Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі



Pdf көрінісі
бет207/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   225
Память во имя будущего

«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
304
кеңес мәдениетінің жеңісін насихаттауды басты орынға қойды. Ал зиялы қауым партиялық 
номенкулатура үшін ең қауіпті күш деп табылғандықтан, оларға көрсетілген қысым еш 
толастаған жоқ. Тек Сталин өлімінен соң ғана тоталитарлық жүйеде жылымыққа жол ашылды. 
Біріншіден, отызыншы жылдар ойраны тұсында атылып кеткен С.Сейфуллин, Б.Майлин, 
І.Жансүгіров, С.Шәріпов, М.Дәулетбаев сынды қалам қайраткерлерінің есімдері ақталып, әдеби 
мұралары халық игілігіне айналды, екіншіден, отызыншы жылдары және елуінші жылдардың 
басында жер аударылып, абақтыға қамалған М.Қаратаев, Х.Есенжанов, З.Шашкин, С.Талжанов, 
Е.Ысмайылов, Қ.Жұмалиев, Қ.Мұхаметханов сынды жазушы, ғалымдар бостандыққа 
шығарылды.
Мызғымыстай көрінген кеңестік санаға қозғау салуда, тоталитарлық жүйенің негізін 
шайқалтуға 1960-1980 жылдардағы прозашылдардың жаңа легі үлкен үлес қосты. Осы кезеңде 
өрістеген тарихи проза өз заманының күрделі мәселелерін тарихи сана проблемасы арқылы 
қарастыруға жол салды. О.Бөкей, І.Есенберлин, Т.Әлімқұлов, Ә.Әлімжанов, С.Сматаев, 
Ш.Мұртаза, Р.Тоқтаров, С.Мұратбеков, С.Жүнісов, Қ.Жұмаділов, Қ.Ысқақов, А.Нұрманов, 
Ә.Кекілбаев, М.Мағауин, Т.Әбдіков, Ә.Тарази, С.Мұратбеков, Т.Нұрмағамбетов, А.Сүлейменов, 
С.Елубаев т.б жазушылар шығармалары әлеуметтік өмірдің өзекті мәселелеріне, қоғамның 
рухани келбетін шамалауға тарихи пайымдау тұрғысынан келді.
Қандай да болмасын отаршылдық және тоталитарлық жүйе мақсаты өзіне тәуелді 
халықтарды дербес ұлт ретінде жою, рухани құндылықтарынан айыру десек, Ресейлік билеп-
төстеудің ерекшелігі де бар. Сол отаршылдық зардабын тартқан елдердің тұтас руханияты 
тарих талқысына түсті. Әсіресе, қазақ халқы үшін ұлт ретінде жойылып кетудің қауіп-қатері 
ерекше төнді.
Қазақ әдебиетінің өркениетті көзқарас шеңберімен зерделейтін өзекті мәселелері айтарлықтай 
көп. Кеңестік үлгідегі тоталитарлық тәртіптің ұлт санасына салған «жаралары» жеткілікті. 
Одан арылу үшін уақыт ғана емес, уақыт ағынымен бірге ұлтшылдық келбетті қалыптастырып 
үлгеруіміз қажет. Осы мақсатта өткен тарихымыздың өзекті мәселелерін ақылмен пайымдауға 
да күш саламыз. Соның бірі 1920-1930 жылдардағы саяси қуғын-сүргіннің ұлттық рухымызды 
тұншықтырған тұстарын айтуға болады. Ұлт еңсесін түсіріп, тексіздікке жол ашқан кеңестік 
билікті ақылмен зерделеу қазақ әдебиеті тарихының кісілік келбетін дәйектемек.
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін құқық қорғау органдарының 
қолымен жасалды. Осы мақсатта ең алдымен қуғындаудың заңдық негізі әзірленді. Оған 
дәлел ретінде сол жылдары қабылданған заңдарды алға тартамыз. Кеңес мемлекетінің 
заңдары Қазан төңкерісінен бастап-ақ тоталитарлық жүйенің орнығуына жол ашты. Кеңестік 
құқық «биліктен айрылған қанаушы таптарға» қарсы бағытталғандықтан, адамдар шыққан 
әлеуметтік тегі үшін жазаланды. Кеңестік заңдар «кеңестік тәртіпті» нығайтуға, социалистік 
экономиканы құруға, еңбекшілер бостандығы мен демократиялық құқықтарын қамтамасыз 
етуге, бұқараны коммунистік санамен тәрбиелеуге тиіс болды. Сөз жүзінде заңдардың сипаты 
демократиялық бағытта болғанымен, іс жүзінде адамдарды жікке бөліп «таптар арасындағы 
күресті» өмірге әкелді. Бұл адам баласының мәдениетіне, адамзат өркениетіне аса қауіпті еді. 
Кеңестік тоталитарлық тәртіпті жамандау мақсат емес, алайда оның миллиондаған адам өмірін 
құрбандыққа қиған саясаты ұлт санасына ізін салып та кетті. Кеңестік жүйеде өмір сүрген 
халықтардың саяси қуғын-сүргін зобалаңына ұшырамағаны кемде кем.
Қазақ руханияты – қазақ халқымен бірге жасасып келе жатқан тылсым дүниесі, осы 
халықтың этникалық мінезі мен ұлттық санасы, ділі мен діні, өркениеті мен тұрмыс-салты
қайраткерлері мен барша халықты құрайды. Ол сонымен бірге, ұлттық сана деңгейінде бірегей 
қайраткерлермен немесе парасатты тұлғалардың шығармашылығы арқылы қалыптасып, барша 
халықтың игілігіне айналатын ақпарат екені айқын.
ХХ ғасырдың 20 жылдары қазақ халқы саяси, табиғи, әлеуметтік, демографиялық
экономикалық және т.б. ауыртпашылықтарды басынан кешіп жатса да, қазақ руханияты 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет