«Экологиялық мәдениет пен сананы қалыптастыру»



Pdf көрінісі
бет67/181
Дата30.05.2023
өлшемі5.99 Mb.
#474519
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   181
24.05-sbornik-respublikanskoy-konferentsii-ekologiya (3)

ЛИТЕРАТУРА 
 
1. Трифонова Т.А., Селиванова Н.В., Ильина В.И. Экологический менеджмент. – М.: 
Академический проспект, 2005. - 320с. 
2. Новиков А.Н., Суворовцева Е.С. Инновационно-инвестиционная сфера в системе 
управления отходами производства и потребления. - Санкт-Петербург, 2007. - 169с. 
3. Бабанин И. Оценка эффективности раздельного сбора отходов // ТБО. 2006. № 10. 
4. Лопатин В.Н. Менеджмент и маркетинг в экологии. - М.: Наука, 2001. - 132 с. 
ӘОЖ УДК 504.3.054 
 
АВТОКӨЛІК ТРАНСПОРТЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Сарсенбаева А., студент, Ш. Есенов атындағы КМТИУ., Ақтау қ. 
Ғылыми жетекшісі: Сырлыбекқызы С. 
Ш. Есенов атындағы КМТИУ., Ақтау қ. 
 
Аңдатпа. Автомобиль көлігі адамдар қоныстануының қазіргі сипатының 
қалыптасуында, алыс саяхаттың дамуында, өнеркәсіп пен қызмет орындарының 
территориялық орталықтандыруында үлкен рөл атқарады. Сонымен қатар ол көптеген 
кері құбылыстар тудырады: жыл сайын қалдық газдармен атмосфераға жүздеген миллион 
тонна заттар түседі; автомобиль – шумен ластанудың басты факторларының бірі. 
Автомобиль көлігінің зиянды әсерінен адам денсаулығы нашарлайды, су қоймалары мен 
топырақ уланады, жануарлар және өсімдіктер әлемі зардап шегеді. 
Түйінді сөздер: автокөлік, ластану, атмосфера, улы заттар, шу. 
Автомобиль көлігі еліміздің біртұтас транспорт жүйесінде маңызды орын алады. 
Ол халық шаруашылығы жүктерінің 80% тасымалдайды, бұл автомобиль көлігінің жоғары 
қозғалғыштығымен, жолда қосымша қайта тасымалдаусыз «есіктен есікке дейін» жүкті 
жеткізу мүмкіндігімен, соған сәйкес жүкті сақтау мен жеткізудің жоғары жылдамдығымен 
байланысты. 
Автомобиль көлігі адамдар қоныстануының қазіргі сипатының қалыптасуында, 
алыс саяхаттың дамуында, өнеркәсіп пен қызмет орындарының территориялық 
орталықтандыруында үлкен рөл атқарады. Сонымен қатар ол көптеген кері құбылыстар 
тудырады: жыл сайын қалдық газдармен атмосфераға жүздеген миллион тонна заттар 
түседі; автомобиль – шумен ластанудың басты факторларының бірі; әсіресе қала 
жиынтығы маңындағы жол орталығы бағалы ауыл шаруашылық жерлерін бүлдіреді. 
Автомобиль көлігінің зиянды әсерінен адам денсаулығы нашарлайды, су қоймалары мен 
топырақ уланады, жануарлар және өсімдіктер әлемі зардап шегеді. 
Жыл сайын автокөлік мөлшері өсіп келеді, соған сәйкес атмосфералық ауадағы 
зиянды заттардың мөлшері де артуда. Автомобильдердің санының тұрақты өсімі қоршаған 
ортаға және адам денсаулығына белгілі кері әсерін көрсетеді. 
Әсіресе, экологиялық апат аймағы болып саналатын Маңғыстау облысы 
аймағының қоршаған ортасын қорғау мәселесі өте маңызды.
Қалдық газдар, механикалық бөлігі мен автомобиль қалпақшасының және де жол 
жабынының ескіру өнімдері антропогендік түзілістегі атмосфералық тастандылардың 
жартысына жуығын құрайды. Ең зерттелгендері автомобиль картері мен двигатель 
тастандылары болып табылады. Бұл тастандылардың құрамына азот, оттегі, көмірқышқыл 
газы және судан басқа көміртегі оксиді, көмірсутектер, азот оксидтері және күкірт, қатты 
бөлшектер сияқты зиянды компоненттер де кіреді. 


129 
Зиянды компоненттер қатарына бетіне циклдік көмірсутектер (кейбіреулерінің 
канцерогенді қасиеті басым) адсорбцияланатын құрамында қорғасын және күйе бар қатты 
тастандылар да жатады. Қоршаған ортада қатты тастандылардың таралу заңдылығы газ 
тәрізді өнімдерге тән таралу заңдылығынан ерекшеленеді. Ірі фракциялар (диаметрі 1 мм 
көп) эмиссия орталығы жанынан топырақ пен өсімдік бетіне шөге отырып, соңында
топырақтың беткі қабатына жиналады. Ұсақ фракциялар (диаметрі 1 мм аз) аэрозольдер 
түзіп, үлкен қашықтыққа ауа массасымен таралады. 
Транспорт құралдары жол-көлік оқиғаларына ұшырауынан адам өмірі мен 
денсаулығы үшін аса қауіпті, зиянды қалдықтармен қоршаған ортаның ластануы, 
транспорттық қолайсыздық, табиғи ресурстарды тұтыну көзі болып табылады және де оң 
әлеуметік-экономикалық және моральды-психологиялық тиімділікті береді (кесте 1). 
Кесте 1 – Автомобильдің қоршаған ортаға әсері 
Оң аспектілері 
Кері аспектілері 
Сауданың, саяси, мәдени байланыстың дамуы, 
байланыстылықтың кеңеюі 
Атмосферадағы 
газдық 
және 
энергетикалық 
тепе-теңдіктің 
бұзылуы 
Ғылыми-техникалық прогресті ынталандыру, 
жұмыс орындарын беру. 
Атмосфера, пайдалы қазбалар, тұщы 
су ресурстарының азаюы 
Өндірістік процеске транспортты қосу және 
тауар өндірісінде инновациялық циклді 
қысқарту 
Жол-көлік 
оқиғаларында 
тірі 
организмдердің жойылуы 
Жеке бастың бостандығы мен тәуелсіздігін 
сезінуі 
Биологиялық ресурстардың, соның 
ішінде өсімдік, жануар, адамдардың 
улануы 
Қолайлы 
жағдайда 
өмір 
сүру 
үшін 
мүмкіндіктің кеңеюі 
Қозғалыстағыларға 
стрестік 
салмақтың күшеюі 
Жеке бас үшін тіршілік кеңістігінің кеңеюі 
Территория ауданын алу есебінен 
тіршілік кеңістігінің азаюы 
Тұтынушылдар үшін әлеуметтік-тұрмыстық 
қызметтер мүмкіндігінің артуы 
Ландшафттың 
биологиялық 
өнімділігінің қысқаруы 
Тауарлардың 
алуан 
түрлілігіне, 
жаңа 
өнімдерге қажеттілікті қанағаттандыруы 
Қала 
құрылысы 
мен 
ауыл 
ландшафттарының 
үндестігінің 
бұзылуы 
Қолайсыз 
ауа-райы 
жағдайында 
қолайлылыққа, тез жүріске қуанышты сезіну 
Автокөліктермен байланысты шы-
ғындар мен салықтың өсімі. Жанұя 
қаражаты құрылымының өзгерісі 
Транспорт кешенінің қоршаған ортаға әсерінің негізгі түрлеріне: 
 Транспорт инфрақұрылымы обьектісі мен жолға территория ауданын алу, 
эрозиялық процестер, кептіру, орманды кесу, құрылыс материалының карьерін жасау; 
 Табиғи минералды, су, энергетика ресурстарын алу; 
 Қоршаған ортаның технологиялық және транспорттық зиянды заттармен, шумен, 
дірілмен, жылумен, электромагнитті және иондаушы сәулемен ластануы [1].
Әлемнің барлық елдерінде ірі қала жиынтығында халықтың шоғырлануы жүруде. 
Қалалардың дамуымен және қала жиынтығының өсуімен халыққа өз уақытында және 
сапалы қызмет ету, қаланың, әсіресе, автомобиль көлігінің кері әсерінен қоршаған ортаны 
қорғау өзекті мәселеге айналып отыр. Қазіргі таңда әлемде 300 млн жеңіл, 80 млн жүк 
автомобилі және шамамен 1 млн қала автобусы бар деп есептелуде. 


130 
Автокөліктер мұнай өнімдерінің көп мөлшерін жаға отырып, қоршаған ортаға, ең 
бастысы атмосфераға зиян келтіреді. Себебі автомобильдердің негізгі массасы ірі 
қалаларда жинақталған, бұл қалалардың ауасы тек оттегіге кедейленбеген, сонымен қатар 
қалдық газдардың зиянды компоненттерімен ластанған. Әлемдік статистика мәліметтеріне 
сәйкес транспорттың барлық түрі атмосфераға түсетін ластанудың жалпы мөлшерінің 
60%, өнеркәсіп – 17 %, энергетика – 14%, қалғаны 9% береді [3]. 
Сурет 1 – Әлемдік атмосфераның ластануының жалпы мөлшері 
Мамандар анықтағандай бір жеңіл автомобиль жыл сайын қалдық газдармен бірге 
шамамен 800 кг көміртегі оксидін, 40 кг азот оксидтерін және 200 кг түрлі 
көмірсутектерді тастай отырып, атмосферадан орташа 4 тонна оттегін жұтады. Егер осы 
санды автомобильдің әлемдік паркінің 400 млн бірлігіне көбейтсе, онда қауіп дәрежесін 
елестетуге болады [1]. 
Автомобиль жолында зиянды заттардың жылдық тастандысының құрылымы 
келтірілген, яғни СО – 66,0 %, СН – 10 %, күйе – 0,4 %, NO
2
– 20 %, SO
2
– 3 %, Pb – 0,10 % 
құрайды. 
Сурет 2 – Автомобиль жолында зиянды заттардың жылдық тастандысының құрылымы 
Әлемнің көптеген ірі қалаларында қала транспорты мәселесі өткір мәселе. 
Транспорт ағындары қала өсуімен бірге тұрғын мен өндірістік аймақтардың орналасуын 
тиімді жоспарлауға бағынбай беталды өсіп келеді. Қала шетіндегі тіршілік тынысының 
таралуы жеке автомобильдердің санының артуына әкеліп соқтырады.
Қалада жылдамдықты қозғалыс магистралы орталығын құру қоғамдық транспорт 
пен жеңіл автокөліктердің жылдамдығын көбейтуге, оның өткізу қабілетін арттыруға, 
жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға, транспорт құралдарының шоғырланған 
ағынынан тұрғын аудан мен қоғамдық орталықтарды оқшаулауға мүмкіндік береді. Бірақ 
жылдамдықты қозғалыс магистралы қымбат тұратын жабдық. Оның құрылысы қал 
шегіндегі жол алыстығында салыстырмалы үлкен қуатты және тұрақты транспорт 
трансп
орт 
түрлер
і
өнеркә
сіп
энерге
тика


131 
ағынымен қамтамасыз ететін бағытта ғана тиімді. Сондықтан да мұндай магистральдарды 
созылмалы территориясы мен көп орталықты құрылымдағы ірі қалаларда салынады. 
Қала құрылысы мен қайта салу кезінде жобалаушылар қала орталығына кіретін 
автомобиль санын шектеуге тырысады, транспорт тығынының түзілу мүмкіндігін 
азайтатын көше қозғалысын реттейтін жаңа жүйе жасайды. Бұл өте маңызды себебі, 
тоқтап, одан кейін қайта жылдамдық күшейтіп, автомобиль ауаға бірқалыпты қозғалысы 
кезіндегіге қарағанда бірнеше есе зиянды заттар тастайды. Тиімді алдын алу шараларына 
көшелерді кеңейту, жолдың жүретін бөлігі мен тұрғын үйлер арасына жасыл желек пен 
сүзгіш қабырға жасау жатады.
Атмосфералық ауаны таза сақтау шараларын жүзеге асырғанда мына жағдайларды 
ескеру қажет: 
 таза ауа жер шарындағы тірі организмдердің бәріне де керек;
 ауаның тазалығы адамдардың іс-әрекетінен көп бұзылады; 
 ауадағы зиянды заттар үлкен жылдамдықпен алыс аймақтарғы тарап 
жатыр. 
Автомашиналар зиянды газдарын азайту үшін әсіресе жүк таситын ауыр 
машиналардың көшелерден жүруін тежеу керек. Оларды барлық көшелермен жүргізбей 
белгілі бір көшелермен немесе қаланың сыртындағы жолмен айналып жүруін белгілеп, 
бензин орнына газбен жүретін жасаса зиянды газдарды ұстайтын қондырғылар 
(катализаторлар) мен жабдықтар светофор алдында көп тұрмайтын етіп, көшелерде бір 
бағытта ғана жүретін болса ауаның ластануын біршама азайтуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет