«Экологиялық мәдениет пен сананы қалыптастыру»



Pdf көрінісі
бет80/181
Дата30.05.2023
өлшемі5.99 Mb.
#474519
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   181
24.05-sbornik-respublikanskoy-konferentsii-ekologiya (3)

ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1. К.Ж. Бeртaeвa Вaлютный рынoк и вaлютныe oпeрaции: Учeбнoe пocoбиe.- 
Aлмaты 2000. 
2.А.А. Ильяс - Платежная система Республики Казахстан: теория и практика 
учебное пособие. 
3.nationalbank.kz 
ӘОЖ 631.18 (578) 
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ РЕФОРМА 
 
Толыбек Ф.

студент, Ш.Есенов атындағы КМТИУ, Ақтау қ., 
Ғылыми жетекшісі: Кубигулова Р.Т. 
 Ш.Есенов атындағы КМТИУ, Ақтау қ. 
Андатпа. Мақалада 
салық салудың әр түрлі шарттары қарастырылған қызмет түрлерін 
жүзеге асыратын салық төлеуші қызметтің мұндай түрлері бойынша салықтық міндеттемелерді 
есептеу мақсаттарында салық салу объектілерінің және салық салуға байланысты объектілердің 
есебін бөлек-бөлек жүргізуі. 
Түйінді сөздер: салық жүйесі, реформа, экономика, сұраныс, ұсыныс, фактор. 
Қазақстан Республикасы өз алдына егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғасын, 
экономиканы дербес түрде басқарады. Мемлекеттік басқару жүйелеріне көптеген өзгерістер жасалып, 
бірнеше заң жобалары қабылданды. Оларға қаншама өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Дамыған 
мемлекеттер мен көрші мемлекеттердің жүргізіп отырған саясаттарын сараптай отырып, өзіміздің 
ұлттық менталитетке сай, қажетті жақтарын алып отырды. 
Нарықтық экономика мен мемлекеттің салық саясатының негізгі мақсаты- бюджеттің кіріс 
бөлігін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады. 
Салық саясатының басты мақсаты- салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне 
мүмкіндік беретін салық механизмін іске асыру. 


160 
Салық жүйесі өз алдына сала болып қалыптасуы үшін, біршама қиындықтарды бастан кешіре 
отырып, көптеген өзгерістер мен толықтырулар жасалынып, қазіргі кезде тұрақты жүйеге түсті 
«Салық» ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық 
түрлерінің, оларды құрудың және алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының 
жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесінқұрайды. Қазақстан Республикасының қазіргі салық 
жүйесі салықтарды құру мен алудың нақтылы әдістерін белгілейтін, яғни салықтар-дың нақтылы 
элементтерін анықтайтын тиісті заңнамаларға негізделеді. 
1991 жылға дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе экономиканы басқарудың 
әкімшіл-әміршіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық жүйесі қызмет 
етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда мен 
көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекеттік реттеп отыруға бағытталған болатын. 
Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылдаған бірқатар заңдарға сәйкес 
республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты. 
Елімізде салық саясатында алғашқы қабылдалған заң барысында салық салу бойынша 
әлемдік тәжірибеде жете есепке алынған жоқ, өтпелі экономиканың ерекшеліктері есепке 
алынбады, сонымен бірге еліміздің тарихи, әлеуметтік ерекшеліктеріне көңіл бөлінбеді. 
Әр түрлі елдердің салық жүйелері әр түрлі экономикалық, саяси және әлеуметтік шарттар 
негізінде құрылған. Әрине, олар оңтайлы емес, бұл оңтайлы жүйені құру үшін экономистерге және 
әлеуметтанушыларға талаптар ретін өңдеу қажет болды. Олардың ішінде неғұрлым маңыздылары 
мыналар: 
— салық ауыртпалығын таратудың біркелкілігі немесе басқа сөзбен айтқанда, әркім 
мемлекеттік кірістерге өзінің «әділетті үлесін» енгізуі; 
— салықтар мүмкіндігінше әр түрлі тұлғалармен экономикалық шешімдерді қабылдауға 
әсерін тигізбеуі қажет, немесе мұндай әсер ең аз шамада болуы қажет; 
— әлеуметтік-экономикалық мақсаттарға қол жеткізу үшін салықтық саясатты пайдалану 
кезінде,салық салудың теңдік және әділеттік қағидаларын бұзуды ең аз шамаға жеткізу қажет; 
— елдің экономикалық өсуі және тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында салық 
саясатын пайдалануда салықтық құрылым әсер етуі қажет; 
— салық жүйесі әділетті болуы қажет және салық төлеушілерге түсінікті болуы қажет; 
— салықтарды басқару және салық заңдылығын сақтау бойынша әкімшілік шығындар ең аз 
шамада болуы қажет. 
Осы талаптар елдің салық жүйесінің сапасын бағалау үшін негізгі критерийлер ретінде 
пайдалануы мүмкін. 
Салық жүйесін құру кезінде әр түрлі салықты қолданудың салдарын қайта тарату күрделі 
проблемалардың бірі болып табылады. Бұл салдар салықтарды алу тәсілінен, салық мөлшерлеме 
құрылымынан, салық базасын анықтаудан, және салықтың қызмет өрісіне тәуелді болады. Ел 
экономикасының салық жүйесіне әсері сұраныс және ұсыныс жағдайынан, нарықтар құрылымынан 
және жаңа салықтық жағдайларға бейімделу кезеңіне тәуелді болады. Салықтық өзгерістер баға 
өзгерістеріне әкеледі, бұл салық төлеушілердің кірістері және шығыстарына, салық ауыртпалығын 
таратуға әсерін тигізеді. Қайта таратудың соңғы нәтижесі барлық көрсетілген факторлардың өзара 
әсеріне тәуелді болады. Бұл өте күрделі үдеріс, бірақ жалпы ережелер және қорытындыларды жасауға 
болады. 
Тұтыну салықтарына қатысты бұл қорытындылар төмендегілерден тұрады: 
— салықты енгізу бағаның өсуіне әкеледі және салық салынатын тауарларға сұранысты 
қысқартады; 
— бағадағы және өндірістегі өзгерістер ауқымы сұраныс пен ұсыныстың икемділігіне 
тәуелді болады; 
— салық ауыртпалығы сұраныс және ұсыныс икемділігіне қатысты сатушы және сатып 
алушы арасында таратылады; 
— белгілі шектен жоғары салық мөлшерлемелерін жоғарылату кезінде салықтық түсімдер 
төмендеуі мүмкін. 
Өндіріс факторына салықтар қатыстылығына қарай бұл ережелер мен қорытындылар 
мыналарға бөлінеді: 
— салық өндіріс факторында табыстың жалпы нормасын жоғарылатады, осы факторлардың 
төмендетеді; 
— салық ауыртпалығын қайта тарату сұраныс және ұсыныстың икемділігіне тәуелді болады; 


161 
— бұл салықтар ұсынысын қысқартады және пайданың таза нормасын шешуші әсерді үй 
шаруашылығының шығындарына емес, кірістеріне тигізеді
— өндіріс факторына салық салу өзгерістерінің соңғы нәтижесі нарық құрылымына, 
ұжымдық келісімшарттарға және бәсекелестік шарттарына тәуелді болады. 
Қазіргі кезде құрылған салық жүйесінде үнемі жетілдіру нәтижесі және оның реформасы 
жалғасуда. Сондай-ақ соңғы кезде салық саясатындағы пікірталастардың көбеюі байқалды, бұл бірігу 
үдерісі жаңа ынталарға байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет