Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі



Pdf көрінісі
бет209/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   225
Память во имя будущего

«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
306
1940 жылдары ақын Жақан Сыздықов «Әли қарт» деген шағын ғана поэма жазды. Сол үшін 
ол жазаланған, кітабы өртелді. Тоқсаныншы жылдарға жақындағанда Балғабек Қыдырбекұлы 
«Алатау» романын жазды. Соның ішінде бір тарауы ашаршылыққа арналған. Роман Жетісу 
тарихынан сыр шертеді. Содан кейін Адам Мекебаев тоқсаныншы жылдары «Құпия қойма» 
деген шағын роман жазды. Бұл ашаршылық тақырыбында өте талантты жазылған шығарма. 
Мұның бәрін қосқанда осынау ұлттың ұлы қасіретін өз деңгейінде толық қамтыдық деп айта 
алмаймын. Бұл трагедияны толық қамту мүмкін емес. Өйткені, бұл сол кездегі әрбір ауылда, 
отбасында болған, 4 миллион қазақты жалмаған трагедия.
Белгілі жазушы Адам Мекебаев 1932 жылғы қолдан жасалған аштық арқылы қазақ атаулыны 
жер бетінен мүлде жойып жіберіп, олар мекендеген ұлы даланы түрлі бөгде ұлтпен толтыруды 
көксеген кеңес өкіметі кезіндегі империялық саясаттың қаталдығын қат-қабат оқиғаға қатысқан 
алуан пейілді кейіпкер тағдыры арқылы суреттейді. Бұл шығармада аштық көріністері айқын 
байқалады. 
Портреттік штрихтар көптеген адамдардың кескінін бейнелеуге қатысты қолданылады. Олар 
ықшам, шағын ғана. Сол штрихтарды А.Мекебаев өз шығармасында жете көрсеткен. Аштықтан 
есі кеткен адамдар бір үзім нан іздеп темір жолды жағалады, қалаларға ұмтылды. Барнауылдан 
Саратовқа дейінгі аралықтағы бүкіл Түркісіб және басқа темір жолдардың бойы самсаған 
өлік болды. Кеңес үкіметі мыңдаған каннибализм фактілерін мұқият жасырды. Ферғананың 
қалаларында қазақтардың өз балаларын астыққа немесе бір үзім нанға айырбастағандары да 
болды. Бұл көрініс А.Мекебавтың «Құпия қойма» шығармасында кездеседі. «Алайда қазақ 
даласында адамның етін жеу дағдысының елес бергендігі жайындағы деректер барынша 
жасырылып қалынып отырды» [5,99].
Қуғын-сүргіннің пайда болуының түп негізі – ашаршылық. Халықты түбімен қырып, жойып 
жіберуден туындаған саясаттың бастамасы осы ашаршылқ болып табылады. Ашаршылық – 
қазақтың ұлттық қасіреті. Сол жылдар халқымыз жойылып кетудің аз-ақ алдында тұрды. Ұлттық 
қасіретін ұлықтай алмаған ұлт – ұлт емес. Ұлт болуымыздың кепілі – осы ұлттық қасіретті 
ұлықтай білуімізде. Қазан төңкерісінен кейінгі кезеңде қазақ жерінде екі рет үлкен ашаршылық 
болған. Оның біріншісі – азамат соғысы тұсында, екіншісі – 1930 жылдардың басында өтті. 
ХХ ғасырдың басындағы Жүсіпбек Аймауытовтың «Елес» деп аталатын әңгімесін қазақ 
әдебиетіндегі алғашқы сюрреалистік стильмен жазылған шығарма деуге болады. 1937 жылдың 
зобалаңында қазақ әдебиетінің өкілдеріне қандай кінәлар қойылатынын Жүсіпбек алдын 
ала болжайды. Әңгіме өң мен түстің арасында болатын елестерге сенетін халық нанымына 
негізделген.
Ж.Аймауытовтың «Елес» атты әңгімесі М.Бахтиннің әдебиеттану ғылымына енгізген 
миниппея жанрының табиғатын еске салады. Сонау антик жанрда туып, әр кезеңде әдебиетте 
әр қилы көркемдік тәсілдермен дамып, жан-жақты байытылған санадағы ішкі диалог, сана 
айтысы қазақ әдебиетінде алғаш рет осы Ж.Аймауытовтың «Елес» әңгімесі арқылы айрықша 
айшықталады. Ж.Аймауытовтың «Елес» атты әңгімесі мен М.Достоевскийдің «Петербугские 
сновидения в стихах и прозе» атты фельетонының да көркемдік ерекшелігі, жазылу пішіні 
жағынан да осы миниппея жанрының қайта жаңғыртылуының бірден-бір көрінісі деп айтуға 
болады. 
Бұл жерде адам ішіндегі адам, яғни адамның өз Ар-ұяты, Елес болып алдыңғы қатарға 
шығады. Мұндағы түс жүйелі, белгілі бір тақырып жөнінде ой өрбітерлік мазмұнды оқиғаға 
құрылған. Оның өзіндік уақыты мен көркемдік кеңістігі бар. Автор түс көру сәтіндегі снада 
белсенді түрде жүріп жатқан процесті өңдегідей жүйелі түрде бақылауға алады. Түс көрудің 
әдетте, сыртқы және ішкі толқыныстардан туатынын және мида сақталған нақты образдардың 
жаңғыртылуы арқылы жүзеге асатыны белгілі. Сол себепті де өз шығармасына автор Елесті 
енгізіп отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет