Талаптары туралы



Pdf көрінісі
бет11/17
Дата09.06.2023
өлшемі475.62 Kb.
#474850
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
Правила-об-общих-условиях-каз-от-05 01 2017

ЕР 
1-10бет 16 
ОПЕРАЦИЯЛАР ЖҮРГІЗУДІҢ ЖАЛПЫ ТАЛАПТАРЫ 
ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ 
64. Банктік қарыз шартында/келісімде жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің Қазақстан 
Республикасының
4
Уәкілетті органының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес 
есептелгені көрсетіледі. 
65. Банктік қарыз шартында қарыздар бойынша сыйақы төлеу мерзімі және тәртібі қарыздың 
талаптарынан шығарылып белгіленеді. Жеке тұлғалар үшін банктік қарыз шартында/келісімде қарыз 
алушының таңдауы бойынша қарызды өтеу әдісі көрсетіледі, оған өтеу әдісін таңдау үшін қарызды 
өтеу кестесінің жобасы жіктелген төлеммен, аннуитетті төлем немесе басқа әдістермен банктік қарыз 
шарты/келісім жасалғанға дейін тәсілдермен есептеліп ұсынылады. 
66. Кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес жеке тұлғамен банктік қарыз шартын жасағанға 
дейін Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде бекітілген тәртіпке сәйкес қарыз бойынша 
сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін есептеу кезінде комиссиялар мен өзге төлемдерді өндіру 
қарастырылмағанда, Банк жеке тұлғаға сонымен бірге сыйақының, комиссиялардың және Банктің 
құқығын қарастыратын кредит беру талаптары, басқа қарыз берумен және қызмет көрсетумен 
байланысты және банктік қарыз шартында/келісімде қарастырылған төлемдермен бірге кредит беру 
талаптарына таңдау беруге міндетті. 
Банк банктік қарыз шартында/келісімдерде комиссиялар мен өзге төлемдердің, сонымен бірге 
қарыз берумен және қызмет көрсетумен байланысты олардың мөлшерлерінің толық тізімдемесін 
көрсетуге міндетті және жасалған банктік қарыз шартының/келісімдердің шеңберінде комиссиялар 
мен өзге төлемдердің жаңа түрлерін біржақты тәртіпте енгізуге құқылы емес. 
67. Банк банктік қарыз шартының талаптарын, қарыз алушы үшін оларды жақсарту 
жағдайларынан басқаларда, біржақты тәртіпте өзгертуге құқығы жоқ. 
Осы тармақтың мақсаттары үшін банктік қарыз шартының/келісімнің талаптарын жақсарту деп 
келісілер түсініледі: 
- банктік қарыз шартына/келісімге қызмет көрсетумен байланысты қызметтерді көрсеткені 
үшін комиссияларды және басқа төлемдерді азайту жағына өзгерту немесе толық алып тастау; 
тұрақсыздық айыппұлдарын (айыппұл, өсімпұл) азайту жағына өзгерту немесе толық алып 
тастау; 
- банктік қарыз шарты/келісім бойынша сыйақы мөлшерлемелерін азаю жағына өзгерту; 
– банктік қарыз шарты/келісім бойынша төлемдердің мерзімін кейінге қалдыру және (немесе) 
бөліп төлеу. 
Банктік қарыз шартында/келісімде қарыз алушы үшін талаптарды жақсартатын қосымша 
тізімдеме қарастырылуы мүмкін. Банк қарыз алушының талаптарын жақсартатын жағдайларды 
қолданған жағдайда, қарыз алушыға банктік қарыз шартында/келісімде қарастырылған тәртіпте 
банктік қарыз шартының/келісімнің өзгеруі туралы хабарланады. Қарыз алушы хабарлама алған 
күннен бастап он төрт күнтізбелік күннің ішінде банктік қарыз шартында/келісімде қарастырылған 
тәртіпте банк ұсынған жақсартушы жағдайлардан бас тартуға құқылы. Келіскен жағдайда Қарыз 
алушы банктік қарыз шартына/келісімге қосымша келісім жасайды. 
68. Банктің клиентпен жасалған банктік қарыз шарты бойынша Банктер туралы заңға сәйкес 
кез келген басқа валюталық баламаға таңумен клиентке теңгемен берілген төлемдер мен 
міндеттемелерді индекстеуіне тыйым салынады. 
69. Банк қарызды алған күннен бастап 14 күнтізбелік күннің ішінде келесі жағдайлардан 
басқаларда, қарызды мерзімінен бұрын өтеуге тұрақсыздық айыппұлын немесе айыппұл 
санкцияларының басқа түрлерін төлетуге құқығы жоқ:
- 1 (бір) жыл мерзімге берілген қарызды алған күннен бастап 6 (алты) айда; 
- 1 (бір) жылдан жоғары мерзімге берілген қарызды алған күннен бастап 1 (бір) жылда; 
70. Кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес тауарлар, жұмыстар мен қызметтер сатып алуға 
қарыз алған жеке тұлға, егер банктік қарыз шартында басқадай қарастырылмаса, шарт жасаған күннен 
кейін 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде қарызды ұсынған күннен Банк есептеген сыйақыны төлеумен, 
қарызды қайтарғаны үшін тұрақсыздық айыппұлын немесе басқа айыппұл санкциялары түріндегілерді 
төлемей қарызды қайтаруға құқылы. 
71. Банктің беретін қарыздарын қайтару бойынша міндеттемелерді орындау және олар 
бойынша сыйақылар төлеу Азаматтық Кодексте анықталған қарыз алушының немесе үшінші 
тұлғалардың (бұдан әрі - кепілдік берушінің) мүліктерінің (активтерінің) кепілінде 
келесілер қамтамасыз етілуі мүмкін, оның ішінде: 
4
Қарыздар мен салымдар бойынша шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін есептеу 
(шынайы құны) 2012 жылы 26 наурызда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының № 137 қаулысында 
бекітілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет