Еуропа және америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы 1640-2019 жж.



Pdf көрінісі
бет18/50
Дата05.06.2023
өлшемі1.75 Mb.
#474711
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   50
Курс лекции. Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы

Ағылшын-бур соғысы. Отарлық мемлекеттер үкіметі эмиграцияны 
қолдады. XVII ғ. Африканың оңтүстігінде Кап отары пайда болды. Бастап-
қыда оның тұрғындары голланд қоныс аударушылары болды. Олар 
түземдіктерді құл ретінде пайдаланды. ХІХ ғ. басында Кап отарын 
Ұлыбритания басып алып, отызыншы жылдары ондағы құлиеленушілікті 
жойды. Бұған наразылық ретінде Голландия отаршылары континетке 
ішкерелей ене берді. Бұл қозғалыс тарихта «Ұлы трек» деп аталды. Олар 
Африканың оңтүстігінде барынша орнықты. ХІХ ғ. ортасында бурлар -
голланд қоныс аударушылары Африканың оңтүстігінде Трансвааль және 
Оренжевая республикаларын құрды. 1899-1902 жж. ағылшын-бур соғысы 
барысында Англия Трансвааль және Оренжевая республикаларын басып 
алды. 
ХІХ ғ. аяғына таман Ұлыбритания Оңтүстік-Шығыс Азияда Бирманы, 
Малайяны т.б. ірі аумақтарды басып алды. Француздар Африкада батыстан 
шығысқа қарай өз отарлық иеліктерінің жолағын жасауға тырысты. 
Француздық Батыс Африка отарын құрды. Конго, Чад, Габонның бір бөлігін 
қамтыған Орталық Африкадағы жерлерді басып алып Француздық 
экваторлық Африка отарын құрды. Конгодан шығысқа қарай жылжыған 
француздар 1898 ж. Фашода деген жерде ағылшын-египет әскерімен кездесті. 
1883 ж. Франция Мадагаскарды басып алуды бастап, 1895 ж. оны өз 
проттекторатына айналдырды. 
Герман империясының алғашқы канцлері - Бисмарк ХІХ ғ. 70-80 жж. 
негізгі назарын еуопалық саясатқа және ішкі мәселелерді реттеуге көңіл бөлді, 
сондықтан герман отарларын құруға ат салысқан жеке адамдар - көпестер, 
кеме иелері, банкирлер болды.1884 ж. бремен көпесі Людериц герман 
Оңтүстік-Батыс Африкасын, Петерс германдық Шығыс Африка отарын 
құрды. Германияның Африкадағы бұл иеліктері британ отаршылдары 
мүдделеріне нұқсан келтірді, себебі олардың экспансиялық жолында жатты. 
Бисмарк отставкаға 1890 ж кеткеннен кейін Германия Англия арасындағы 
қайшылықтар шиеленісті. Ағылшын-бур соғысында бурларды Германия 
қолдады. 
Қиыр Шығыстағы халықаралық қатынастар. Қайшылықтардың бір 
түйіні-Қиыр Шығыста болды. Отарлық мемлекеттердің бәсекелестігі 


72 
Оңтүстік-Шығыс Азия мен Қытайда күшейді, бұл біраз соғыстарға, жанжал- 
дарға әкелді.  
Әлемнің бұл аймағында алғаш болып Жапония мен Франция белсенді
іс-қимылдарға кірісті. Отарлық агрессияның объектісі, бөліске түсетін басты 
ел – Қытай, оған апаратын жерлер, яғни оның аралдарының жағалаулары және 
Қытайға вассалдық тәуелділікте болған Корея, Вьетнам болды.
1875 жылы Жапония Лю Цю (Окинава) аралын аннексиялады. 1885 
жылы Жапония Қытаймен оның ішкі істеріне араласуға құқық беретін келісім 
жасауға қол жеткізді. 1884 жылы француз отарлық әскерлері қытай армиясы 
қорғап тұрған Солтүстік Вьетнамға басып кіреді. 1885 жылы Тяньцзиньде 
Франциямен жасаған бейбіт келісім бойынша Қытай Вьетнамға жоғарғы 
билігінен бас тартты, сонымен бірге Францияға Оңтүстік Қытайда кең 
құқықтар мен артықшылықтар берді. 
Жапон-қытай соғысы. Кореядағы азаттық көтерілісін пайдаланған 
Жапония 1894 жылы Қытайға соғыс ашты. Жапон әскерлері Оңтүстік 
Маньчжурияға, Ляодунь түбегіне, Шаньдунға басып кірді. Қытайлар жеңіледі. 
Жапонияның Симоносеки қаласында 1895 жылы 17 сәуірде бейбіт келісімге 
қол қойылады, ол бойынша Қытай Кореяның тәуелсіздігін мойындады, Корея 
енді іс жүзінде Жапонияның тәуелсіздігіне түсті. Сонымен бірге қытайлар 
жапондықтарға Ляодунь түбегін, Тайвань және Пескадор аралдарын берді. 
Қытайдың бірқатар қалаларында Жапонияның еркін сауда жасауына және т.б. 
экономикалық қызметіне рұқсат берілді.
Жапонияның халықаралық аренада белсенді қимыл жасауы европалық
державалар – Ресей, Англия, Франция, Германияны қобалжытты. Олар-
дың Қиыр Шығыста өз мүдделері болды. Олар Симоносеки келісімін қайта 
қарауға қол жеткізіп, Қытайға Ляодунь түбегін қайтартқызды. 1897 жылы 
неміс әскерлері Шаньдун түбегіндегі Циндао портын оккупациялап алды. Цин 
үкіметі бұл аймақты 99 жылға жалға берді. 1898 жылы Ресей Ляодунь түбегін 
(25 жылға), Далянь (Дальний және Люйшунь), (Порт-Артурды – Тынық 
мұхитта өзінің әскери-теңіз базасы болған қамал құрылысын бастады) 
қалаларымен бірге жалға алды. Франция Хайнань аралдары маңындағы 
Гуанчжоувань шығанағы жағалауын, Ұлыбритания Цзюлун (Коулун) және 
Шаньдун түбегіндегі Вэйхайвэй портын алды. Сонымен бірге Ресей 1897 
жылы Читадан Владивостокқа дейін Қытай-Шығыс темір жолын (КШТЖ) 
салуға концессия алды, ал 1898 жылы оның тармағы Оңтүстік Маньчжур темір 
жолын (ОМТЖ) салуға құқық алды. Осы кезден бастап Жапония мен Ресей 
арасындаосы аудандарда шиеленіскен күрес басталды. 
Шетел державаларының отарлық экспансиясының күшеюі, 1899 жылғы 
Пекиндегі ихэтуань немесе боксерлер көтерілісі(жұдырықтасып күресуге үй
ретілгендер)көтерілісінің себебі болды, оның негізгі ұраны – шетелдіктерді 
Қытайдан қуу және жою болды. Шетелдіктерді қорғаймыз деген сылтаумен 8 
держава – Ұлыбритания, АҚШ, Жапония, Франция, Ресей, Италия, Германия, 
Австро-Венгрия әскери интервенция ұйымдастырды. 1900 жылы тамызда 
интервенттер ихэтуаньдер қарсылығын басып, Пекинді алды. 1901 жылы 25 


73 
тамызда (7 қыркүйекте) Цинь үкіметі мен шетел державалары Пекинде 
Қорытынды (немесе Боксерлік) протоколға қол қойды. Ол бойынша Қытай 
көтерілісшілерді қолдаған шенеуніктерід қатал жазалауы, шетелдерге шығын 
төлеуі (450 млн. лян), 2 жыл бойы шетелден қару сатып алмауы, қытай 
қалаларында державалардың әскери гарнизон ұстауына рұқсат беруі, Пекинде 
елшілік квартал құруы т.б.-ға тиіс болды. 
Бұл оқиғалардан АҚШ-та тыс қала алмады.1893 жылы АҚШ Гавай арал 
дарын басып алды, шетел интервенциясына қатысты. Алайда АҚШ Қытайды 
бөлісуге байланысты басқа державалардың ұмтылыстарын қолдамады. 1899 
жылы АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Хей Қытайдағы «ашық есік» 
принципін жариялады. Оның мәні – Қытайдағы барлық державалардың 
«ықпал ету аймағы» солтүстікамерикалық товарларды енгізу үшін ашық 
болуы талап етілді. АҚШ өзінің экономикалық басымдығына сүйене отырып, 
бәсекелестерін Қытайдан ығыстыруды көздеді. Бұл доктрина халықаралық 
қатынастар тарихында «Хей доктринасы» деген атпен белгілі. Қытайда шет 
мемлекеттердің тең мүмкіндігі және Қытайдың аумақтық тұтастығын сақтау 
көзделді. Бұрын Монро және Олни доктриналары европалық мемлекеттердің 
Латынамерикалық континентке араласуына қарсы бағытталса, Хэй 
доктринасы АҚШ үшін Қытайда басқа державалармен тең экономикалық 
мүмкіндіктерді талап етті. Олар Ресейдің Қиыр Шығыста, Қытайда күшеюін 
қаламады. 
ХХ ғасырдың басындағы халықаралық қатынастар. ХІХ ғасырдың 
соңғы жылдары – ХХ ғасырдың басы маңызды тарихи оқиғалармен 
сипатталады. Бұл кезеңде халықаралық қатынастарда шиеленіс күшейді. Әлем 
империализм дәуіріне енді, бұл державалардың сыртқы саяси қызметінің 
сипатында көрінді. Олардың арасында бөлініп қойған әлемді қайта бөлу үшін 
күрес басталды, ол үшін қарулануды күшейту, әскери-саяси блоктар құру 
үрдісі жүрді. Осы кезеңде ірі державалар отарлық экспансияның жаңа 
фазасына өтті: бөлініп қойған жерлерді қайта бөлісу үшін күрес, яғни бұрын 
басқа ел басып алған аумақты тартып, басып алу. Бұл бағыттағы алғашқы 
империалистік соғыстар – Куба үшін испан-американ (1898), ағылшын-бур 
(1899-1902), орыс-жапон (1904-1905) соғыстары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет