Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі



Pdf көрінісі
бет29/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   225
Память во имя будущего

Список литературы:
1. Назарбаев Н.А. В потоке истории. – Алматы: Атамұра, 2003, с. 162-163;
2. См.: Распоряжение Президента России В.В. Путина (от 19.12.2016 года) о подготовке и 
проведению мероприйтий, посвященных 100-летию революции 2017 года в России;
3. См.: Мустафа Чокай-оглы. «Туркестан под властью Советов (к характеристике диктатуры 
пролетариата)». – Алматы, «Айкап», 1993; Керенский А.Ф. Россия на историческом повороте: 
Мемуары. – М., 1993; Троцкий Л.Д. К истории русской революции. – М., 1990. – 447 с.; Бажанов 
Б.Г. Я был секретарем Сталина. – М.: Алгоритм, 2014. – 112 с.;
4. См.: Аяган Б. Красные и черные (материалы Гуверовского архива). Алматы, 2005. – 238 с.


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
43
I СЕКЦИЯ
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІ ТҰРҒЫСЫНДАҒЫ АЛАШ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ
__________________________________________________________________
ЦЕННОСТИ АЛАШ В КОНТЕКСТЕ КАЗАХСКОЙ ГОСУДАРСТВЕННОСТИ 
С.СЕЙФУЛЛИННІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ТҰЖЫРЫМДАРЫ
А.М. Абасилов,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 
қауымдастырылған профессоры, филолог. ғ.к.,
Қызылорда қ., Қазақстан
Алаш ардақтысы Сәкен Сейфуллин өзі өмір сүрген заманда қоғамда болып жатқан күллі 
өзгерістерге, барлық жаңалықтарға жазушы ретінде де, қоғам қайраткері ретінде де белсене 
ат салысып отырған. Тек Сәкен ғана емес, сол тұстағы алаштың аяулы азаматтарының бәрі 
де қазақ қоғамының әртүрлі мәселелеріне өз мүмкіндіктерін, өз өмірлерін арнағаны тарихтан 
белгілі. Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында одаққа кірген көптеген халықтар жаңа қоғамдық 
өзгерістерге тап болды. Патша заманында екі бірдей қанаушылық уысында болған қазақ халқы 
да жаңа заманға аяқ басты. Сол тұста одақ құрамына кірген халықтар туралы лениндік ұлт 
саясаты біршама әділ орындалып, әрбір халық өзінің ұлттық мәдениетін, тілін, тарихын т.б. сол 
қоғамдық деңгейде дамыта бастады. Жалпы ел жаппай сауаттануға көшті.
Мемлекет тарапынан халықтар мәдениетін, тілін дамытуға түрлі қаулы, қарарлар 
қабылданып, оның жергілікті жерлерге орындалуын партиялық ұйымдар қадағалап отырды. 
Солардың ішінде тілге қатысты 1923 жылы жалпыресейлік коммунистер партиясының 12-ші 
жиналысында «Әрбір аймақта қай халық көп болса, сол аймақтың кеңселерінде іс сол жергілікті 
көпшілікті халықтың тілінде жүрсін» деген қарарды айтуға болады[1]. Соның негізінде 1923 
тамыз айындағы Қазақ ССР Орталық Кеңесі комитетінің 3-ші жалпы жиналысында «Қазақстанда 
қазағы көп жерлерде мемлекет істері қазақ тілінде жүрсін, бұл алдымен болыстарда басталсын» 
деген қаулы қабылданды [1]. Бұл қарар, қаулылар сол тұста қазақ тілінің қоғамдық қызметін 
дамытып, қолданылу аясын кеңейтті. Мұның көрінісін мынадай халық санағының мәліметі 
бойынша көрсетуге болады. 
1926 жылы Қазақстанда 3 713 394 қазақ тұрса, оның 3 709 486-сы өз ұлтының тілін ана 
тілім деп есептеген. Бұл қазақтың 99,9 пайызын құрайды. Сол кезде өз ұлтының тілін ана тілім 
деп есептеуі бойынша, қазақтар одақ көлемінде орыстармен дейгейлес келетін ұлт болды. Осы 
санақта 2237 қазақ өзге ұлт тілін ана тілім деп есептеді. Соның ішінде орыс тілін ана тілім 
дегені – 1215 адам (мұның 995-і еркек, 220-сы әйел). Бұл Қазақстан қазағының 0,1 пайызын 
құрайды. Айта кетейік, сол тұста Қазақстанда 12 79 979 орыс тұрса, оның 310-ы қазақ тілін ана 
тілім деп есептеді (мұның 186-сы еркек, 124-і әйел) [2, 67]. 
Сол кезеңде Қазақстандағы осындай істердің басы-қасында Қазақ Республикасының халық 
комиссарлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарып тұрған С.Сейфуллин болды. Сәкен қазақ 
тілінің сол тұстағы жай-күйіне, оның мемлекеттік тіл ретінде кеңес мекемелерінің барлығында 
қолданылуына тікелей басшылық жасап отырды. Осыған орай газет, журнал беттерінде 
тіл туралы, оның қолдану аясы туралы «Кеңселерде істі қазақ тілінде жүргізуге кірісу», 
«Қазақстанның заң комиссариатына теңеліңдер», «Қазақстанның губерниялық һәм уездік 
совет комитеттерінің төрағаларына «Ашық хат», «Біздің бағыт», «Не қылдыңдар», «Оқу-білім 
майданында», «Еңбекші қазақ жастарының есіне», т.б. мақалалары жарық көріп отырды. 
Бұл еңбектерінде оның сол тұстағы жазушылық немесе мемлекеттік қызмет атқаруына 
байланысты туған ой-пікірлері болуы да, тілін, халқын сүйетін азамат ретіндегі жанашырлығы 
болуы да мүмкін. Не дегенмен оның қаламынан туып, әр жылдарда газет, журнал беттерінде 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет