Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі



Pdf көрінісі
бет30/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   225
Память во имя будущего

«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
44
жарық көрген, түрлі жиналыстарда сөйлеген сөздері сол тұстағы қазақ тілінің жай-күйін, 
қоғамдағы даму деңгейі мен қызметін, яғни кеңсе мекемелерінде, оқу орындарында, өнеркәсіп 
шарушылықтарында т.б. өмірдің түрлі салаларындағы қоғамдық аясын, өрісін анықтауға, 
белгілі бір әлеуметтік лингвистикалық зерттеу жұмыстарын тұжырмыдауға негіз бола алады. 
С.Сейфуллин өз заманында тіл мен қоғамның байланыстылығын, яғни осындай әлеуметтік 
лингвистикалық мәселелерді жіті аңғарып, ол туралы өз көзқарастарын жариялап отырған. Сол 
тұстағы ұлт мәселесінің Қазақстанда қалай орындалып жатқанын, орындалу тетіктерін, іске 
аспауына кедергі болып отырған жағдайларға әлеуметтік тұрғыдан талдау жасаған. Мысалы, 
«Ұлт мәселесі һәм Қазақстан құрылысы» деген мақаласында ол былай дейді: «Қазақстанда ұлт 
мәселесінің шешілуі – Қазақ Республикасы аталып, бұрын патша заманында бытырап, бет-
бетімен жандаралға бағынып кеткен қазақ елдері бір жерге жиналып, өзінің кіндік үкіметін 
сайлағаннан бері деп айтуға болады. Бұл – ұлт мәселесінің нық сыртқы пішілуі. Ішкі мағынасынан 
алғанда, ұлт мәселесі Қазақстанда әбден шешіліп қалды деп ешкім де айта алмайды». Онан 
әрі Сәкен бұл мәселенің өз деңгейінде шешілмеуіне негіз себеп болып отырған тіл мәселесі, 
тіл саясаты екендігін айта келіп: «Милиция, инспектор орыс, қазақшадан бір ауыз білмейді, 
жоғарғы исполкомдарға барсаң, тағы тілмашсыз болмайды. Жоғарыдағы кемшіліктерді көріп, 
бірақ ол кемшіліктер негізіне көз салмай, теріс қарай күңкілдеп, қолын сілтеп үміт үзгендер де 
бар» – дейді. 
«Қазақстанның тарихи шарттарын бір күнде қолмен жұлып тастауға болмайды», – дей келе, 
қазақ тілінің жаңа заманға (әсіресе терминдерге) икемделе қоймағанын және қалыптасқан ой-
сананы өзгертудің қиын екендігін айтады. «Патша өкіметінің өштестіру саясаты арқасында һәм 
үкімет өзінен болғандықтан орыс әкімдерінің қазаққа жиіркеніш көзбен қарап, құлы орнына 
иемденіп қалғаны тағы бар. Ғажап емес сол екі халықтан шыққан қайсыбір қызметкерлер 
сипатты тәрбиеге піспегендіктен бұл күнде бір-біріне сенімсіз көзбен қарап, қай уақытта 
қастан емес, тіптен қатеден болған істерді «не орыстығы, не қазақтығы» ұстады дейтін болса, 
орыс қызметкерлерінің көңіліне жақпаған іс – қазақшылық (ұлтшылдық), қазақ қызметкеріне 
жақпаса – орысшылдық (колонизаторлық) болып табылады деп әлеуметтік өмірдің шындығын 
көрсетеді [3,161]. 
С.Сейфуллиннің қазақ тілінің қоғамдағы қызметін арттыру, оның болашақта даму туралы, 
мелекеттік мәртебесі жайында қалдырған әлеуметтік лингвистикалық мұраларының бірі – 
«Қазақстан губерниялық және уездік совет комитеттерінің төрағаларына арнап жазған қазақ 
тілін мекемелерде жүргізу туралы ашық хаты». Мұнда қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде 
қолдану барысына, сол тұстағы қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізу туралы қаулы қарарлардың, 
бұйрықтардың іс жүзінде емес, сөз жүзінде болып отырғандығына талдау жасай отырып: 
«Қазақстанның мекемелерінде қазақ тілін жүргізуге екпіндеп кірісіп жатырмыз. Бірақ, бұл істі 
көңілдегідей қылып, тез бітіріп тастауға болмайды. Қазақ тілін жүргізу керек деп құр бұйрық 
жазып қоюмен іс бітпейді. Бұл істі жүргізу жолында көп бөгет бар», – деп оларды санамалап 
береді. Оның жүргізілу шараларын көрсетеді. Қазақ тілін қоғамның пайдалануына толық енгізу 
үшін халықтың демографиялық санын, жасын, білім деңгейін, қандай қызмет атқаратындығы 
туралы статистикалық анықтамалар керек екендігін айта келіп, осындай қорытындылардан 
кейін қазақ тілінің қоғамдық қызметін арттыруға болады деген әлеуметтік лингвистикалық 
тұжырым жасайды. 
«Енді менің сіздерден сұрайтыным мынау: әр губерниядағы, әр ұядағы қазақша, орысша 
жазу білетіндердің тез есебін алыңыздар. Әрі қарай адам қандай қызметке жарайтынын 
анықтаңыздар және олардың әрқайсысының жасы нешеде, білімі қанша екенін анықтаңыздар. 
Қазақ тілін шындап кеңсеге кіргізу ретінде 3-4 мың қазақша жазуды жақсы білетін, кеңсе 
істерін, әрі орысша білетін адамдар керек. Тез, шындап іздесе, бұлар табылады. Бірақ сонша 
адам табылғанша қазақ тілін кеңсе істеріне кіргізу жұмысын тоқтатып қоймай, үсті-үстіне істей 
беру керек. Бұлардың ішінен ең алдымен жастарды қызметке салу керек. Өйткені Николайдың 


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
45
заманында отаршылыққа бой ұсынып қалғандардың көбі орысша жазуды жақсы білсе де, 
қазақшаны білмейді. Міне, осыған тығыз кірісулеріңізді өтінемін. Қазақ тілін сіздер шамамен 
жоғары қарай жүргізіңіздер. Біз жоғарыдан төмен қарай жүргізейік» [3, 35]. 
Сәкеннің «Оқу-білім майданында» деген мақаласында жаңадан шығып, тілге еніп жатқан 
сөздерді, терминдерді реттеу керек екендігін айта келіп, былай дейді: «Қазір сөз қолдану шатақ 
болып барады. Мәселен, біреу «кіндік» дейді, біреу «орталық» дейді. Біреу «ортақшыл» дейді, 
біреу «Коммунис» дейді, біреу «Халық ағарту комисариаты» дейді. Бұлар қазақтың тұрмысында 
бұрын болмаған нәрселер болған соң, осындай әркім әр жерде әртүрлі атап жүрген сөздер көп. 
Емле де, оқу кітаптары да даулы», – деп сол кездегі білім кеңесіне осы мәселелерді талқылауды 
ұсынады [3, 285]. 
Сәкен еңбектернің ішінде сол тұстағы қазақ тілінің өмір салаларында қолданылу жайын 
анықтайтын көптеген фактілер кездеседі. «Тағы да түрлі мекемелердің істерін көңілдегідей 
жүргізіп кететін қазақ еңбекшілерінен шыққан адам аз болғандықтан, Қазақстан үкіметі керекті 
қызмет қылатын адамдар даярлауға түрлі курстар, түрлі мектептер ашып жатыр. Мәселен: 
1) баспа өнерінің курсы;
2) салық, қазына, ақша істерін жүргізетін адамдарды шығаратын курстар;
3) кооперация ұйымдарының істерін жүргізетін курстар;
4) мұғалімдер даярлайтын институт һәм техникумдар, курстар;
5) адам дәрігерін шығаратын курстар;
6) мал дәрігерін һәм жер білгіштерін шығаратын техникумдар;
7) әскер бастықтарын шығаратын школа;
8) милиция бастықтарын шығаратын курс;
9) сот істерін басқаратын адамдарды шығаратын курс. Бұл оқу ісін, қызметін қыларлық 
адамдар 1923 жылдың басынан бері қарай бастап көтермелеп жүргізіп келеді [3, 163]. 
Дәл осындай мәліметтердің «Еңбекші қазақ жастарының есіне» деген мақаласында 
да келтіреді. Мұнда ол осы оқу орындары мен курстарда оқитын қазақтардың сандық 
көрсеткіштерін береді. «Екі мың Орынборда» деген еңбегінде: «Осы күні Орынборда оқып 
жүрген екі мыңдай қазақ балалары бар. Бұлардың көбі ержеткен балалар һәм бұлардың ішінде 
әйел балалар да бар, – дей келіп – Менің айтып отырғаным қазіргі Орынборда көзге көрніп 
жүрген екі мың жеткіншек, мың жігіт. Келешектегі Қазақстанның, бүгін болмаса, ертең бітіріп 
шығатын қызметкерлері» – деп зор мақтаныш білдіреді [3, 278]. Бұл азаматтардың болашақта 
қазақ тілін көркейтетініне сенім білдіреді. 
С.Сейфуллиннің осындай еңбектері белгілі дәрежеде қазақ тілінің сол тұстағы және қазіргі 
күндегі қоғамдық қызметінің өркендеуіне септігін тигізгені анық. Бұл мұралар – бүгінгі таңда 
қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде күллі өмір салаларын кеңінен қамтуына, әрбір қазақ 
азаматының өз үлесін қосуына үлгі боларлық дүниелер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет