Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі



Pdf көрінісі
бет199/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   225
Память во имя будущего

«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
293
отбасының арасында шешен ингуш АССР-нің бұрынғыи басшылары болды: Обком секретары 
– 1, Кеңестік халық комитетінің төрағасы-2, халық комитеті-3, республика прокуроры- 1. Ата-
анасы жоқ балалар саны 70 шамасында болды. Төмендегі талаптарды орындауды талап етті.
1. Қарашай, шешен- ингуштардың басшысы болып жұмыс жасаған қызметкерлерді 
пайдалануға.
2. Көп балалы отбасына , Қызыл әскер және қызыл әскер қатарына жүрген тұлғалардың 
әйелдеріне жеңілдік жасауға.
3. Туған жерлеріне қарай тілді тандап, балаларын мектептерге оқытуға, қоныс аударушылар 
арасындағы оғытушыларды жұмыс пен қамту.
4. Арнай қоныс аударушылар үй салуларына және оларды құрлыс жабдықтары мен 
қамтамасыз етуге.
5. Қоныс аударып келушілерге мал, астық дақылдарын және басқа да заттар беруге
6. Қоныс аударушылардан құралған колхоз мүшелерін құруға.
1944 жылы 24- наурызда Солтүстік кавказдан шешен, ингуштардың Отанын сатушылық, 
Ұлы Отан соғысы кезінде неміс фашистері өтіп кетіп қызыл әскеріне тыншы болғандары да 
болды. Соғысқа дейін көптеген шешенде, ингуштар адал еңбек етпей, қарулы күш пайдаланып 
көрші жатқан колхоздарды ұрлық зомбылық жасады. Кенес одағы шешендерді ингуштарды 
өздерінің істеген қылмыстарыын адал еңбек пен кінәсін өту мақсатында Қазқстанда жер 
аударды.
Арнайы қоныс аударушыларға қатаң тәртіп орнатылды.Олар рұқсатсыз,бір күннен артық 
тұрған территорияларынан шығуға рұқсат етілмеді.Комендатураға бес күнде бір рет келіп 
белгіленіп отыруға міндетті болды.Бұл тәртіпті бұзушыларды арнайы тұрып жатқан жерлерден 
қашып кетушілер уақытында милицияға хабарлап,құжаттары тексеріліп отырды. 1942 жылы 
7 ақпанда арнайы қоныс аударушыларды Свердлов, Жамбыл және басқа аудандарда мал 
ұрлануына байланысты құжаттары тексеріліп отырды.Қоймаларды жылдам тұтанып,өрт 
шығарушы заттарды ұстауға тыйым салды. Қордай ауданында 3587 адам эвакуацияланып 
қоныстандырылды. Олардың 1641 еңбекке қабілетті адамдар,колхоздарға жұмысқа 
орналастырғаны – 830 адам, мекемелер мен өндіріске – 261 адам жұмысқа орналастырылды 
[4, 323 б]. Барлық эвакуацияланған адамдар үй-жайлармен жылумен қамтамасыз етілді.Сталин 
атындағы колхозда поляктар орналасты және оларды азық-түлік,жылумен қамтамасыз етілді. 
Мұрағаттағы 282- қордың, 1- тізіміндегі, 548-ісінің, 36- бумасы құжаттарды парақтасаңыз 
көңіліңізге қаяу түсіретін деректер мен дәйектер бар. Ең алдымен осы жылдары ауылдарда 
қылмыс өсіп, зорлық- зомбылық, ұрлық көбейген. Сонымен бірге, Кеңес өкіметінің құрылымына 
қарсы сөздер жиі естілетіні де қатталған.
Қазақстанда ғасырлар бойы түрлі этностардың бірге тұруы айрықша қазақстандық 
менталитетті қалыптастырды. Осы заманғы Қазақстанның бірегейлігі этностық сан 
алуандығында. Бұл қазақстандықтарға басқа халықтармен құнды мәдени жетістіктерді алмасу 
мүмкіндігін беретін біздің бүкіл қоғамның орасан зор байлығы, ортақ жетістігі. 
Бұрынғы кеңестік социалистік жүйе құлағаннан кейін қалыптасқан жаңа жағдайда 
ұлттардың салт-дәстүрінің, тілінің, ұлттық сананың қайта өркендеуіне жағдай туды. 
Қоныстанған халықтардың Отанынан, тілінен, дінінен айырылуы олардың мәдени дамуында 
көп кедергі болды. Бұл жәйт бүгінгі күні айқындалып отыр. Екінші Дүниежүзілік соғыс және 
Ұлы Отан соғысы жылдарында республикаға жер аударылған поляк, кәріс, шешен, ингуш, 
күрд, қарашай, балқар, түрік және басқа халықтар мен этникалық топтардың өкілдері басына 
түскен қиыншылыққа қарамастан, халық шаруашылығының барлық саласында еңбек етіп, 
оның өркендеуіне өз үлестерін қосты. Кеңестік Қазақстан территориясына өткен ғасырдың 
30-жылдары қоныс аударылған ұлттар, Ұлы Отан соғысының қиын-қыстау кезінде қоныс 
аударған әртүрлі ұлттар мен этностар саяси қысымшылыққа қарамастан жергілікті халықпен 
бірлесе отырып, республиканың бүлінген шаруашылығын қалпына келтіруде, тың және 


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
294
тыңайған жерлерді игеруде ерен еңбегімен үлес қосты. Күштеп қоныс аударылған ұлттар мен 
этностар облысымыздың аудандарына бөлініп-бөлініп орналастырылды. 
Туған жерінен, елінен айрылған әртүрлі ұлттар қалай болғанда да келген жеріне, ортаға 
бейімделуге мәжбүр болды. Тек бірнеше жылдардан кейін ғана құқықтық шектеулері алынып, 
өз атамекендеріне оралуға мүмкіндік туды. Осы аралықта олардың этнос ретінде мәдениетіне, 
тіліне, салт – дәстүріне, экономикалық дамуына және ұлттық құрамының жетілулеріне қиянат 
келтіріліп, бірлігіне орасан зор нұқсан келді. Дегенмен, адамзаттың әділет күресі мен жарқын 
өмірге ұмтылысының нәтижесінде, заман ағымының әрі қарай аяқ басуы, олардың еріксіз келген 
орында шегерілмей, атамекендеріне оралуы немесе тұрақтап қалған жерлерінде, олардың осы 
елдің азаматтары ретінде қайта қалыптасуына септігін тигізді. 
Өлкемізге күштеп қоныс аударылған ұлттар мен этностар халық шаруашылығының әр 
саласында ауыр да, өте қиын жұмыстарды атқарып, еңбек етті. Әртүрлі ұлт өкілдері: корей, неміс, 
шешен, ингуш, түрік, қалмақ, қарашай халықтарының көпшілігі т.б., ауыл шаруашылығының 
әртүрлі саласында, өнеркәсіп орындарында, құрылыста, мәдени-ағарту мекемелерінде еңбек 
етіп, алдыңғы қатардан табылды. Олардың арасынан шыққан танымал өнер қайраткерлері, 
ғылымға үлесін қосқан көрнекті ғалымдар, жазушылар, республиканың озат педагогтары, 
мәдениет, қоғам қайраткерлері де аз емес.
Тарихи Отанына қайта алмай, тұрақтап қалған аз ұлт өкілдерінің көпшілігі облысымызда 
өніп-өсіп, өркендеп отыр. Келмеске кеткен тоталитарлық жүйе, жер аударылған халықтардың 
трагедиялық тарихына қиянаты, ойланбай істелген іс – шаралары арқылы жазылмас жара, 
өшпес із қалдырды. Қазір қазақ жерінде 130-дан аса, Жамбыл облысында 87 этнос өкілдері 
өмір сүріп, еңбек етуде. 
Қорыта айтарымыз, сонау жылдарда Отандарынан айырылып, айдауға түскен, еріксіз 
жер аударылғандардың өздерінің де, ұрпақтарының да, бүгінде жолдары ашық, болашақтары 
ел келешегімен бірге екені баршаға мәлім. Жамбыл облысындағы бүгіндері тұрып жатқан 
87 этностардың тарихын мұрағат беттерінен алып, көпшілік оқырмандармен болашақта 
таныстыру, ғылыми ізденіс жұмысымыздың нәтижесін арнайы оқу құралы етіп жарыққа 
шығару жоспарымызда бар. Өйткені аймаққа келген этностар өздерінің өткен тарихын білу 
керек және кейінгі ұрпақтар оларды оқи отырып сабақ алу қажет. Қазақстанға келіп, өсіп-өніп, 
өз Отандарына айналдырғанбарлық этностар, болашағының тек қана бірлікте екенін жақсы 
біледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет