алдын ала айта кетейін, әрі қарай жал ға сады,
...мәселелерді сөз ететін боламыз, ...талқылауға көшеміз т.б.
Сөздің мәнерлілігін арттырып, көркемдік қуатын күшейтетін тә
сіл – қай та лау. Ол сөздің қарқындылығын танытады, сөздегі өзекті
ойды нақтылауға қызмет етіп, сөздің мәнін тереңдете түседі. Қай та
лау да заттың, құбылыстың сапасы ерекше айқындала түседі. Мысалы:
Театр – тәрбие отауы. Театр – тіл. Театр – ұлттың салтдәстүрі.
Бір сөй лем мен берсе де болар еді, дегенмен қайталау арқылы ерекше
әсерлілік, әуезділік туындап отыр. Ескертетін бір жайт: арнайы мақ
сат қоя айтылған қайталаулар ғана сөз әсерлілігін арттырады. Ал ой
жұтаңдығынан, сөздік қордың аздығынан болатын қайталау тың дау
шы ны еліктірмек түгілі, жалықтырады.
5.
Шешендік сөздің көркемдік сапасына қойылатын талаптарды сақ-
тап, та қы рып ты қо ры тын ды лап, пі кір ле рің ді біл ді рің дер. Мақал-
мә тел дер мен фра зео логизмдер дің болуын ескеріңдер.
6.
Үш топқа бөлініп, тапсырмаларды орындаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |